Dexter Power ABP1815SD User manual

1
ADEO Services 135 Rue Sadi Carnot - CS 00001 59790 RONCHIN - France
Made in P.R.C. XX/XXXX
ABP1815SD/ABP1820SD/ABP1825SD/ABP1830SD/
ABP1840SD/ABP1850SD
2,0 Aсағ/2,5 Aсағ/3,0 Aсағ/4,0 Aсағ/5,0
Aсағ литий-ионды батарея блогы
Литий-ионный аккумулятор2 Ач/2,5 Ач/3 Ач/4 Ач/5 Ач
2.0Ah/2.5Ah/3.0Ah/4.0Ah/5.0Ah Li-ion Battery Pack
ПАЙДАЛАНУ ТУРАЛЫ НҰСҚАУЛЫҚ
ПЕРЕВОД ОРИГИНАЛЬНЫХ ИНСТРУКЦИЙ
KZ
EN
RU
ПАЙДАЛАНУШЫ НҰСҚАУЛЫҒЫ
USERS MANUAL 43
РУКОВОДСТВО ПОЛЬЗОВАТЕЛЯ 23
3
EAN CODE :
Batch No. / Партия № :
Позитэк Текнолоджи (Китай) Ко., Лтд. Адрес: 18, Донванг Роад, Сужоу Индастриал Пак, Джангсу, Китай
Копию сертификата соответствия или декларации о соответствии на данный товар можно получить на
информационной стойке любого из магазинов Леруа Мерлен Восток.
Лицо уполномоченное принимать претензии по качеству товара: 000 ЛЕРУА МЕРЛЕН ВОСТОК, 141031,
Московская область, г. Мытищи, Осташковское шоссе, д.1, PОССИЯ
Batch No.
/
Партия №:
POSITEC TECHNOLOGY (ҚЫТАЙ) CO., LTD. NO.18 ДУНФАН ROAD, СУЧЖОУ ӨНЕРКӘСІПТІК КЕШЕНІ
Осы тауардың сәйкестік сертификатының немесе сәйкестік жөніндегі декларацияның көшірмесін кез-келген
Леруа Мерлен Восток дүкендерінің ақпарат үстелшесінен алуға болады.
Тауардың сапасы бойынша қойылатын талаптарға жауапты өкілетті тұлға: «Леруа Мерлен Восток» ЖШС,
141031, Мәскеу обл., Мытищи қ., Осташковское тасжолы, 1, РФ
Қытайда жасалған Сделано в Китае

2
1

3
KZ
Түпнұсқа нұсқаулар
ЭЛЕКТР ҚҰРАЛЫНЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІ БОЙЫНША
ЖАЛПЫ ЕСКЕРТУЛЕР
ЕСКЕРТУ Осы электр құралымен бірге берілген барлық
қауіпсіздік ескертулерін, нұсқауларды, суреттерді және
техникалық сипаттамаларды оқып шығыңыз. Төменде
көрсетілген барлық нұсқауларды орындамау салдарынан электр
тогының соғуы, өрт және/немесе ауыр жарақат орын алуы
мүмкін.
Барлық ескертулер мен нұсқауларды болашақта қарау үшін
сақтап қойыңыз.
Ескертулердегі "электр құралы" термині электр желісінен жұмыс
істейтін (сымды) немесе батареямен жұмыс істейтін (сымсыз)
электр құралын білдіреді.
1) Жұмыс орнының қауіпсіздігі
a) Жұмыс орны таза әрі жарық болуы қажет. Жұмыс орнының
лас немесе қараңғы болуы оқыс оқиғалардың пайда болуына
себеп болады.
b) Электр құралдарын тұтанғыш сұйықтықтар, газдар немесе
шаң сияқты заттар болатын жарылыс қаупі бар орталарда
пайдаланбаңыз. Электр құралдары шаңды немесе түтінді
тұтандыруы мүмкін ұшқындар шығарады.
c) Электр құралын пайдаланған кезде, балалар мен бөгде
адамдар алшақ тұруы қажет. Басқа нәрсеге алаңдау
салдарынан құралды басқара алмай қалуыңыз мүмкін.

4
KZ 2) Электр жүйелерін пайдаланудағы қауіпсіздік техникасы
a) Электр құралының ашалары розеткаға сәйкес келуі
қажет. Ашаны еш уақытта өзгертпеңіз. Ешқандай адаптер
штепсельдерін жерге тұйықталған электр құралдарымен
бірге пайдаланбаңыз. Өзгертілмеген ашалар мен сәйкес
келетін розеткалар электр тогының соғу қаупін азайтады.
b) Құбырлар, радиаторлар, газ плиталары және
тоңазытқыштар сияқты жерге тұйықталған заттарға
денеңізді тигізбеңіз. Денеңіз жерге тұйықталған заттармен
жанасса, электр тогының соғу қаупі артады.
c) Электр құралдарын жаңбырдан немесе ылғалдан сақтаңыз.
Электр құралына су кірсе, электр тогының соғу қаупі артады.
d) Сымды тек орнымен пайдаланыңыз. Электр құралының
сымын оны тасымалдау, тарту немесе қуат көзінен ажырату
үшін пайдаланбаңыз. Сымды жоғары температурадан,
майдан, өткір шеттерден немесе жылжымалы бөлшектерден
алшақ ұстаңыз. Зақымдалған немесе шатасқан сымдар электр
тогының соғу қаупін арттырады.
e) Электр құралын далада пайдаланған кезде, далада
пайдалануға жарамды ұзартқыш сымды пайдаланыңыз.
Далада пайдалануға арналған сымды пайдаланғанда, электр
тогының соғу қаупі азаяды.
f) Ылғал жерде электр құралын пайдалануға тура келсе,
қорғанысты өшіру құрылғысымен (ҚӨҚ) қорғалған
жабдықты пайдаланыңыз. ҚӨҚ құрылғысын пайдаланғанда,
электр тогының соғу қаупі азаяды.

5
KZ
3) Жеке қауіпсіздік
a) Электр құралын пайдаланған кезде абай болыңыз,
іс-әрекетіңізге байыптылықпен қарап, зейін қойыңыз.
Шаршап тұрсаңыз немесе есірткі, ішімдік не дәрі-дәрмек
қабылдаған болсаңыз, электр құралын пайдаланбаңыз.
Электр құралдарын пайдаланған кезде зейін қоймау салдарынан
жеке ауыр жарақат алуыңыз мүмкін.
b) Жеке қорғаныс жабдығын пайдаланыңыз. Қорғаныс
көзілдірігін үнемі тағып жүріңіз. Шаңнан қорғайтын маска,
сырғанамайтын арнайы аяқ-киім, берік каска немесе есту
мүшесін қорғайтын құрал сияқты қорғаныс жабдығын сәйкес
жағдайларда пайдаланғанда жеке жарақат алу қаупі азаяды.
c) Электр құралының абайсызда іске қосылуына жол бермеңіз.
Қуат көзіне және/немесе батареяға қоспас бұрын, құралды
жинамай не тасымалдамай тұрып, ауыстырып-қосқыштың
өшірулі күйде болуына көз жеткізіңіз. Электр құралдарын
ауыстырып-қосқышынан ұстап тасымалдау немесе
ауыстырып-қосқыш қосулы күйде қуаттандыру салдарынан
оқыс оқиғалар орын алуы мүмкін.
d) Электр құралын іске қоспас бұрын, реттегіш кілттер мен
сомынды бұрайтын кілттерді алып тастаңыз. Электр
құралының айналатын бөлігінде бекітулі күйде қалған
реттегіш кілт немесе сомынды бұрайтын кілт дене
жарақатына әкелуі мүмкін.
e) Қатты күш жұмсамаңыз. Үнемі тұрақты қалыпта тұрыңыз
және тепе-теңдік сақтаңыз. Бұл кездейсоқ жағдайларда электр
құралын дұрыс басқаруға мүмкіндік береді.

6
KZ f) Тиісті түрде киініңіз. Кең киім кимеңіз немесе әшекей
тақпаңыз. Шашыңыз бен киіміңізді жылжымалы
бөлшектерден алшақ ұстаңыз. Кең киім, әшекей немесе ұзын
шаш жылжымалы бөлшектерге ілініп қалуы мүмкін.
g) Құралдармен бірге шаң сору және шаң жинау жүйесі
қамтамасыз етілсе, олардың дұрыс жалғанып,
пайдаланылатынына көз жеткізіңіз. Шаңсорғыштарды
пайдалану шаңға қатысты қауіптерді азайтады.
h) Құралды жиі пайдалану нәтижесінде босаңсып, қауіпсіздік
қағидаларын елеусіз қалдырмаңыз. Салғырттық таныту бір
мезетте ауыр жарақатқа әкеп соқтыруы мүмкін.
4) Электр құралын пайдалану және оған күтім көрсету
a) Электр құралына артық жүктеме түсірмеңіз. Жұмысыңыз
үшін дұрыс электр құралын пайдаланыңыз. Дұрыс электр
құралы өзінің арнайы жылдамдығында жұмысты едәуір тиімді
әрі қауіпсіз түрде орындайды.
b) Ауыстырып-қосқышы қосылмайтын және өшпейтін электр
құралын пайдаланбаңыз. Ауыстырып-қосқыш арқылы
басқарылмайтын кез келген электр құралы қауіпті және оны
жөндеу қажет.
c) Кез келген реттеулер жасамас бұрын, керек-жарақтарды
ауыстырмас бұрын немесе электр құралдарын ұзақ уақытқа
сақтамас бұрын, ашаны қуат көзінен ажыратыңыз және/
немесе батареясы бар болса, оны шығарып алыңыз. Мұндай
сақтық шаралары электр құралының кездейсоқ іске қосылу
қаупін азайтады.

7
KZ
d) Пайдаланылмайтын электр құралдарын балалардың қолы
жетпейтін жерде сақтаңыз. Электр құралымен немесе осы
нұсқаулармен таныс емес адамдарға құралды пайдалануға
рұқсат бермеңіз. Электр құралдарын жаттықтырылмаған
пайдаланушылар қолданса, қауіп төнеді.
e) Электр құралдарына және керек-жарақтарға техникалық
қызмет көрсетіңіз. Жылжымалы бөлшектердің қисаюын
немесе кептелуін, бөлшектердің бұзылуын және электр
құралының жұмысына әсер етуі мүмкін басқа барлық
жағдайдың бар-жоғын тексеріңіз. Электр құралы
зақымдалса, оны пайдаланар алдында жөндеңіз. Көптеген
оқыс оқиғалар электр құралдарына тиісті түрде техникалық
қызмет көрсетпеу салдарынан орын алады.
f) Кескіш құралдарды өткір және таза күйде ұстаңыз. Тиісті
түрде техникалық қызмет көрсетілген шеттері өткір кескіш
құралдар бүгіліп қалмайды және оларды басқару оңай болады.
g) Жұмыс жағдайларын және орындау қажет жұмысты
назарға ала отырып, электр құралын, керек-жарақтарды,
құрал ұштықтарын және т. б. осы нұсқауларға сәйкес
пайдаланыңыз. Электр құралын тағайындалған мақсатынан
басқа мақсаттарда пайдалану әсерінен қауіпті жағдай орын
алуы мүмкін.
h) Тұтқалардың және қолмен ұстайтын беттердің құрғақ, таза
болуын қадағалап, май мен шырыштан тазалап тұрыңыз.
Тұтқалар және қолмен ұстайтын беттер тайғақ болса,
күтпеген жағдай орын алғанда, құралды пайдалану және оған
ие болу мүмкін болмайды.

8
KZ 5) Батарея құралын пайдалану және оған күтім көрсету
a) Тек өндіруші ұсынған зарядтағыш құрал арқылы
зарядтаңыз. Батарея блогының белгілі бір түріне арналған
зарядтағыш құралды басқа түрдегі батарея блогымен
пайдалану өрт қаупін тудыруы мүмкін.
b) Электр құралдарын тек арнайы жасалған батарея
блоктарымен пайдаланыңыз. Кез келген басқа батарея
блоктарын пайдалану жарақат немесе өрт қаупін тудыру
мүмкін.
c) Батарея блогын пайдаланбаған кезде, оны бір клеммадан
басқасына қосылуына себеп болуы мүмкін қағаз
қыстырғыштар, тиындар, кілттер, шегелер, бұрандалар
сияқты басқа да ұсақ металл заттардан алшақ ұстаңыз.
Батарея клеммаларының бірге тұйықталуы күйіп қалуға
немесе өрт шығуына себеп болуы мүмкін.
d) Қолайсыз жағдайларда батареядан сұйықтық ағып кетуі
мүмкін, оны денеңізге тигізбеңіз. Егер абайсызда тиіп кетсе,
сумен шайыңыз. Егер сұйықтық көзге тиіп кетсе, қосымша
медициналық көмек алыңыз. Батареядан шыққан сұйықтық
тітіркенуге немесе күйіп қалуға себеп болуы мүмкін.
e) Зақымдалған немесе өзгертілген батарея блогын немесе
құралды пайдаланбаңыз. Зақымдалған немесе өзгертілген
батареялар өрт, жарылыс немесе жарақат алу қаупі бар
күтпеген әрекетке әкелуі мүмкін.
f) Батарея блогын немесе құралды отқа немесе шамадан тыс
температура әсеріне ұшыратпаңыз. Отқа немесе 130°C
шамасынан жоғары температура әсеріне ұшырату жарылыс
туғызуы мүмкін.

9
KZ
g) Барлық зарядтау нұсқауларын орындаңыз және батарея
блогын немесе құралды нұсқауларда көрсетілген
температура ауқымынан тыс зарядтамаңыз. Батареяны
дұрыс емес немесе көрсетілген температура ауқымынан тыс
зарядтау оны зақымдап, өрттің пайда болу қаупін арттыруы
мүмкін.
6) Қызмет көрсету
a) Электр құралына қызмет көрсету жұмысын білікті маман тек
түпнұсқа бөлшектерді пайдаланып жасауы тиіс. Бұл электр
құралы қауіпсіздігінің сақталуын қамтамасыз етеді.
b) Зақымдалған батарея блоктарына ешқашан қызмет
көрсетпеңіз. Батарея блоктарына қызмет көрсетуді тек
өндіруші немесе өкілетті қызмет көрсету жеткізушісі
орындауы тиіс.
БАТАРЕЯ БЛОГЫНЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІ БОЙЫНША
ЕСКЕРТУЛЕР
a) Батарея блогын немесе ұяшықтарды бөлшектеуге, ашуға немесе
бөліктеуге болмайды.
b) Батарея блогын қысқа тұйықтамаңыз. Батарея блоктарын
қорапта немесе жәшікте қалай болса солай сақтамаңыз,
себебі олар бір-бірін қысқа тұйықтауы мүмкін немесе өткізгіш
материалдармен қысқа тұйықталады. Батарея блогын
пайдаланбаған кезде, оны бір клеммадан басқасына қосылуына
себеп болуы мүмкін қағаз қыстырғыштар, тиындар, кілттер,

10
KZ шегелер, бұрандалар сияқты басқа да ұсақ металл заттардан
алшақ ұстаңыз. Батарея клеммаларының бірге тұйықталуы күйіп
қалуға немесе өрт шығуына себеп болуы мүмкін.
c) Батарея блогын жылуға немесе отқа жақындатпаңыз. Күн сәулесі
тікелей түсетін жерде сақтамаңыз.
d) Батарея блогының механикалық соққыға ұшырауын
болдырмаңыз.
e) Батарея ағып кеткен жағдайда, сұйықтықтың теріге немесе
көзге тиюіне жол бермеңіз. Тиіп кеткен жағдайда, зардап шеккен
аймақты көп мөлшердегі сумен жуып, медициналық көмекке
жүгініңіз.
f) Егер ұяшық немесе батарея блогын жұтып қойсаңыз, тез арада
медициналық көмекке жүгініңіз.
g) Батарея блогын таза және құрғақ күйде ұстаңыз.
h) Батарея блогының клеммасы кірленген болса, құрғақ таза
шүберекпен сүртіңіз.
i) Батарея блогын пайдаланудан бұрын зарядтау керек. Әрқашан
осы нұсқаулықты қарап, дұрыс зарядтау процедурасын
пайдаланыңыз.
j) Пайдаланылмаған кезде батарея блогын зарядтауға болмайды.
k) Ұзақ уақыт сақталғаннан кейін максималды түрде өнімді болуы
үшін, батарея блогын бірнеше рет зарядтап, зарядын тауысу
қажет болуы мүмкін.
l) Батарея блогы қалыпты бөлме температурасында (20°C ± 5°C)
жұмыс істесе, жақсы жұмыс өнімділігін береді.
m) Батареяларды қоқысқа тастаған кезде әртүрлі электрохимиялық
жүйелердің батареяларын бір-бірінен бөлек ұстаңыз.

11
KZ
n) Тек өндіруші ұсынған зарядтағыш құрал арқылы зарядтаңыз.
Жабдықпен бірге пайдалануға арнайы берілген зарядтағыш
құралдан басқа зарядтағыш құралды пайдаланбаңыз. Батарея
блогының белгілі бір түріне арналған зарядтағыш құралды басқа
түрдегі батарея блогымен пайдалану өрт қаупін тудыруы мүмкін.
o) Жабдықпен пайдалануға арналмаған кез келген батарея блогын
пайдалануға болмайды.
p) Батареяны балалардың қолы жетпейтін жерде сақтаңыз.
q) Түпнұсқалық өнімнің әдебиетін болашақта анықтама ретінде
пайдалану үшін сақтап қойыңыз.
r) Пайдаланылмаған кезде батареяны жабдықтан алып қойыңыз.
s) Тиісті түрде қоқысқа тастаңыз.
t) Құрылғы ішінде өндірісі, сыйымдылығы, өлшемі немесе түрі
әртүрлі ұяшықтарды араластырмаңыз.
u) Пайдалану қажет болғанға дейін батарея блогын түпнұсқа
қаптамасынан шығармаңыз.
v) Батареядағы плюс (+) және минус (-) белгілерін байқап, дұрыс
пайдаланылуын қамтамасыз етіңіз.

12
KZ
Литий-ионды батарея Бұл өнім барлық батарея
блоктары мен батарея блогына қатысты "бөлек
жинау" белгісімен белгіленген. Оны қоршаған ортаға
кері әсерін тигізбеу үшін қайта өңдейді немесе
бөлшектейді. Батарея блоктарының құрамында
қауіпті заттар болатындықтан, олар қоршаған орта
мен адам денсаулығына қауіп төндіруі мүмкін.
Отқа жақпаңыз
Батареялар тиісті түрде кәдеге жаратылмаған жағдайда
су айналымына енуі мүмкін, бұл экожүйе үшін қауіпті.
Пайдаланылған батареяларды сұрыпталмаған тұрмыстық
қалдықтар ретінде кәдеге жаратпаңыз.
Ьұл өнім қайта өңдеуге келеді. Оны әрі қолдануға
болмайтын жағдайда, оны қайта өңдейтін орталыққа
тапсыруыңызды өтінеміз
БЕЛГІ

13
KZ
ҚҰРАМДАСТАР ТІЗІМІ
1. Батареяны босату түймесі
ТЕХНИКАЛЫҚ ДЕРЕКТЕР
Түрі ABP1815SD/ABP1820SD/ABP1825SD/ABP1830SD/
ABP1840SD/ABP1850SD (Литий-ионды батареяның ABP белгісі,
литий-ионды батарея түрі)
Номиналды кернеу 18 В
Зарядтағыш
құрал үлгісі ACG1815D
Зарядтағыш
құрал кірісі 100-240 В~50/60 Гц, 42 Вт
Зарядтағыш
құрал шығысы 10,8-20 В 1,5 A
Оңтайлы
зарядтау
температурасы 0-40ºC (32-104ºF)
Батарея
блогының үлгісі ABP1815SD ABP1820SD ABP1825SD ABP1830SD ABP1840SD ABP1850SD
Батарея
ұяшықтарының
саны
5 5 5 10 10 10
Батареяның
номиналды
қуаты
1,5 Aсағ
литий-
ионды
2,0 Aсағ
литий-
ионды
2,5 Aсағ
литий-
ионды
3,0 Aсағ
литий-
ионды
4,0 Aсағ
литий-
ионды
5,0 Aсағ
литий-
ионды
Зарядтау уақыты 60 мин 80 мин 100 мин 2 сағ 160 мин 200 мин
Батарея салмағы 0,356 кг 0,36 кг 0,36 кг 0,64 кг 0,64 кг 0,64 кг

14
KZ
Номиналды кернеу 18 В
Зарядтағыш
құрал үлгісі ACG1830D
Зарядтағыш
құрал кірісі 100-240 В~50/60 Гц, 78 Вт
Зарядтағыш
құрал шығысы 14,4-20 В 3 A
Оңтайлы
зарядтау
температурасы 0-40ºC (32-104ºF)
Батарея
блогының
үлгісі
ABP1815SD ABP1820SD ABP1825SD ABP1830SD ABP1840SD ABP1850SD
Батарея
ұяшықтарының
саны
5 5 5 10 10 10
Батареяның
номиналды
қуаты
1,5 Aсағ
литий-
ионды
2,0 Aсағ
литий-
ионды
2,5 Aсағ
литий-
ионды
3,0 Aсағ
литий-
ионды
4,0 Aсағ
литий-
ионды
5,0 Aсағ
литий-
ионды
Зарядтау
уақыты 30 мин 60 мин 75 мин 90 мин 120 мин 150 мин
Батарея
салмағы 0,356 кг 0,36 кг 0,36 кг 0,64 кг 0,64 кг 0,64 кг

15
KZ
ЕСКЕРТУ! Батарея блогын қаптамасынан шығарып алып,
мұқият тексеріңіз. Барлық бөлшектері тексерілмегенше,
картонды немесе басқа қаптама материалын тастамаңыз.
ЕСКЕРТУ! Егер батарея блогының қандай да бір бөлшегі
жетіспесе немесе зақымдалған болса, батарея блогын
бөлшекті жөндемегенше немесе алмастырмағанша құралға
бекітпеңіз. Бұл ескертуді елемеу ауыр жарақатқа әкелуі мүмкін.
Номиналды кернеу 18 В
Зарядтағыш
құрал үлгісі ACG1860D
Зарядтағыш
құрал кірісі 100-240 В~50/60 Гц, 160 Вт
Зарядтағыш
құрал шығысы 14,4-20 В 6 A
Оңтайлы
зарядтау
температурасы 0-40ºC (32-104ºF)
Батарея
блогының үлгісі ABP1815SD ABP1820SD ABP1825SD ABP1830SD ABP1840SD ABP1850SD
Батарея
ұяшықтарының
саны
5 5 5 10 10 10
Батареяның
номиналды
қуаты
1,5 Aсағ
литий-
ионды
2,0 Aсағ
литий-
ионды
2,5 Aсағ
литий-
ионды
3,0 Aсағ
литий-
ионды
4,0 Aсағ
литий-
ионды
5,0 Aсағ
литий-
ионды
Зарядтау уақыты 20 мин 25 мин 32 мин 38 мин 45 мин 70 мин
Батарея салмағы 0,356 кг 0,36 кг 0,36 кг 0,64 кг 0,64 кг 0,64 кг

16
KZ ПАЙДАЛАНУ
ЕСКЕРТПЕ: Батарея блогын пайдаланар алдында
нұсқаулықты мұқият оқып шығыңыз.
Бұл өнімді пайдаланбас бұрын, оның барлық пайдалану
ерекшеліктерімен және қауіпсіздік талаптарымен танысыңыз.
Оңтайлы өнімділік пен қауіпсіз жұмыс үшін, пайдалану алдында
пайдалану нұсқауларын мұқият оқып шығыңыз.
ЕСКЕРТУ! Батареяны жақсы білу сақтықты ескермеу
салдарына әкелуіне жол бермеңіз. Салғырттық таныту бір
мезетте ауыр жарақатқа әкеп соқтыруы мүмкін.
Суық ауа райында пайдалану
Осы литий-ионды батарея блогы оңтайлы өнімділікті
0ºC (32ºF) және 40ºC(104ºF) температуралары аралығында
қамтамасыз етеді. Батарея блогы өте суық болған кезде, ол өзін
жылыту үшін пайдаланудың алғашқы минутында "соғып тұруы"
мүмкін. Батарея блогын құралға салып, құралды жәй пайдаланыңыз.
Шамамен бір минуттан кейін батарея блогы жылынып, қалыпты
түрде жұмыс істейді.
Батарея блогын қашан зарядтау керек
Литий-ионды батарея блогын кез-келген уақытта зарядтауға болады
және жартылай зарядталғаннан кейін “жады” жасамайды. Қайта
зарядтамас бұрын батарея блогының қуатын азайтудың қажеті жоқ.

17
KZ
Сізге және жұмысыңызға ыңғайлы болған кезде батарея блогын
құралдан шығарып алыңыз.
• Үлкен жұмысты бастамас бұрын немесе ұзақ пайдалану алдында
батарея блогының қуатын толықтай зарядтауға болады.
• Литий-ионның үздіксіз қасиеттеріне байланысты, литий-ионды
батарея блогын оның қуаты толықтай таусылған кезде ғана зарядтау
қажет. Қуаттың аяқталуы туралы сигнал беру үшін құралдың қуаты
тез төмендей бастайды. Қажет болса,
батарея блогын зарядтаңыз.
Батарея блогын қалай зарядтау керек
(ACG1815D/ACG1830D A-суретін қараңыз
ACG1860D B-суретін қараңыз)
ЕСКЕРТПЕ: Бұл литий-ионды батарея
блогы ішінара зарядталған күйде жеткізіледі.
Бірінші рет пайдаланар алдында батарея
блогын толығымен зарядтаңыз.
Литий-ионды батарея блогын тек тиісті
зарядтағыш құралмен зарядтаңыз.
Зарядтағыш құралды қуат көзіне қосыңыз.
Батарея блогының көтерілген қырларын
зарядтағыш құрал ұясымен туралаңыз.
Батарея блогын зарядтағыш құралға
салыңыз.
Зарядтағыш құрал батарея блогының күйін
бағалау үшін батарея блогымен
байланысады.
A
B

18
KZ ЗАРЯДТАУ ИНДИКАТОРЫ
ACG1815D/ACG1830D
Шам ҚОСУ/ӨШІРУ түймесі
жыпылықтайды Күйі
Қызыл жанады ________ Зарядталуда
Қызыл
жыпылықтайды _ _ _ _ Ақаулы батарея
Жасыл жанады ________ Толық зарядталған
Жасыл
жыпылықтайды _ _ _ _ Қызу/салқындату
кезіндегі кідіріс
ACG1860D
Шам ҚОСУ/ӨШІРУ түймесі
жыпылықтайды Күйі
Қызыл жанады ________ Ақаулы батарея
Қызыл
жыпылықтайды _ _ _ _ Қызу/салқындату
кезіндегі кідіріс
Жасыл жанады ________ Толық зарядталған
Жасыл
жыпылықтайды _ _ _ _ Зарядталуда

19
KZ
ТЕХНИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ
Сіздің батарея блогыңыз ешқандай қосымша техникалық қызмет
көрсетуді қажет етпейді.
Бұл батарея блогында пайдаланушы қызмет көрсете алатын
бөлшектер жоқ. Батарея блогын тазалау үшін суды немесе
химиялық тазартқыш құралдарын ешқашан пайдаланбаңыз. Құрғақ
шүберекпен тазалап сүртіңіз. Батарея блогын әрдайым құрғақ жерде
сақтаңыз. Барлық бөлшектерді шаңнан таза ұстаңыз.
АҚАУЛЫҚТАРДЫ ЖОЮ
МӘСЕЛЕ ЫҚТИМАЛ
СЕБЕПТЕРІ ШЕШІМДЕРІ
Батарея блогы
жұмыс істемейді Оның қуаты
таусылды Батарея блогын
зарядтағыш
құралға қосыңыз
ҚУАТЫ ТАУСЫЛҒАН БАТАРЕЯ БЛОГЫН КӘДЕГЕ
ЖАРАТУ
Табиғи ресурстарды сақтау үшін батарея блогын қайта
өңдеуге жіберіңіз немесе тиісті түрде кәдеге жаратыңыз. Осы
батарея блогында литий-ионды батареялар бар. Қайта өңдеу

20
KZ және/немесе кәдеге жаратудың қолжетімді опциялары туралы
ақпарат алу үшін жергілікті қалдықтарды қайта өңдеу мекемесіне
хабарласыңыз. Кәдеге жарату алдында құралды қолданып батарея
блогының зарядын тауысыңыз, одан кейін батареяны құрал
корпусынан шығарып, қысқа тұйықталу мен зарядтың бітуіне жол
бермеу үшін мықты жабысқақ таспамен ораңыз. Құрамдастардың
ешқайсысын ашуға немесе алуға тырыспаңыз.
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ
Электрлік өнімдердің қалдықтарын тұрмыстық қоқысқа тастауға
болмайды. Еуропалық батареяларға қатысты директиваға сәйкес,
ақауы бар немесе пайдаланылған батарея блоктарын/батареяларды
бөлек жинап, қоршаған ортаға зиян келтірмейтін жолмен қоқысқа
тастау қажет. Кәдеге жаратуға арналған арнайы мекемелер болса,
құралды кәдеге жаратыңыз. Кәдеге жарату бойынша кеңес алу үшін
жергілікті өкілетті органдарға немесе сауда орнына хабарласыңыз.
Оны қоршаған ортаға кері әсерін тигізбеу үшін қайта өңдейді немесе
бөлшектейді. Батарея блогының/батареялардың құрамында қауіпті
заттар болатындықтан, олар қоршаған орта мен адам денсаулығына
қауіп төндіруі мүмкін.
Other manuals for ABP1815SD
1
This manual suits for next models
5
Table of contents
Languages: