Dexter Power CDH18LD User manual

1
CDH18LD
Аккумуляторлық перфоратор
SDS+, 18 В
Cordless SDS+ hammer 18V 2.0Ah
ПАЙДАЛАНУ ТУРАЛЫ НҰСҚАУЛЫҚ
ПЕРЕВОД ОРИГИНАЛЬНЫХ ИНСТРУКЦИЙ
RU
KZ
EN
РУКОВОДСТВО ПОЛЬЗОВАТЕЛЯ 20
ПАЙДАЛАНУШЫ НҰСҚАУЛЫҒЫ 4
USERS MANUAL 37
EAN CODE : 3 276005 144026
ADEO Services 135 Rue Sadi Carnot - CS 00001 59790 RONCHIN - France
Made in P.R.C. XX/XXXX
Batch No. / Партия № :
Позитэк Текнолоджи (Китай) Ко., Лтд. Адрес: 18, Донванг Роад, Сужоу Индастриал Пак, Джангсу, Китай
Копию сертификата соответствия или декларации о соответствии на данный товар можно получить на информационной
стойке любого из магазинов Леруа Мерлен Восток.
Лицо уполномоченное принимать претензии по качеству товара: 000 ЛЕРУА МЕРЛЕН ВОСТОК, 141031, Московская
область, г. Мытищи, Осташковское шоссе, д.1, PОССИЯ
Batch No./ Партия №:
POSITEC TECHNOLOGY (ҚЫТАЙ) CO., LTD. NO.18 ДУНФАН ROAD, СУЧЖОУ ӨНЕРКӘСІПТІК КЕШЕНІ
Осы тауардың сәйкестік сертификатының немесе сәйкестік жөніндегі декларацияның көшірмесін кез-келген Леруа Мерлен
Восток дүкендерінің ақпарат үстелшесінен алуға болады.
Тауардың сапасы бойынша қойылатын талаптарға жауапты өкілетті тұлға: «Леруа Мерлен Восток» ЖШС, 141031, Мәскеу
обл., Мытищи қ., Осташковское тасжолы, 1, РФ
Қытайда жасалған Сделано в Китае

2
123
4
6
7
85

3
A1 A2 A3
B1 B2 C
D
a

4
KZ
GENERAL POWER TOOL SAFETY WARNINGS
ЕСКЕРТУ! Қауіпсіздік ережелері мен нұсқаулықтарын толық оқып шығыңыз. Бұл
есткертулер мен нұсқаулықтарды сақтамау электр тоғымен зақымдануға,
өртке жəне (немесе) ауыр зардаптарға əкелуі мүмкін.
Болашақта да пайдалану үшін нұсқаулықты сенімді жерде сақтаңыз. «Электрқұралы»
деген термин электрлік тоқ көзінен (кабель арқылы) қуат алатын немесе аккумулятордан
(кабельсіз) қуат алатын электрлік құрылғы деген мағынаны білдіреді.
1) Жұмыс орнының қауіпсіздігі
a) Жұмыс орны таза әрі жарық болуы қажет. Жұмыс орнының лас немесе қараңғы болуы
оқыс оқиғалардың пайда болуына себеп болады.
b) Электр құралдарын тұтанғыш сұйықтықтар, газдар немесе шаң сияқты заттар
болатын жарылыс қаупі бар орталарда пайдаланбаңыз. Электр құралдары шаңды
немесе түтінді тұтандыруы мүмкін ұшқындар шығарады.
c) Электр құралын пайдаланған кезде, балалар мен бөгде адамдар алшақ тұруы қажет.
Басқа нəрсеге алаңдау салдарынан құралды басқара алмай қалуыңыз мүмкін.
2) Электр жүйелерін пайдаланудағы қауіпсіздік техникасы
a) Электр құралының ашалары розеткаға сәйкес келуі қажет. Ашаны еш уақытта
өзгертпеңіз. Ешқандай адаптер штепсельдерін жерге тұйықталған электр
құралдарымен бірге пайдаланбаңыз. Өзгертілмеген ашалар мен сəйкес келетін
розеткалар электр тогының соғу қаупін азайтады.
b) Құбырлар, радиаторлар, газ плиталары және тоңазытқыштар сияқты жерге
тұйықталған заттарға денеңізді тигізбеңіз. Денеңіз жерге тұйықталған заттармен
жанасса, электр тогының соғу қаупі артады.
c) Электр құралдарын жаңбырдан және ылғалдан сақтаңыз. Электр құралына су кірсе,
электр тогының соғу қаупі артады.
d) Сымды тек орнымен пайдаланыңыз. Электр құралының сымын оны тасымалдау,
тарту немесе қуат көзінен ажырату үшін пайдаланбаңыз. Сымды жоғары
температурадан, майдан, өткір шеттерден немесе жылжымалы бөлшектерден
алшақ ұстаңыз. Зақымдалған немесе шатасқан сымдар электр тогының соғу қаупін
арттырады.
e) Электр құралын далада пайдаланған кезде, далада пайдалануға жарамды ұзартқыш
сымды пайдаланыңыз. Далада пайдалануға арналған сымды пайдаланғанда, электр
тогының соғу қаупі азаяды.
f) Ылғал жерде электр құралын пайдалануға тура келсе, қорғанысты өшіру
құрылғысымен (ҚӨҚ) қорғалған жабдықты пайдаланыңыз. ҚӨҚ құрылғысын
пайдаланғанда, электр тогының соғу қаупі азаяды.
3) Жеке қауіпсіздік
a) Электр құралын пайдаланған кезде абай болыңыз, іс-әрекетіңізге байыптылықпен
қарап, зейін қойыңыз. Шаршап тұрсаңыз немесе есірткі, ішімдік не дәрі-дәрмек
қабылдаған болсаңыз, электр құралын пайдаланбаңыз. Электр құралдарын
пайдаланған кезде зейін қоймау салдарынан жеке ауыр жарақат алуыңыз мүмкін.
b) Жеке қорғаныс жабдығын пайдаланыңыз. Қорғаныс көзілдірігін үнемі тағып
жүріңіз. Шаңнан қорғайтын маска, сырғанамайтын арнайы аяқ-киім, берік каска
немесе есту мүшесін қорғайтын құрал сияқты қорғаныс жабдығын сəйкес жағдайларда
пайдаланғанда жеке жарақат алу қаупі азаяды.
c) Электр құралының абайсызда іске қосылуына жол бермеңіз. Қуат көзіне және/
немесе батареяға қоспас бұрын, құралды жинамай не тасымалдамай тұрып,
Түпнұсқа нұсқаулар

