
13
ҚҰРЫЛҒЫ ТҰРҒЫН ПАНАЖАЙЛАРДА ТҰРМЫСТЫҚ
ПАЙДАЛАНУ ҮШІН АРНАЛҒАН, ҚҰРЫЛҒЫНЫ
КОММЕРЦИЯЛЫҚ ПАЙДАЛАНУ ЖӘНЕ ӨНДІРІСТІК
АЙМАҚТАР МЕН ЖҰМЫС ПАНАЖАЙЛАРЫНДА
ПАЙДАЛАНУҒА ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ.
АЛҒАШҚЫ ПАЙДАЛАНУ АЛДЫНДА
Құрылғыны суық (қысқы) шарттарда
тасымалдағаннан немесе сақтағаннан кейін
оны бөлме температурасында 3 сағаттан
кем емес ұстау қажет.
–
Үтікті қораптан шығарып алыңыз, табанында
қорғаныш қабаты (14) болса, онда оны алып
тастаңыз.
–
Құрылғының бүтіндігін тексеріңіз, бүлінген
жерлері болған кезде үтікті пайдаланбаңыз.
–
Қоспай тұрып, электр желісінің кернеуі
құрылғының жұмыс кернеуіне сай келетінін
тексеріп алыңыз.
Ескерту: Алғашқы қосқан кезде үтіктің
қыздырғыш элементі күйеді, сондықтан
аздаған түтіннің және бөтен иістің пайда
болуы қалыпты жағдай болып табылады.
СУДЫ ТАҢДАУ
Резервуарды толтыру үшін суқұбырындағы суды
пайдаланыңыз. Егер суқұбырындағы су кер-
мек болса, онда оны тазартылған сумен 1:1
арақатынасы бойынша араластырыңыз, су өте
кермек болған кезде оны тазартылған сумен 1:2
арақатынасы бойынша араластырыңыз немесе
тек тазартылған суды пайдаланыңыз.
СУҒА АРНАЛҒАН РЕЗЕРВУАРДЫ ТОЛТЫРУ
Суды үтікке құю алдында, оның желіден
ажыратылғанына көз жеткізіңіз.
–
Температура реттегішін (11) «MIN» күйіне,
ал үнемі бу беру реттігішін (3) «
•
» күйіне (бу
жіберу сөндірулі) белгілеңіз.
–
Су құю саңылауының қақпағын (2) ашыңыз.
–
Резервуарға (10) су құйыңыз, одан кейін
қақпақты (2) жабыңыз.
Ескерту:
•
Су құюға арналған резервуарға (10)
хошиістендіргіш сұйықтықтарды, сірке
суын, крахмал ерітіндісін, қақтарды кетіруге
арналған реагенттерді, химиялық заттар-
ды және т.б. құюға тыйым салынады.
•
Суды «MAX» белгісінен (13) жоғары
толтырмаңыз.
•
Егер үтіктеу кезінде суды үстемелеу керек
болса, онда үтікті сөндіріңіз де, желілік шнур
ашасын электр розеткасынан суырыңыз.
ҮТІКТЕУ ТЕМПЕРАТУРАСЫ
–
Әр кезде киімдерді үтіктеу алдында ,
бұйымның үтіктеу температурасы көрсетілген
тілшелерге қараңыз.
–
Егер үтіктеу бойынша нұсқаулары бар тілше
жоқ болса, бірақ сіз материалдың түрін ажы-
рата алсаңыз, онда температураны таңдау
үшін кестені пайдаланыңыз.
Белгілеу Матаның түрі (температура)
•Синтетика, нейлон, акрил,
полиэстер (төменгі температура)
•• Жібек/жүн (орташа температура)
••• Мақта, зығыр (жоғары
температура)
MAX Максималды температура
–
Бұл кесте тек тегіс материалдарға арналған.
Егер материал басқа түрлі болса (гофрир-
ленген, кеді—бұдырлы және т.с.с.), онда оны
төменгі температурада үтіктеген жөн.
–
Алдымен киімдерді үтіктеу температурасы
бойынша сұрыптап алыңыз: синтетиканы
синтетикаға, жүнді жүнге, мақтаны мақтаға
және т.с.с.
–
Үтіктің қызуы, оның сууына қарағанда тез.
Сондықтан алдымен, төменгі температурадағы
киімдерді үтіктеп алған жөн (мысалы,
синтетикалық маталар).
–
Содан кейін анағұрлым жоғары темпера-
тура кезіндегі үтіктеуге көшіңіз (жібек, жүн).
Мақта мен зығыр бұйымдарын соңғы кезекте
үтіктеген жөн.
–
Егер матаның құрамына аралас талшықтар
енсе, онда ең төмен температураны белгілеу
қажет (мысалы, егер бұйым мақта мен эла-
станнан құралса, онда оны эластанға сәйкес
температурада үтіктеу қажет «
•
»).
–
Егер сіз матаның құрамын анықтай алмасаңыз,
онда киімнің киген кезде көзге түсе қоймайтын
жерін тауып алыңыз да, тәжірибелік жолмен
үтіктеу температруасын таңдаңыз (үнемі ең
төменгі температурадан бастаңыз да, қалаған
нәтижеге қол жеткізбейінше оны көбейте
беріңіз.)
–
Вельветті және басқа да тез түгі түсетін мата-
ларды қатаң түрде бір бағытта ғана (түктің
ығына қарай) сәл батыңқырап үтіктеу керек.
–
Синтетикалық және жібек маталарда түгі
түскен дақтардың пайда болуын болдырмас
үшін оларды астары жағынан үтіктеген жөн.
MW-3058.indd 13 12/15/17 12:57 PM