5
KZ
ауыстырып-қосқыштың өшірулі күйде болуына көз жеткізіңіз. Электр құралдарын
ауыстырып-қосқышынан ұстап тасымалдау немесе ауыстырып-қосқыш қосулы күйде
қуаттандыру салдарынан оқыс оқиғалар орын алуы мүмкін.
d) Электр құралын іске қоспас бұрын, реттегіш кілттер мен сомынды бұрайтын
кілттерді алып тастаңыз. Электр құралының айналатын бөлігінде бекітулі күйде
қалған реттегіш кілт немесе сомынды бұрайтын кілт дене жарақатына əкелуі мүмкін.
e) Қатты күш жұмсамаңыз. Үнемі тұрақты қалыпта тұрыңыз және тепе-теңдік сақтаңыз.
Бұл кездейсоқ жағдайларда электр құралын дұрыс басқаруға мүмкіндік береді.
f) Тиісті түрде киініңіз. Кең киім кимеңіз немесе әшекей тақпаңыз. Шашыңыз бен
киіміңізді жылжымалы бөлшектерден алшақ ұстаңыз. Кең киім, əшекей немесе ұзын
шаш жылжымалы бөлшектерге ілініп қалуы мүмкін.
g) Құралдармен бірге шаң сору және шаң жинау жүйесі қамтамасыз етілсе, олардың
дұрыс жалғанып, пайдаланылатынына көз жеткізіңіз. Шаңсорғыштарды пайдалану
шаңға қатысты қауіптерді азайтады.
4) Электр құралын пайдалану және оған күтім көрсету
a) Электр құралына артық жүктеме түсірмеңіз. Жұмысыңыз үшін дұрыс электр
құралын пайдаланыңыз. Дұрыс электр құралы өзінің арнайы жылдамдығында
жұмысты едəуір тиімді əрі қауіпсіз түрде орындайды.
b) Ауыстырып-қосқышы қосылмайтын және өшпейтін электр құралын пайдаланбаңыз.
Ауыстырып-қосқыш арқылы басқарылмайтын кез келген электр құралы қауіпті жəне
оны жөндеу қажет.
c) Кез келген реттеулер жасамас бұрын, керек-жарақтарды ауыстырмас бұрын немесе
электр құралдарын ұзақ уақытқа сақтамас бұрын, ашаны қуат көзінен ажыратыңыз
және/немесе батареясы бар болса, оны шығарып алыңыз. Мұндай сақтық шаралары
электр құралының кездейсоқ іске қосылу қаупін азайтады.
d) Пайдаланылмайтын электр құралдарын балалардың қолы жетпейтін жерде
сақтаңыз. Электр құралымен немесе осы нұсқаулармен таныс емес адамдарға
құралды пайдалануға рұқсат бермеңіз. Электр құралдарын жаттықтырылмаған
пайдаланушылар қолданса, қауіп төнеді.
e) Электр құралдарына және керек-жарақтарға техникалық қызмет көрсетіңіз.
Жылжымалы бөлшектердің қисаюын немесе кептелуін, бөлшектердің бұзылуын
және электр құралының жұмысына әсер етуі мүмкін басқа барлық жағдайдың бар-
жоғын тексеріңіз. Электр құралы зақымдалса, оны пайдаланар алдында жөндеңіз.
Көптеген оқыс оқиғалар электр құралдарына тиісті түрде техникалық қызмет
көрсетпеу салдарынан орын алады.
f) Кескіш құралдарды өткір және таза күйде ұстаңыз. Тиісті түрде техникалық қызмет
көрсетілген шеттері өткір кескіш құралдар бүгіліп қалмайды жəне оларды басқару оңай
болады.
g) Жұмыс жағдайларын және орындау қажет жұмысты назарға ала отырып, электр
құралын, керек-жарақтарды, құрал ұштықтарын және т. б. осы нұсқауларға сәйкес
пайдаланыңыз. Электр құралын тағайындалған мақсатынан басқа мақсаттарда
пайдалану əсерінен қауіпті жағдай орын алуы мүмкін.
5) Батарея құралын пайдалану және оған күтім көрсету
a) Тек өндіруші ұсынған зарядтағыш құрал арқылы зарядтаңыз. Батарея блогының
белгілі бір түріне арналған зарядтағыш құралды басқа түрдегі батарея блогымен
пайдалану өрт қаупін тудыруы мүмкін.
b) Электр құралдарын тек арнайы жасалған батарея блоктарымен пайдаланыңыз. Кез
келген басқа батарея блоктарын пайдалану жарақат немесе өрт қаупін тудыру мүмкін.
c) Батарея блогын пайдаланбаған кезде, оны бір клеммадан басқасына қосылуына
себеп болуы мүмкін қағаз қыстырғыштар, тиындар, кілттер, шегелер, бұрандалар

6
KZ
сияқты басқа да ұсақ металл заттардан алшақ ұстаңыз. Батарея клеммаларының
бірге тұйықталуы күйіп қалуға немесе өрт шығуына себеп болуы мүмкін.
d) Қолайсыз жағдайларда батареядан сұйықтық ағып кетуі мүмкін, оны денеңізге
тигізбеңіз. Егер абайсызда тиіп кетсе, сумен шайыңыз. Егер сұйықтық көзге
тиіп кетсе, қосымша медициналық көмек алыңыз. Батареядан шыққан сұйықтық
тітіркенуге немесе күйіп қалуға себеп болуы мүмкін.
6) Жөндеу
Электрқұралын білікті мамандар өндірушінің ұсынған артық бөлшектерімен ғана
жөндеу керек. Бұл электрқұрылғысымен жұмыс жасау қауіпсіздігін тудырады.
ПЕРФОРАТОРМЕН ЖҰМЫС ІСТЕУ КЕЗІНДЕГІ
ҚАУІПСІЗДІК
ТЕХНИКАСЫ БОЙЫНША ЕСКЕРТУЛЕР
1. Үнемі респиратор тағыңыз.
2. Жаңбыр мен су әсерінен сақтаңыз
3. Қуаттағыш құрылғы тек ғимарат ішінде қолдануға арналған.
4. Аккумуляторды 40° тан жоғары температурада сақтамаңыз.
5. Аккумуляторды 0° тан 40°-қа дейінгі температурада қуаттаңыз. Қуаттау үшін ең тиімді
температура 18° тан 24°қа дейін.
6. Тек қоса берілген қуаттағыш құрылғымен аккумуляторды қолданыңыз.
7. Аккумулятор түйіндерінің қысқа тұйықталуынан (шеге, Үнемі респиратор тағыңыз.
8. Аккумуляторды қыздырмаңыз және жақпаңыз, әйтпесе ол жарылып кетуі мүмкін.
9. Бүлінген батареялық блокты қуаттамаңыз.
10. Қуаттаушы құрылғының барлық бүлінген қуаттау кабелдерін білікті маман жүзеге асыруы
тиіс
11. Үнемі респиратор тағыңыз.
12. 16 жасқа толмаған тұлғаларға құрылғыны пайдалануға рұқсат бермеңіз.
13. Құрылғы мен қосалқыларды балалардың қолы жетпейтін жерде сақтаңыз.
14. Қуаттандырғыш құрылғыны реттеу, жөндеу және қызмет көрсету лдаында желіден
шығарыңыз.
15. Қуаттау желісінің кернеуі құрылғының зауыттық кестесінде көрсетілген кереуге сәйкес
келетінін тексеріңіз.
16. Қабырға мен төбені үнемі жасырылған кабельдер мен құбырлардың барлығына үнемі
тексеріңіз.
17. Ұзақ жұмыс істеу кезінде құрылғы мен қосалқылардың сыртқы металл бөлшектері қатты
қызып кетуі мүмкін.
18. Құрылғымен жұмыс істеу кезінде көзді қорғайтын құралдар тағыңыз
БАТАРЕЯ БЛОГЫНЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІ БОЙЫНША
ЕСКЕРТУЛЕР
a) Батарея блогын немесе ұяшықтарды бөлшектеуге, ашуға немесе бөліктеуге болмайды.
b) Батарея блогын қысқа тұйықтамаңыз. Батарея блоктарын қорапта немесе жәшікте қалай
болса солай сақтамаңыз, себебі олар бір-бірін қысқа тұйықтауы мүмкін немесе өткізгіш
материалдармен қысқа тұйықталады. Батарея блогын пайдаланбаған кезде, оны бір
клеммадан басқасына қосылуына себеп болуы мүмкін қағаз қыстырғыштар, тиындар,
кілттер, шегелер, бұрандалар сияқты басқа да ұсақ металл заттардан алшақ ұстаңыз.

7
KZ
Батарея клеммаларының бірге тұйықталуы күйіп қалуға немесе өрт шығуына себеп болуы
мүмкін.
c) Батарея блогын жылуға немесе отқа жақындатпаңыз. Күн сәулесі тікелей түсетін жерде
сақтамаңыз.
d) Батарея блогының механикалық соққыға ұшырауын болдырмаңыз.
e) Батарея ағып кеткен жағдайда, сұйықтықтың теріге немесе көзге тиюіне жол бермеңіз.
Тиіп кеткен жағдайда, зардап шеккен аймақты көп мөлшердегі сумен жуып, медициналық
көмекке жүгініңіз.
f) Егер ұяшық немесе батарея блогын жұтып қойсаңыз, тез арада медициналық көмекке
жүгініңіз.
g) Батарея блогын таза және құрғақ күйде ұстаңыз.
h) Батарея блогының клеммасы кірленген болса, құрғақ таза шүберекпен сүртіңіз.
i) Батарея блогын пайдаланудан бұрын зарядтау керек. Әрқашан осы нұсқаулықты қарап,
дұрыс зарядтау процедурасын пайдаланыңыз.
j) Пайдаланылмаған кезде батарея блогын зарядтауға болмайды.
k) Ұзақ уақыт сақталғаннан кейін максималды түрде өнімді болуы үшін, батарея блогын
бірнеше рет зарядтап, зарядын тауысу қажет болуы мүмкін.
l) Батарея блогы қалыпты бөлме температурасында (20°C ± 5°C) жұмыс істесе, жақсы
жұмыс өнімділігін береді.
m) Батарея блоктарын қоқысқа тастаған кезде әртүрлі электрохимиялық жүйелердің батарея
блоктарын бір-бірінен бөлек ұстаңыз.
n) Тек өндіруші ұсынған зарядтағыш құрал арқылы зарядтаңыз. Жабдықпен бірге
пайдалануға арнайы берілген зарядтағыш құралдан басқа зарядтағыш құралды
пайдаланбаңыз. Батарея блогының белгілі бір түріне арналған зарядтағыш құралды басқа
түрдегі батарея блогымен пайдалану өрт қаупін тудыруы мүмкін.
o) Жабдықпен пайдалануға арналмаған кез келген батарея блогын пайдалануға болмайды.
p) Батарея блогын балалардың қолы жетпейтін жерде сақтаңыз.
q) Түпнұсқалық өнімнің әдебиетін болашақта анықтама ретінде пайдалану үшін сақтап
қойыңыз.
r) Пайдаланылмаған кезде батареяны жабдықтан алып қойыңыз.
s) Тиісті түрде қоқысқа тастаңыз.
t) Құрылғы ішінде өндірісі, сыйымдылығы, өлшемі немесе түрі әртүрлі ұяшықтарды
араластырмаңыз.
u) Пайдалану қажет болғанға дейін батарея блогын түпнұсқа қаптамасынан шығармаңыз.
v) Батареядағы плюс (+) және минус (-) белгілерін байқап, дұрыс пайдаланылуын
қамтамасыз етіңіз.

8
KZ
ЗАРЯДТАҒЫШ ҚҰРАЛДЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІ БОЙЫНША
ЖАЛПЫ ЕСКЕРТУЛЕР
ЕСКЕРТУ Барлық қауіпсіздік ескертулері мен
нұсқауларды оқып шығыңыз. Ескертулер мен
нұсқауларды орындамау салдарынан ток соғуы, өрт шығуы
жəне/немесе ауыр жарақат алу жағдайлары туындауы мүмкін.
Барлық ескертулер мен нұсқауларды болашақта қарау үшін
сақтап қойыңыз.
8 жастан асқан балалар мен дене, сезім мен ақыл-ой қабілеттері
шектеулі немесе пайдалану бойынша тәжірибесі мен білімі
жеткіліксіз тұлғалар осы құрылғыны ересектердің бақылауында
болған жағдайда және құрылғыны қауіпсіз жолмен пайдалану
жөнінде нұсқаулар алып, ықтимал қауіптерді түсінетін жағдайда
пайдалана алады. Балалардың осы құрылғымен ойнауына жол
бермеңіз. Тазалау және пайдаланушы тарапынан техникалық
қызмет көрсету жұмыстарын балаларға ересектердің
бақылауынсыз орындауға болмайды.
Қуат сымы зақымдалған болса, қауіптің алдын алу үшін оны
өндіруші, қызмет көрсету агенті немесе сәйкес біліктілігі бар
адамдар ауыстыруы керек.
БАТАРЕЯ ЗАРЯДТАҒЫШ ҚҰРАЛЫНА АРНАЛҒАН
ҚОСЫМША ҚАУІПСІЗДІК НҰСҚАУЛАРЫ
1. Зарядтау алдында нұсқаулықтарды оқып шығыңыз.
2. Ағып кеткен батареяны зарядтамаңыз.
3. Зарядтағыш құралдарды тағайындалмаған жұмысынан басқа
қосымша жұмыстар үшін пайдаланбаңыз.
4. Зарядтау алдында зарядтағыш құралдың жергілікті ауыспалы
ток көзіне сәйкес келетініне көз жеткізіңіз.
5. Бөлме ішінде пайдалануға арналған немесе жаңбыр астына
қоймаңыз.
6. Зарядтағыш құралды ылғалданудан қорғау керек.
7. Зарядтағыш құралды ашық күйде пайдаланбаңыз.
8. Батарея немесе зарядтағыш құралдың байланыстарын
қысқартпаңыз.
9. Зарядтау кезінде «+/-» полярлықтарын ескеріңіз.
10. Құрылғыны ашпай, балалардың қолы жетпейтін жерде
сақтаңыз.
11. Басқа өндірушілердің батареяларын немесе сәйкес келмейтін
үлгілерді зарядтамаңыз.
12. Зарядтағыш құрал мен батареяның арасындағы байланыс

9
KZ
дұрыс орнатылғандығына және басқа денелердің кедергі
жасамайтынына көз жеткізіңіз.
13. Батарея зарядтағыш құралының саңылауларында бөгде
заттардың болмауын және кірден және ылғалдан таза болуын
қадағалаңыз. Құрғақ және аязсыз жерде сақтаңыз.
14. Батареяларды зарядтаған кезде, батарея зарядтағыш
құралының жақсы желдетілген жерде және тұтанғыш
материалдардан алшақ тұрғанына көз жеткізіңіз. Зарядтау
кезінде батареялар қызып кетуі мүмкін. Батареяларды
шамадан артық зарядтамаңыз. Зарядтау кезінде батареялар
мен зарядтағыш құралдардың қараусыз қалдырылмағанына
көз жеткізіңіз.
15. Қайта зарядталмайтын батареяларды зарядтамаңыз, себебі
олар қызып кетуі және бұзылуы мүмкін.
16. Батарея блогын ауа температурасы 18°C - 24°C аралығында
зарядтау арқылы қызмет ету мерзімін ұзартып және
өнімділіктің артуына қол жеткізуге болады. Батарея блогын
0°C шамасынан төмен немесе 40°C шамасынан жоғары ауа
температурасында зарядтамаңыз. Бұл өте маңызды, себебі
ол батарея блогының қатты зақымдалуын болдырмайды.
17. Тек өндіруші қамтамасыз еткен және өндіруші ұсынған
үлгілердегі батарея блогын зарядтаңыз.
18. Зарядтағаннан кейін, батарея зарядтағыш құралын қуат
көзінен ажыратыңыз. Шасси қосылымдарын, содан кейін
батарея қосылымдарын алыңыз.

10
KZ
ТЕХНИКАЛЫҚ ДЕРЕКТЕР
Тип CDH18LD (CDH — перфератор класына жататын машиналық Жабдықтарды
көрсететін белгі)
ШУ ДЕҢГЕЙІ ТУРАЛЫ АҚПАРАТ
Дыбыстық қысымның өлшемді деңгейі LpA 86дБ (A)
KpA 3дБ (A)
Өлшемді акустикалық LwA 97дБ (A)
KwA 3дБ (A)
Егер дыбыстық қысым: 80дБ(A) асса, есту органдарын сақтайтын құралдар тағыңыз.
80дБ (A)
ДІРІЛ ТУРАЛЫ МƏЛІМЕТ
Дірілдің жалпы көрсеткіштері (үшкомпонентті жиынтықты діріл) EN 60745 сәйкес анықталды
Режимнің сипаты Діріл деңгейі Қателік К
Бетонды ұрып бұрғылау ah, УС = 11,82 м/с2 K = 1.5 м/с2
ЕСКЕРТУ: Электрлік құралдың нақты дірілдік әсері құралды қолдану тәсіліне қарай
көрсетілгеннен өзгеше болуы мүмкін. Дірілдік әсердің күшіне себепкер болатын факторлар
төменде көрсетілген.
Құралды қолдану және материалды кесу тәртібі.
Құрал тиісті түрде күтілген және оған жақсы қызмет көрсетіледі.
Құралға үнемі қайралып тұратын дұрыс қаптамалар пайдаланылады
Оператор құрылғының сабынан дұрыс та мықтап ұстап тұр және дірілге қарсы қорғаныс
құралдарын қолданады.
Құрал жоба бойынша арналамына және осы нұсқаулыққа сәйкес қолданылады.
ЕСКЕРТПЕ:
- Көрсетілген жалпы діріл мәні стандарттық сынау тәсіліне сәйкес өлшенді және де бір құралды
басқа құралмен салыстырғанда қолданыла алады.
Кернеу
Қуаттағыш құрылғының кіріс кернеуі
Қуаттағыш құрылғының шығыс кернеуі
Қуаттағыш құрылғының моделі
Аккумулятор моделі
Батарея элементтерінің саны
Аккумулятор сыйымдылығы
Қуаттау уақыты
Бос жүру жылдамдығы
Ұру жылдамдығы
Бұрғылаудың макс.диаметрі
Болат
Ағаш
Қаланған кірпіш
Құрылғының салмағы
18 В
100-240 В~, 50/60 Гц, 42 Вт
10,8–20 В 1500 мА
ACG1815D
ABP1820SD / ABP1830SD
5 / 10
2,0 Ампер-ч литий-иондық / 3,0Ампер-ч
литий-иондық
80 мин /2 cағ
0-850 айнал/мин
0-4800 ұру/мин
8 мм
10 мм
10 мм
1,24 кг

11
KZ
- Дірілдің жалпы көрсеткіші де әсер ету деңгейіне алдын-ала баға беруде қолданыла алады
уровня воздействия.
ЕСКЕРТУ:
- Құралды қолданғандағы шынайы дірілдік әсер құралды қолдану тәсіліне қарай мәлімделгеннен
өзгеше болуы мүмкін.
- Дірілді болдырмауға арналған нұсқаулық:
1) 1) жұмыс істеу кезінде қолғап киіңіз
2) 2) жұмыс уақытын шектеңіз және қосу уақытын қысқартыңыз
Дұрыс қолданылмаған жағдайда осы құрал қолдың дірілдік синдромының пайда
болуына себеп болуы мүмкін.
ЕСКЕРТУ: Нақты жағдайда дірілдің әсер ету деңгейіне баға беру кезінде құрылғы өшіп
және бос қосылып тұрған кезеңдерді ескеру керек. Бұл жұмыс жасау барысында дірілдің
әсер ету деңгейін айтарлықтай төмендетуі мүмкін.
Діріл әсерінің қаупін мейлінше азайтыңыз.
Әрқашан өткір ара дикілерін пайдаланыңыз.
Құрылғыны осы нұсқаулыққа сәйкес тазалаңыз, жақсылап майлаңыз (қажет болғанда). Егер
құрылғыны үнемі пайдаланатын болсаңыз, дірілге қарсы құрылғы сатып алыңыз.
10°C төмен температурада қолданбаңыз.
Жұмыс уақытыңызды діріл салмағы бірдей түсу үшін әр күнге бөліп жоспарлаңыз.
ҚОСАЛҚЫЛАР
Адаптермен кілтсіз патрон 1
Алты қырлы адаптер 6,35 мм 1
бұрғы SDS (6 мм, 8 мм) 2
жылдам кесетін болаттан жасалған бұрғы (5 мм, 6 мм) 2
Бұрауышқа арналған биталар 4
Аккумулятор (бөлек сатылады)
Қуаттағыш құрылғы (бөлек сатылады)
Бүкіл қосалқыларды құрал сатылып алынған дүкеннен алуды ұсынамыз. Белгілі маркалардың
жоғары сапалы қосалқыларын пайдаланыңыз. Қосалқы түрін істелінетін жұмыс түріне сәйкес
таңдаңыз.
Қосымша мәліметтерді аксессуардың қорабынан қараңыз. Дүкен қызметкерлері таңдауға
көмектесіп, қажетті кеңес береді.
ҚҰРЫЛҒЫ БӨЛШЕКТЕРІНІҢ ТІЗІМІ
1. Тозаңнан қорғағыш қалпақша
2. Құралдар ұстағыштың муфтасы
3. Режим ауыстырғыш
4. Қуттауды ажыратқыш (жылдамдық реттегішпен) 11
5. Айналу бағытын ауыстырғыш (алға/артқа)
6. Аккумулятор
7. Аккумуляторды ажырату түймесі
8. Жарықдиодтық индикатор
* Стандарттық жеткізу жиынтығына суреттер немесе құжаттағы сипаттамаларда
көрсетілген қосалқылардың барлығы енгізілмеген.

12
KZ
Жарақат алу қаупін азайту үшін қолдану бойынша нұсқаулықты оқыңыз.
Ескерту.
Ьұл өнім қайта өңдеуге келеді. Оны әрі қолдануға болмайтын жағдайда, оны қайта
өңдейтін орталыққа тапсыруыңызды өтінеміз
Құлақ қорғанысын киіңіз
Қорғаныс көзілдірігін пайдаланыңыз.
Шаңнан қорғайтын масканы киіңіз
Тек орынжай ішінде пайдаланыңыз
Батареялар тиісті түрде кәдеге жаратылмаған жағдайда су айналымына енуі
мүмкін, бұл экожүйе үшін қауіпті. Пайдаланылған батареяларды сұрыпталмаған
тұрмыстық қалдықтар ретінде кәдеге жаратпаңыз.
Отқа жақпаңыз
Электрлік өнімдердің қалдықтарын тұрмыстық қоқысқа тастауға болмайды. Кәдеге
жаратуға арналған арнайы мекемелер болса, құралды кәдеге жаратыңыз. Кәдеге
жарату бойынша кеңес алу үшін жергілікті өкілетті органдарға немесе сауда орнына
хабарласыңыз
Батарея блогын әрдайым 0-40°C температура аралығында зарядтаңыз
Литий-ионды батарея Бұл өнім барлық батарея блоктары мен батарея
блогына қатысты «бөлек жинау» белгісімен белгіленген. Оны қоршаған
ортаға кері әсерін тигізбеу үшін қайта өңдейді немесе бөлшектейді. Батарея
блоктарының құрамында қауіпті заттар болатындықтан, олар қоршаған орта
мен адам денсаулығына қауіп төндіруі мүмкін.
Тек ғимарат ішінде пайдалануға арналған
Қос қабатты оқшаулау
Балқитын сақтандырғыш
Оң клемма
Теріс клемма
Тип CDH18LD (CDH — перфератор класына жататын машиналық Жабдықтарды көрсететін белгі)
Жоғарыдағы тізімде берілген керек-жарақтарды батарея зарядтағыш құралды сатқан дүкеннен
сатып алуға кеңес береміз. Толық мәліметтер алу үшін керек-жарақ қаптамасын қараңыз. Дүкен
қызметкерлері көмек көрсетіп, кеңес бере алады.
T 2A
БЕЛГІЛЕНУЛЕР

13
KZ
ҚОЛДАНУ БОЙЫНША НҰСҚАУЛЫҚ
ЕСКЕРТПЕ: Қолданудың алдында нұсқаулықты мұқият оқып шығыңыз.
ҚОЛДАНЫЛУ САЛАСЫ:
Бұл құрылғы бетонды, кірпішті, және тасты ұрып бұрғылауға арналған.
Құрал сонымен қатар ағашты, металды, керамиканы және пластикті ұрусыз бұрғылауға
да жарайды.
ЖҰМЫСҚА ДАЙЫНДЫҚ
A) АККУМУЛЯТОРДЫ ҚУАТТАУ
B) Жеткізілетін қуаттаушы құрал құрылғыда орнатылған литий-иондық батареялармен сәйкес
келеді. Басқа қуаттаушы құралдарды қолданбаңыз.
C) Литий-иондық батарея терең қуаттаудан сақтандырылған. Аккумулятор толықтай қуатсыз
болған кезде құрылғы қорғаныс тізбегінің көмегімен автоматты түрде өшеді. Патрон біраз
уақыт айналып тұруы мүмкін.
D) Жылы жағдайда немесе қарқынды қолданыстан кейін құрылғы қатты қызуы мүмкін.
Бұндай жағдайда оны қуаттауға болмайды. Қуаттамас бұрын аккумуляторға біраз уақыт сууға
мүмкіндік беріңіз.
Бірінші қолданғанар алдында және ұзақ уақыт қолданбаған аккумуляторды бірнеше рет
қуаттау керек.
B) АККУМУЛЯТОРДЫ АЖЫРАТУ (А1 СУР.ҚАРА)
Аккумуляторды ажыратқыш тетігіне басып, құрылғыдан аккумуляторды шешіп алыңыз.
С) АККУМУЛЯТОРДЫ ОРНАТУ (А2 СУР.ҚАРА)
Толық қуатталған аккумуляторды құрылғыға киілген дыбыс шыққанша итеріп
орнатыңыз.
D) АККУМУЛЯТОРДЫ ҚУАТТАУ ТƏРТІБІ (А3 СУР.ҚАРА)
1) Қуаттау құралын тиісті тоқ көзіне қосыңыз. Индикатор жасыл түспен жанады.
2) Аккумуляторды қуаттаушы құрылғыға қойыңыз. Индикатор қызыл түспен жанады, ол
аккумулятор қуат алып жатыр деген сөз.
3) Аккумулятор толық қуат алып біткенде де индикатор жасыл түспен жанады. Енді
аккумулятор толық қуатталды. Қуаттандырғыш құралды желіден ажыратыңыз да
акуммуляторды шығарып алыңыз. Индикатор өшіп-жанып тұрады. Негізінде аккумулятордық
толық қуатталуына 4,5 сағат уақыт кетеді. Аккумулятор қуатталып біткенде, құрылғыны тоқ
көзінен ажыратыңыз.
Ескерту: Батарея зарядтағыш құралын үздіксіз пайдаланғаннан кейін немесе тікелей күн
сәулесінің не жылудың әсеріне ұшыратқаннан кейін, толықтай зарядтау үшін қайта
зарядтамас бұрын құралдың суығанын күтіңіз.
ЗАРЯДТАУ ИНДИКАТОРЫ
Бұл зарядтағыш құрал батарея блоктарында туындауы мүмкін мәселелерді анықтауға арналған.
Индикатор шамдары мәселелерді көрсетеді (төмендегі кестені қараңыз). Егер бұл орын алса,
зарядтағыш құралдың дұрыс екенін анықтау үшін жаңа батарея блогын енгізіңіз. Егер жаңа
батарея дұрыс зарядталса, онда түпнұсқа блок ақаулы және оны қызмет көрсету орталығына
немесе қайта өңдеу орталығына қайтару керек. Егер жаңа батарея блогы түпнұсқа батарея
блогымен бірдей мәселені көрсетсе, зарядтағыш құралды өкілетті қызмет көрсету орталығында
тексеріңіз.

14
KZ
5. Режим таңдау ( D сур.қара)
Әр операцияға муфтаның жұмыс істеу режимі режимді ауыстырғыштың (3) көмегімен
жүзеге асырылады. Режимдер ішінде ауыстыру үшін бұғаттан шығару түймесін басыңыз
да, режим ауыстырғышты керекті қалыпқа бұраңыз.
Бір мезгілде бетон, кірпіш қаламаны бұрғылау және ұрып әсер ету үшін ұрып
бұрғылау режимін таңдаңыз.
Бұрандалары бұрау, болат, ағаш және лпастикті бұрғылау үшін роторлық бұрғылау
режимін таңдаңыз.
________
_ _ _ _
________
_ _ _ _
»
»
»

15
KZ
ЕСКЕРТУ! Режимді ауыстыру құрылғы толық тоқтағанда ғана мүмкін.
Электрлік құрылғыны қолдану бойынша кеңестер
Егер электр құралы қатты қызып кетсе, максималды жылдамдықты қосып, қозғалтқышын
суыту үшін оны 2-3 минут жүктемесіз айналдырыңыз. SDS+ типті карбид-
вольфрамдық бұрғыларды тек бетон кірпіш қаламаға қолдануға болады. Металды бұрғылау
үшін мықты жылдам кескіш болаттан жасалған бұрғыларды қолданыңыз.
Үлкен көлемді ойықтарды бұрғылағанда мүмкіндік болса бірінші бағыттағыш ойық бұрғылап
алыңыз.
МƏСЕЛЕЛЕРДІ ШЕШУ
1. ЖҰМЫС БАРЫСЫНДА ПЕРФОРАТОР КЕНЕТ ТОҚТАП ҚАЛДЫ
а) Егер құрылғы толық күшімен жұмыс істемесе, аккумуляторды қайта қуаттау қажет.
Сондықтан егер құрал кенеттен тоқтап қалса, алдымен аккумуляторды тексеріңіз. запно
остановился, сначала проверьте аккумулятор. Литий-йондық аккумулятор
«Қуаттанусыздықтан қорғаныс жүйесінің» арқасында терең қуаттаудан сақтандырылған.
Аккумулятор толықтай қуатсыз болған кезде құрылғы қорғаныс тізбегінің көмегімен автоматты
түрде өшеді
b) Шамадан тыс жұмыстан қорғаныс іске қосылды. Шамадан тыс жұмыс кезінде электр
қозғалтқышы тоқтап қалады. Құрылғымен жұмыс істеуді дереу тоқтатыңыз да, оған жүктемесіз
жұмыс кезінде ең жоғары жылдамдықта 30 секунд шамасында сууға мүмкіндік беріңіз.
с) құралдың немесе аккумулятордың қатты ысып кетуі. Шамадан тыс жүктеме кезінде немесе
рұқсат етілген аккумулятор температурасын (75 °C) асырғанда басқару жүйесі температура
қалпына келгенше құралды қуаттауды тоқтатады.
2. ҚУАТТАУ УАҚЫТЫНЫҢ ƏР ТҮРЛІ БОЛУЫНЫҢ СЕБЕПТЕРІ
Қуаттау уақыты көптеген себептерге байланысты болуы мүмкін, олар құралдың ақауы барын
білдірмейді. Егер аккумулятор толық қуатталмаса, оны қуаттауға бір сағаттан кем уақыт
кетеді. Егер аккумулятордың немесе қоршаған ортаның температурасы төмен болса,
қуаттау 1-1,5 сағат алуы мүмкін. Егер аккумулятор қызып кетсе, ішкі температураны
реттегіш оны қуаттауға жол бермейді. Егер аккумулятор қызып кетсе, оны қуаттағыш
құрылғыдан шығарыңыз да, қоршаған орта температурасына дейін салқындауға мүмкіндік
беріңіз, сосын қуаттауға кірісуге болады. Бірнеше аккумуляторды бір мезгілде қуаттау
кезінде қуаттағыш құрал қызып кетуі мүмкін. Келесі аккумуляторды қуаттамай тұрып,
қуаттағыш құрылғыға 15 минуттан кем емес уақыт салқындауға мүмкіндік беріңіз.
3. АККУМУЛЯТОР ЖҰМЫСЫ УАҚЫТЫНЫҢ ƏРТҮРЛІ БОЛУ СЕБЕПТЕРІ
Қуаттау кезінде туындаған мәселелер және аккумуляторды ұзақ уақыт пайдаланбау оның
жұмыс істеу уақытын қысқартуы мүмкін. Бұны түзету үшін перфораторды қосып,
қуаттағышты бірнеше рет қуаттаңыз.
Ауыр жұмыс, мысалы үлкен бұрандаларды қатты ағашқа бұрауда аккумулятор қуатын басқа
жеңіл опреацияларға қарағанда тезірек жоғалтады.
Аккумуляторды 0 °C төмен және 30 °C жоғары температурада қуаттамаңыз, өйткені ол
оның өнімділігіне кері әсерін тигізеді.

16
KZ
ТЕХНИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ
Бұл электр құралы қосымша майлауды немесе техникалық қызмет көрсетуді қажет етпейді.
Бұл құралда пайдаланушы қызмет көрсете алатын бөлшектер жоқ. Электр құралын
тазалау үшін суды немесе химиялық тазартқыш құралдарын ешқашан пайдаланбаңыз.
Құрғақ шүберекпен тазалап сүртіңіз. Электр құралын әрдайым құрғақ жерде сақтаңыз.
Қозғалтқыштың желдеткіш саңылауларын таза ұстаңыз. Барлық жұмысты басқару
элементтерін шаңнан сақтаңыз. Желдеткіш саңылаулардан ұшқындар шығуы мүмкін. Бұл
қалыпты жағдай және электр құралын зақымдамайды.
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ
Электрлік өнімдердің қалдықтарын тұрмыстық қоқысқа тастауға болмайды. Кәдеге
жаратуға арналған арнайы мекемелер болса, құралды кәдеге жаратыңыз. Кәдеге
жарату бойынша кеңес алу үшін жергілікті өкілетті органдарға немесе сауда орнына
хабарласыңыз.
DISPOSAL OF AN EXHAUSTED BATTERY PACK
To preserve natural resources, please recycle or dispose of the battery pack properly. This
battery pack contains Li-ion batteries. Consult your local waste authority for information
regarding available recycling and/or disposal options. Discharge your battery pack by
operating your hammer, then remove the battery pack from the hammer housing and cover the
battery pack connections with heavy-duty adhesive tape to prevent short circuit and energy
discharge. Do not attempt to open or remove any of the components.

17
KZ
СƏЙКЕСТІК ДЕКЛАРАЦИЯСЫ
Бiз,
ADEO Services
135 Rue Sadi Carnot - CS 00001, 59790 RONCHIN - France (Франция),
Толық жаупкершіліпен бұл CDH18LD SDS+ (18 В, 2 Ач)
аккумуляторлық перфораторы келесі стандарттар мен стандартизациялық құжаттарға
сәйкес екенін мәлімдейміз.
Бұл өнім
Сипаттамасы
SDS+ (18 В, 2 Ач) аккумуляторлық перфораторы
Тип CDH18LD (CDH-арналым машиналық жабдық түрінде сымсыз жұқа арамен берілген 18 В)
Функция Әртүрлі материалдарды кесу
Топтама номері:
Келесі Директиваларға
2006/42/EC машиналық жабдық бойынша ЕК директивасы
2014/30/EC электромагниттік сәйкестік бойынша ЕК директивасы
RoHS директивасы (EU) 2015/863 өзгерістерімен 2011/65/EU
және келесі стандарттарға сәйкес келеді
EN 60745-1: 2009+A11:2010
EN 60745-2-6: 2010
EN 55014-1: 2017
EN 55014-2:2015
IEC 62321-1:2013
IEC 62321-2:2013
IEC 62321-3-1:2013
IEC 62321-4:2013+AMD1:2017
IEC 62321-5:2013
IEC 62321-6:2015
IEC 62321-7-1:2015
IEC 62321-7-2:2017
IEC 62321-8:2017
ISO 17075:2017
Last two number of the year CE marking applied: 19
Signed in Shanghai 04-30-2019
Richie PERMAL
Supplier Quality Leader
Authorized representative of Julien Ledin, ADEO Quality Leader
ADEO Services 135 Rue Sadi Carnot - CS 00001 59790 RONCHIN – France

18
KZ
Кепілдік
1. DEDER компаниясының өнімі тұрмыстық құралдарының жоғарғы сапа стандарттарына
сәйкес әзірленген. DEDER компаниясы өз өнімдеріне сатып алынған күннен бастап 24 ай
кепілдік береді. Бұл кепілдік пайда болуы мүмкін барлық материалдар мен өндіріс
ақауларына да қатысты. Адамдарға және материалдарға қатысты кез-келген түрдегі,
тікелей немесе жанама наразылықтар қанағаттандырыла алмайды.
2. Мәселе туындаған немесе ақау анықталған жағдайда бәрінен бұрын DEDER
компаниясының өкіліне хабарласу керек. Көптеген жағдайларда тек сол DEDER
компаниясының өкілі мәселені шешіп, ақауларды жоя алады.
3. Жөндеу немесе тетіктерді ауыстыру кепілдік мерзімін ұзартпайды.
4. Кепілдік құрылығының тозуынан немесе дұрыс күтілмеуінен туындаған ақауларға қатысты
емес. Бұдан өзге, бұл ажыратқыштардың, қорғау тізбегінің және қозғалтқыштардың
тозуымен байланысты ақауларға да қатысты.
5. Кепілдік міндеттемелер шеңберіндегі наразылық төмендегі жағдайларда ғана
қабылдануы мүмкін:
• Чек түрінде сатып алынған күнді растауды ұсыну.
• Үшінші тұлғалармен ешқандай жөндеу жұмыстары және/немесе ауыстырулар
жүргізілмеген.
• Құрал тиісті түрде қолданылған (күш түсірілмеген және оған тысқары өндірушілердің
толымдауыштары орнатылмаған).
• Құм немесе тас сияқты сыртқы әсер ету белгілері жоқ.
• Қауіпсіздік техникасы және қолдану ережелері бойынша нұсқаулықтарды сақтамаудан
болған бұзылу белгілері жоқ.
6. Кепілдік қызмет көрсету шарттары біздің сату және жеткізу қағидаларымызбен бірге
қолданылады.
7. DEDER өкілі арқылы DEDER компаниясына қайтаруға жататын ақауы бар құралдар. DEDER
компаниясы өнімнің тиісті қаптамасы болған жағдайда қабылдайды. Егер DEDER
компаниясына қайтаруды сатып алушы жүзеге асырса, компания бұндай тауарларға тек
сатып алушы жеткізу шығындарын өзі төлеген кезде ғана қызмет көрсете алады.
8. DEDER компаниясы тиісті түрде қапталмаған өнімді қабылдамайды.

19
KZ

20
RU
ОБЩИЕ ПРЕДУПРЕЖДЕНИЯ ПО БЕЗОПАСНОСТИ ПРИ
РАБОТЕ С ЭЛЕКТРОИНСТРУМЕНТАМИ
ПРЕДУПРЕЖДЕНИЕ! Прочитайте все предупреждения по технике безопасности и
все инструкции. Несоблюдение этих предупреждений и инструкций может привести к
поражению электрическим током, пожарам и (или) тяжелым травмам.
Сохраните все предупреждения и инструкции для использования в будущем.
Термин «электроинструмент» в предупреждениях означает электрический инструмент с
питанием от сети (с кабелем) или электрический инструмент с питанием от батареи (без
кабеля).
СОХРАНИТЕ ДАННЫЕ ИНСТРУКЦИИ
1. Безопасность рабочего места
a) Обеспечьте чистоту и освещенность рабочей зоны. Загроможденные и плохо
освещенные места служат причиной несчастных случаев.
b) Не используйте электроинструменты во взрывоопасных местах, например, вблизи
горючих жидкостей, газов или пыли. Электроинструменты генерируют искры, которые
могут воспламенить пыль или испарения.
c) Не позволяйте детям и другим людям находиться вблизи работающего
электроинструмента. Отвлекающие факторы могут привести к потере контроля.
2. Электротехническая безопасность
a) Вилка электроинструмента должна соответствовать розетке. Никогда не
переделывайте вилку. Не используйте никакие переходники для вилок инструментов
с заземлением. Использование оригинальных вилок и соответствующих им розеток
уменьшает риск поражения электрическим током.
b) Избегайте прикосновений к заземленным объектам, таким как трубы, радиаторы,
плиты и холодильники. Существует повышенная опасность поражения электрическим
током, если ваше тело заземлено.
c) Не подвергайте электроинструменты воздействию дождя или влажности. При
попадании воды в электроинструмент увеличивается риск поражения электрическим током.
d) Обращайтесь с кабелем аккуратно. Никогда не переносите, не тяните и не
выключайте электроинструмент за кабель. Не оставляйте кабель вблизи источников
тепла, масла, острых предметов или движущихся частей. Поврежденные или
запутанные кабели повышают опасность поражения электрическим током.
e) Для работы с электроинструментом вне помещения используйте предназначенный
для этого удлинительный кабель. Использование кабеля, подходящего для
использования вне помещения, сокращает опасность поражения электрическим током.
f) Если работа с электроинструментами в условиях повышенной влажности неизбежна,
используйте устройство защитного отключения (УЗО). Использование УЗО уменьшает
риск поражения электрическим током.
3. Личная безопасность
a) Будьте бдительны, следите за тем, что делаете, и следуйте здравому смыслу при
использовании электроинструмента. Не пользуйтесь электроинструментом, если вы
устали или находитесь под воздействием наркотиков, алкоголя или медикаментов.
Даже кратковременная невнимательность при работе с электроинструментом может
привести к тяжелым травмам.
b) Используйте средства индивидуальной защиты. Всегда надевайте защитные
средства для глаз. Использование защитных средств, таких как противопылевая маска,
нескользкая предохранительная обувь, жесткая каска или средства защиты органов слуха
в соответствующих условиях уменьшает риск травмирования.
Оригинальные инструкции
Table of contents
Languages: