Dexter Power CGA18LD User manual

1
CGA18LD
Сымсыз бұрыштық тегістегіш
машина 115 мм
Cordless angle grinder 115mm
RU
KZ
EN
РУКОВОДСТВО ПОЛЬЗОВАТЕЛЯ 24
ПАЙДАЛАНУШЫ НҰСҚАУЛЫҒЫ 4
USERS MANUAL 43
ПАЙДАЛАНУ ТУРАЛЫ НҰСҚАУЛЫҚ
ПЕРЕВОД ОРИГИНАЛЬНЫХ ИНСТРУКЦИЙ
EAN CODE : 3 276005 143845
ADEO Services 135 Rue Sadi Carnot - CS 00001 59790 RONCHIN - France
Made in P.R.C. XX/XXXX
Batch No./ Партия №:
POSITEC TECHNOLOGY (ҚЫТАЙ) CO., LTD. NO.18 ДУНФАН ROAD, СУЧЖОУ ӨНЕРКӘСІПТІК КЕШЕНІ
Осы тауардың сәйкестік сертификатының немесе сәйкестік жөніндегі декларацияның көшірмесін кез-келген Леруа Мерлен
Восток дүкендерінің ақпарат үстелшесінен алуға болады.
Тауардың сапасы бойынша қойылатын талаптарға жауапты өкілетті тұлға: «Леруа Мерлен Восток» ЖШС, 141031, Мәскеу
обл., Мытищи қ., Осташковское тасжолы, 1, РФ
Қытайда жасалған Сделано в Китае
Batch No. / Партия № :
Позитэк Текнолоджи (Китай) Ко., Лтд. Адрес: 18, Донванг Роад, Сужоу Индастриал Пак, Джангсу, Китай
Копию сертификата соответствия или декларации о соответствии на данный товар можно получить на информационной
стойке любого из магазинов Леруа Мерлен Восток.
Лицо уполномоченное принимать претензии по качеству товара: 000 ЛЕРУА МЕРЛЕН ВОСТОК, 141031, Московская
область, г. Мытищи, Осташковское шоссе, д.1, PОССИЯ

2
1
89
10
711 5
6
2 3 4

3
A B C
D E F
G1
G4
G2
H
G3

4
KZ
GENERAL POWER TOOL SAFETY WARNINGS
ЕСКЕРТУ! Қауіпсіздік ережелері мен нұсқаулықтарын толық оқып шығыңыз. Бұл
есткертулер мен нұсқаулықтарды сақтамау электр тоғымен зақымдануға,
өртке жəне (немесе) ауыр зардаптарға əкелуі мүмкін.
Болашақта да пайдалану үшін нұсқаулықты сенімді жерде сақтаңыз. «Электрқұралы»
деген термин электрлік тоқ көзінен (кабель арқылы) қуат алатын немесе аккумулятордан
(кабельсіз) қуат алатын электрлік құрылғы деген мағынаны білдіреді.
1) Жұмыс орнының қауіпсіздігі
a) Жұмыс орны таза әрі жарық болуы қажет. Жұмыс орнының лас немесе қараңғы болуы
оқыс оқиғалардың пайда болуына себеп болады.
b) Электр құралдарын тұтанғыш сұйықтықтар, газдар немесе шаң сияқты заттар
болатын жарылыс қаупі бар орталарда пайдаланбаңыз. Электр құралдары шаңды
немесе түтінді тұтандыруы мүмкін ұшқындар шығарады.
c) Электр құралын пайдаланған кезде, балалар мен бөгде адамдар алшақ тұруы қажет.
Басқа нəрсеге алаңдау салдарынан құралды басқара алмай қалуыңыз мүмкін.
2) Электр жүйелерін пайдаланудағы қауіпсіздік техникасы
a) Электр құралының ашалары розеткаға сәйкес келуі қажет. Ашаны еш уақытта
өзгертпеңіз. Ешқандай адаптер штепсельдерін жерге тұйықталған электр
құралдарымен бірге пайдаланбаңыз. Өзгертілмеген ашалар мен сəйкес келетін
розеткалар электр тогының соғу қаупін азайтады.
b) Құбырлар, радиаторлар, газ плиталары және тоңазытқыштар сияқты жерге
тұйықталған заттарға денеңізді тигізбеңіз. Денеңіз жерге тұйықталған заттармен
жанасса, электр тогының соғу қаупі артады.
c) Электр құралдарын жаңбырдан және ылғалдан сақтаңыз. Электр құралына су кірсе,
электр тогының соғу қаупі артады.
d) Сымды тек орнымен пайдаланыңыз. Электр құралының сымын оны тасымалдау,
тарту немесе қуат көзінен ажырату үшін пайдаланбаңыз. Сымды жоғары
температурадан, майдан, өткір шеттерден немесе жылжымалы бөлшектерден
алшақ ұстаңыз. Зақымдалған немесе шатасқан сымдар электр тогының соғу қаупін
арттырады.
e) Электр құралын далада пайдаланған кезде, далада пайдалануға жарамды ұзартқыш
сымды пайдаланыңыз. Далада пайдалануға арналған сымды пайдаланғанда, электр
тогының соғу қаупі азаяды.
f) Ылғал жерде электр құралын пайдалануға тура келсе, қорғанысты өшіру
құрылғысымен (ҚӨҚ) қорғалған жабдықты пайдаланыңыз. ҚӨҚ құрылғысын
пайдаланғанда, электр тогының соғу қаупі азаяды.
3) Жеке қауіпсіздік
a) Электр құралын пайдаланған кезде абай болыңыз, іс-әрекетіңізге байыптылықпен
қарап, зейін қойыңыз. Шаршап тұрсаңыз немесе есірткі, ішімдік не дәрі-дәрмек
қабылдаған болсаңыз, электр құралын пайдаланбаңыз. Электр құралдарын
пайдаланған кезде зейін қоймау салдарынан жеке ауыр жарақат алуыңыз мүмкін.
b) Жеке қорғаныс жабдығын пайдаланыңыз. Қорғаныс көзілдірігін үнемі тағып
жүріңіз. Шаңнан қорғайтын маска, сырғанамайтын арнайы аяқ-киім, берік каска
немесе есту мүшесін қорғайтын құрал сияқты қорғаныс жабдығын сəйкес жағдайларда
пайдаланғанда жеке жарақат алу қаупі азаяды.
c) Электр құралының абайсызда іске қосылуына жол бермеңіз. Қуат көзіне және/
Түпнұсқа нұсқаулар

5
KZ
немесе батареяға қоспас бұрын, құралды жинамай не тасымалдамай тұрып,
ауыстырып-қосқыштың өшірулі күйде болуына көз жеткізіңіз. Электр құралдарын
ауыстырып-қосқышынан ұстап тасымалдау немесе ауыстырып-қосқыш қосулы күйде
қуаттандыру салдарынан оқыс оқиғалар орын алуы мүмкін.
d) Электр құралын іске қоспас бұрын, реттегіш кілттер мен сомынды бұрайтын
кілттерді алып тастаңыз. Электр құралының айналатын бөлігінде бекітулі күйде
қалған реттегіш кілт немесе сомынды бұрайтын кілт дене жарақатына əкелуі мүмкін.
e) Қатты күш жұмсамаңыз. Үнемі тұрақты қалыпта тұрыңыз және тепе-теңдік сақтаңыз.
Бұл кездейсоқ жағдайларда электр құралын дұрыс басқаруға мүмкіндік береді.
f) Тиісті түрде киініңіз. Кең киім кимеңіз немесе әшекей тақпаңыз. Шашыңыз бен
киіміңізді жылжымалы бөлшектерден алшақ ұстаңыз. Кең киім, əшекей немесе ұзын
шаш жылжымалы бөлшектерге ілініп қалуы мүмкін.
g) Құралдармен бірге шаң сору және шаң жинау жүйесі қамтамасыз етілсе, олардың
дұрыс жалғанып, пайдаланылатынына көз жеткізіңіз. Шаңсорғыштарды пайдалану
шаңға қатысты қауіптерді азайтады.
4) Электр құралын пайдалану және оған күтім көрсету
a) Электр құралына артық жүктеме түсірмеңіз. Жұмысыңыз үшін дұрыс электр
құралын пайдаланыңыз. Дұрыс электр құралы өзінің арнайы жылдамдығында
жұмысты едəуір тиімді əрі қауіпсіз түрде орындайды.
b) Ауыстырып-қосқышы қосылмайтын және өшпейтін электр құралын пайдаланбаңыз.
Ауыстырып-қосқыш арқылы басқарылмайтын кез келген электр құралы қауіпті жəне
оны жөндеу қажет.
c) Кез келген реттеулер жасамас бұрын, керек-жарақтарды ауыстырмас бұрын немесе
электр құралдарын ұзақ уақытқа сақтамас бұрын, ашаны қуат көзінен ажыратыңыз
және/немесе батареясы бар болса, оны шығарып алыңыз. Мұндай сақтық шаралары
электр құралының кездейсоқ іске қосылу қаупін азайтады.
d) Пайдаланылмайтын электр құралдарын балалардың қолы жетпейтін жерде
сақтаңыз. Электр құралымен немесе осы нұсқаулармен таныс емес адамдарға
құралды пайдалануға рұқсат бермеңіз. Электр құралдарын жаттықтырылмаған
пайдаланушылар қолданса, қауіп төнеді.
e) Электр құралдарына және керек-жарақтарға техникалық қызмет көрсетіңіз.
Жылжымалы бөлшектердің қисаюын немесе кептелуін, бөлшектердің бұзылуын
және электр құралының жұмысына әсер етуі мүмкін басқа барлық жағдайдың бар-
жоғын тексеріңіз. Электр құралы зақымдалса, оны пайдаланар алдында жөндеңіз.
Көптеген оқыс оқиғалар электр құралдарына тиісті түрде техникалық қызмет
көрсетпеу салдарынан орын алады.
f) Кескіш құралдарды өткір және таза күйде ұстаңыз. Тиісті түрде техникалық қызмет
көрсетілген шеттері өткір кескіш құралдар бүгіліп қалмайды жəне оларды басқару оңай
болады.
g) Жұмыс жағдайларын және орындау қажет жұмысты назарға ала отырып, электр
құралын, керек-жарақтарды, құрал ұштықтарын және т. б. осы нұсқауларға сәйкес
пайдаланыңыз. Электр құралын тағайындалған мақсатынан басқа мақсаттарда
пайдалану əсерінен қауіпті жағдай орын алуы мүмкін.
5) Батарея құралын пайдалану және оған күтім көрсету
a) Тек өндіруші ұсынған зарядтағыш құрал арқылы зарядтаңыз. Батарея блогының
белгілі бір түріне арналған зарядтағыш құралды басқа түрдегі батарея блогымен
пайдалану өрт қаупін тудыруы мүмкін.
b) Электр құралдарын тек арнайы жасалған батарея блоктарымен пайдаланыңыз. Кез
келген басқа батарея блоктарын пайдалану жарақат немесе өрт қаупін тудыру мүмкін.
c) Батарея блогын пайдаланбаған кезде, оны бір клеммадан басқасына қосылуына
себеп болуы мүмкін қағаз қыстырғыштар, тиындар, кілттер, шегелер, бұрандалар

6
KZ
сияқты басқа да ұсақ металл заттардан алшақ ұстаңыз. Батарея клеммаларының
бірге тұйықталуы күйіп қалуға немесе өрт шығуына себеп болуы мүмкін.
d) Қолайсыз жағдайларда батареядан сұйықтық ағып кетуі мүмкін, оны денеңізге
тигізбеңіз. Егер абайсызда тиіп кетсе, сумен шайыңыз. Егер сұйықтық көзге
тиіп кетсе, қосымша медициналық көмек алыңыз. Батареядан шыққан сұйықтық
тітіркенуге немесе күйіп қалуға себеп болуы мүмкін.
6) Жөндеу
а) Электрқұралын білікті мамандар өндірушінің ұсынған артық бөлшектерімен ғана
жөндеу керек. Бұл электрқұрылғысымен жұмыс жасау қауіпсіздігін тудырады.
БАРЛЫҚ ОПЕРАЦИЛАРҒА АРНАЛҒАН ҚАУІПСІЗДІК
БОЙЫНША НҰСҚАУЛАР
Тегістеуге арналған қауіпсіздік техникасының жалпы ережелері:
a) Бұл электр құралы тегістеу станогы ретінде жұмыс жасауға арналған. Осы электр
құралына қоса берілген барлық қауіпсіздік ережелерін, нұсқаулықтарды, суреттерді
жəне сипаттамаларды оқып шығыңыз. Төменде келтірілген нұсқаулықтарды
орындамау электр тоғына ұшырауға, өртке жəне/немесе ауыр жарақаттарға əкелуі
мүмкін.
b) Құммен, сымтемір щеткамен тегістеу немесе кесу сияқты операцияларды бұл
электр құралымен орындамаңыз. Электр құралына арналмаған операциялар қауіпті
жағдайға əкеліп, жарақат тудыруы мүмкін.
c) Өндіруші дайындамаған немесе ұсынбаған керек-жарақтарды ешқашан
пайдаланбаңыз. Егер керек-жарақ электр құралына қосыла алатын болса, бұл қауіпсіз
жұмыстың кепілі бола алмайды.
d) Керек-жарақтардың номиналдық жылдамдығы кем дегенде электр құралында
белгіленген ең үлкен жылдамдыққа тең болуы тиіс. Өзінің номиналдық
жылдамдығынан жылдамырақ жұмыс жасайтын керек-жарақтар сынып кетіп, жан-жаққа
ұшуы мүмкін.
e) Керек-жарақтың сыртқы диаметрі мен қалыңдығы сіздің электр құралыңыздың
төлқұжаттық мәліметтеріне сәйкес келуі тиіс. Өлшемі дұрыс таңдалмаған керек-
жарақтарды қалыпты түрде қалқалау жəне бақылау мүмкін емес.
f) Орнатылатын керек-жарақтардың бұрандасы тегістеу станогының сүмбесінің
бұрандасына сәйкес келуі тиіс. Егер керек-жарақтар фланецтік əдіспен орнатылатын
болса, ағашқа арналған тесік орнату орнындағы фланец диаметріне сəйкес келуі тиіс.
Жетек құралының бекіткіш аспаптарына сəйкес келмейтін керек-жарақтардың тепе-
теңдігі бұзылып, артық тербеліспен жұмыс жасайды жəне басқарудың нашарлауына
əкеліп соғуы мүмкін.
g) Зақымданған керек-жарақтарды қолданбаңыз. Әрбір пайдалану алдында қажақ
дөңгелектерінде кетіктер мен жарықтардың болмауын, төсемелерде жарықтар мен
тозу белгілерінің болмауын, сымтемір щеткасын сымтемірдің бүтіндігін тексеріңіз.
Егер құрал немесе керек-жарақ құласа, оның зақымданбағанын тексеріңіз немесе
зақымданбаған керек-жарақты орнатыңыз. Керек-жарақтарды тексеріп жəне орнатып
болғаннан кейін айналатын қондырманың жазықтығынан тыс орналасып, электр
құралын бір минут ішінде ең үлкен жылдамдықта бос жүріспен қосыңыз. Зақымданған
керек-жарақтар, əдетте, бұндай сынақ барысында сынып кетеді.
h) Жеке қорғаныс құралдарын қолданыңыз. Жұмыс сипатына қарай, қорғаныс
бетпердесін немесе қорғаныс көзілдіріктерін пайдаланыңыз. Қажетінше респиратор,
есту мүшелерін қорғағышты, қорғаныс қолғаптарын жəне дискінің немесе дайындаманың
кішігірм бөлшектерінен қорғайтын алжапқышты киіп алыңыз. Көзді қорғау түрлі
операцияларда жан-жаққа ұшатын бөлшектерге қарсы жеткілікті болуы тиіс. Бетперде

7
KZ
немесе респиратор жұмыс кезінде пайда болатын бөлшектерді сүзгілеу керек. Қатты
шудың ұзақ əсері есту қабілетінің нашарлауына əкелуі мүмкін.
I) Бөгде адамдарды жұмыс аймағынан қауіпсіз ара қашықтықта ұстаңыз. Жұмыс
аймағында тұрған əрбір адам жеке қорғаныс құралдарын қолдануы тиіс. Дайындама
немесесынған диск бөлшектері жан-жаққа ұшып кетіп, жұмыс аймағынан тыс тұрған
адамды да жарақаттауы ықтимал.
j) Кескіш элемент жасырын тұрған сымдар желісіне тиюі мүмкін болатын
операцияларды орындаған кезде, құралды тек оқшауланған тұстарынан ұстаңыз.
Кернеу астындағы сымдар жүйесіне кескіш элементпен тиіп кету кернеуді электр
құралының металл бөліктеріне беріп, оператор тоққа ұшырауы мүмкін.
k) Әрқашан баусымды айналмалы қондырмадан алшақ ұстаңыз. Егер сіз бақылауды
жоғалтсаңыз, баусым кесіліп немесе шырмалып, сіздің қолыңыз немесе саусақтарыңыз
айналмалы дискіге тартылып қалуы мүмкін.
l) Қондырма толық тоқтамағанша, электр құралын ешқашан жазық бетке қоймаңыз.
Айналмалы диск бетке тиіп, басқарылмайтын электр құралын тартып алуы ықтимал.
m) Электр құралын бүйірінен ұстаған кезде, оны іске қоспаңыз. Кездейсоқ тиіп кеткен
кезде айналмалы қондырма киімді іліп əкетіп, құралды денеңізге жақындатуы мүмкін.
n) Электр құралының желдеткіш тесіктерін үнемі тазалап тұрыңыз. Қозғалтқыштың
желдеткіші шаңды корпсу ішіне сорып алады жəне металл бөлшектер тым көп жиналған
кезде электр тоғымен зақымдану қауіп туады.
o) Құрылғыны жанғыш материалдардың жанында қоспаңыз. Шоқтар бұл
материалдарды тұтандыруы мүмкін.
p) Сұйық суытқыштарды қажет ететін керек-жарақтарды пайдаланбаңыз. Суды немесе
басқа суытқыш сұйықтықтарды пайдалану электр тоғымен зақымдануға əкелуі мүмкін.
БАРЛЫҚ ОПЕРАЦИЯЛАРҒА АРНАЛҒАН ҚАУІПСІЗДІК
БОЙЫНША ҚОСЫМША НҰСҚАУЛАР.
КЕРІ СОҚҚЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ АЛДЫН АЛУ
Кері соққы айналмалы дискінің, төсеменің, щетканың немесе кез келген басқа
қондырманың қысылуына немесе тежелуіне кенет әсерлесу болып табылады.
Айналмалы керек-жарақтың қысылып қалуы немесе тоқтап қалуы тежелу нүктесіндегі
керек-жарақтың айналуына қарама-қарсы бағытта басқарылмайтын құралдың тебісін
тудырады. Мысалы, егер қажақ дөңгелегі дайындамада ілініп қалса немесе сыналанса,
тежелу аймағына кіретін дөңгелектің жиегі материал бетіне кіріп кетіп, дөңгелектің
көтерілуін немесе тебісін тудырады.
Дөңгелектің тежелу нүктесіндегі қозғалысының бағытына қарай, дөңгелек операторға
қарай немесе одан қарама-қарсы лақтырылуы мүмкін. Қажақ дөңгелектері бұндай
жағдайда жиі жағдайда сынып кетеді.
Кері соққы құралды мақсатынан тыс қолданғанда немесе ережелерді, пайдалану
шарттарын орындамағанда туындайды; келесі ескертулерды ескере отырып, бұндай
жағдайларды болдырмауға болады:
а) Кері соққыға әсерлесу үшін, ең ыңғайлы тәсілмен дене мен қолды орналастыра
отырып, құралды мықтап ұстаңыз. Іске қосу кезінде кері тебісті немесе айналу сəтін
толық басқару үшін, бар болса, қосалқы тұтқаны ұстаңыз. Қауіпсіздік ережелерін
сақтаған сəтте, оператор айналу сəтін де, кері соққыларды да басқара алады.
b) Ешқашан қолыңызды айналып тұрған керек-жараққа жақындатпаңыз. Керек-жарақ
сіздің қолыңызға кері соққы беруі мүмкін.
c) Кері соққы орын алған жағдайда электр құралы қозалуы мүмкін аймақта
орналаспаңыз. Кері тебіс ілінісу нүктесінде дискінің қозғалысына қарама-қарсы
бағытта туындайды.

8
KZ
d) Бұрыштарды, өткір жиектерді және т.б. өңдеу кезінде ерекше сақ болыңыз.
Керек-жарақтың секіруіне немесе қа жалуына жол бермеңіз. Бұрыштар, өткір жиектер
жəне секіру айналмалы керек-жарақтың тежелуіне, басқарудың бұзыылуына жəне кері
соққыға əкеліп соғады.
e) Ағашты кесуге арналған тізбекті араның бетін немесе тісті араны орнатпаңыз. Бұндай
беттер тебісті жəне басқарудың бұзылуын жиі тудырады.
ТЕГІСТЕУ КЕЗІНДЕГІ АРНАЙЫ САҚТЫҚ ШАРАЛАРЫ:
a) Тек сіздің құралыңызға ұсынылған дискілерді және таңдалған дискіге сәйкес келетін
қалқаншаны ғана пайдаланыңыз. Электр құралына арналмаған дискілер дұрыс
қалқаланбайды жəне жұмыс барысында қауіп төндіреді.
b) Ортасы бойынша қысылған дискілерді тегістеу беті қалқанша жиегінің жазықтығынан төмен
орнатылуы тиіс. Қалқанша жиегінің жазықтығына проекцияланған дұрыс орнатылмаған
диск тиісті түрде сақтала алмайды.
c) Қалқанша оған берік бекітілуі тиіс және барынша қауіпсіздікті қамтамасыз етуі керек, ал
дискінің шағын бөлігі операторға қарай бағытталуы тиіс. Қалқанша операторды сынған
дисктің фрагменттерінен, дискіге кездейсоқ қол тигізуден жəне киімді өртеп жібере
алатын шоқтардан қорғауға мүмкіндік береді.
d) Дискілер тек арналуы бойынша пайдаланылуы керек. Мысалы: кеспелі дисктің бүйір
қырымен тегістеуге тыйым салынады. Қажақ кескіш дөңгелектер перифериялық
тегістеуге арналған, бұл дөңгелектерге салынатын бүйір күштер олардың
зақымдануына əкелуі мүмкін.
e) Әрдайым дұрыс өлшемді және пішінді, зақымданбаған және таңдалған дискіге сәйкес
келетін фланецтерді қолданыңыз. Дұрыс фланецтер дискті ұстап тұрады жəне оның
сыну ықтималдығын азайтады. Кеспелі дискілерге арналған фланецтер тегістеу
дөңгелегіне арналған фланецтерден ерекшеленуі мүмкін.
f) Үлкен электр құралдардың тозған дискілерін қолданбаңыз. Қуатты құралға арналған дискі
неғұрлым жылдамырақ шағын құралға жарамайды жəне жарылып қалуы мүмкін.
БАТАРЕЯ БЛОГЫНЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІ БОЙЫНША
ЕСКЕРТУЛЕР
a) Батарея блогын немесе ұяшықтарды бөлшектеуге, ашуға немесе бөліктеуге болмайды.
b) Батарея блогын қысқа тұйықтамаңыз. Батарея блоктарын қорапта немесе жәшікте қалай
болса солай сақтамаңыз, себебі олар бір-бірін қысқа тұйықтауы мүмкін немесе өткізгіш
материалдармен қысқа тұйықталады. Батарея блогын пайдаланбаған кезде, оны бір
клеммадан басқасына қосылуына себеп болуы мүмкін қағаз қыстырғыштар, тиындар,
кілттер, шегелер, бұрандалар сияқты басқа да ұсақ металл заттардан алшақ ұстаңыз.
Батарея клеммаларының бірге тұйықталуы күйіп қалуға немесе өрт шығуына себеп болуы
мүмкін.
c) Батарея блогын жылуға немесе отқа жақындатпаңыз. Күн сәулесі тікелей түсетін жерде
сақтамаңыз.
d) Батарея блогының механикалық соққыға ұшырауын болдырмаңыз.
e) Батарея ағып кеткен жағдайда, сұйықтықтың теріге немесе көзге тиюіне жол бермеңіз.
Тиіп кеткен жағдайда, зардап шеккен аймақты көп мөлшердегі сумен жуып, медициналық
көмекке жүгініңіз.
f) Егер ұяшық немесе батарея блогын жұтып қойсаңыз, тез арада медициналық көмекке
жүгініңіз.
g) Батарея блогын таза және құрғақ күйде ұстаңыз.

9
KZ
h) Батарея блогының клеммасы кірленген болса, құрғақ таза шүберекпен сүртіңіз.
i) Батарея блогын пайдаланудан бұрын зарядтау керек. Әрқашан осы нұсқаулықты қарап,
дұрыс зарядтау процедурасын пайдаланыңыз.
j) Пайдаланылмаған кезде батарея блогын зарядтауға болмайды.
k) Ұзақ уақыт сақталғаннан кейін максималды түрде өнімді болуы үшін, батарея блогын
бірнеше рет зарядтап, зарядын тауысу қажет болуы мүмкін.
l) Батарея блогы қалыпты бөлме температурасында (20°C ± 5°C) жұмыс істесе, жақсы
жұмыс өнімділігін береді.
m) Батарея блоктарын қоқысқа тастаған кезде әртүрлі электрохимиялық жүйелердің батарея
блоктарын бір-бірінен бөлек ұстаңыз.
n) Тек өндіруші ұсынған зарядтағыш құрал арқылы зарядтаңыз. Жабдықпен бірге
пайдалануға арнайы берілген зарядтағыш құралдан басқа зарядтағыш құралды
пайдаланбаңыз. Батарея блогының белгілі бір түріне арналған зарядтағыш құралды басқа
түрдегі батарея блогымен пайдалану өрт қаупін тудыруы мүмкін.
o) Жабдықпен пайдалануға арналмаған кез келген батарея блогын пайдалануға болмайды.
p) Батарея блогын балалардың қолы жетпейтін жерде сақтаңыз.
q) Түпнұсқалық өнімнің әдебиетін болашақта анықтама ретінде пайдалану үшін сақтап
қойыңыз.
r) Пайдаланылмаған кезде батареяны жабдықтан алып қойыңыз.
s) Тиісті түрде қоқысқа тастаңыз.
t) Құрылғы ішінде өндірісі, сыйымдылығы, өлшемі немесе түрі әртүрлі ұяшықтарды
араластырмаңыз.
u) Пайдалану қажет болғанға дейін батарея блогын түпнұсқа қаптамасынан шығармаңыз.
v) Батареядағы плюс (+) және минус (-) белгілерін байқап, дұрыс пайдаланылуын
қамтамасыз етіңіз.
ЗАРЯДТАҒЫШ ҚҰРАЛДЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІ БОЙЫНША
ЖАЛПЫ ЕСКЕРТУЛЕР
ЕСКЕРТУ Барлық қауіпсіздік ескертулері мен
нұсқауларды оқып шығыңыз. Ескертулер мен
нұсқауларды орындамау салдарынан ток соғуы, өрт шығуы
жəне/немесе ауыр жарақат алу жағдайлары туындауы мүмкін.
Барлық ескертулер мен нұсқауларды болашақта қарау үшін
сақтап қойыңыз.
8 жастан асқан балалар мен дене, сезім мен ақыл-ой қабілеттері
шектеулі немесе пайдалану бойынша тәжірибесі мен білімі
жеткіліксіз тұлғалар осы құрылғыны ересектердің бақылауында
болған жағдайда және құрылғыны қауіпсіз жолмен пайдалану
жөнінде нұсқаулар алып, ықтимал қауіптерді түсінетін жағдайда
пайдалана алады. Балалардың осы құрылғымен ойнауына жол
бермеңіз. Тазалау және пайдаланушы тарапынан техникалық
қызмет көрсету жұмыстарын балаларға ересектердің
бақылауынсыз орындауға болмайды.
Қуат сымы зақымдалған болса, қауіптің алдын алу үшін оны
өндіруші, қызмет көрсету агенті немесе сәйкес біліктілігі бар
адамдар ауыстыруы керек.

10
KZ
БАТАРЕЯ ЗАРЯДТАҒЫШ ҚҰРАЛЫНА АРНАЛҒАН
ҚОСЫМША ҚАУІПСІЗДІК НҰСҚАУЛАРЫ
1. Зарядтау алдында нұсқаулықтарды оқып шығыңыз.
2. Ағып кеткен батареяны зарядтамаңыз.
3. Зарядтағыш құралдарды тағайындалмаған жұмысынан басқа
қосымша жұмыстар үшін пайдаланбаңыз.
4. Зарядтау алдында зарядтағыш құралдың жергілікті ауыспалы
ток көзіне сәйкес келетініне көз жеткізіңіз.
5. Бөлме ішінде пайдалануға арналған немесе жаңбыр астына
қоймаңыз.
6. Зарядтағыш құралды ылғалданудан қорғау керек.
7. Зарядтағыш құралды ашық күйде пайдаланбаңыз.
8. Батарея немесе зарядтағыш құралдың байланыстарын
қысқартпаңыз.
9. Зарядтау кезінде «+/-» полярлықтарын ескеріңіз.
10. Құрылғыны ашпай, балалардың қолы жетпейтін жерде
сақтаңыз.
11. Басқа өндірушілердің батареяларын немесе сәйкес келмейтін
үлгілерді зарядтамаңыз.
12. Зарядтағыш құрал мен батареяның арасындағы байланыс
дұрыс орнатылғандығына және басқа денелердің кедергі
жасамайтынына көз жеткізіңіз.
13. Батарея зарядтағыш құралының саңылауларында бөгде
заттардың болмауын және кірден және ылғалдан таза болуын
қадағалаңыз. Құрғақ және аязсыз жерде сақтаңыз.
14. Батареяларды зарядтаған кезде, батарея зарядтағыш
құралының жақсы желдетілген жерде және тұтанғыш
материалдардан алшақ тұрғанына көз жеткізіңіз. Зарядтау
кезінде батареялар қызып кетуі мүмкін. Батареяларды
шамадан артық зарядтамаңыз. Зарядтау кезінде батареялар
мен зарядтағыш құралдардың қараусыз қалдырылмағанына
көз жеткізіңіз.
15. Қайта зарядталмайтын батареяларды зарядтамаңыз, себебі
олар қызып кетуі және бұзылуы мүмкін.
16. Батарея блогын ауа температурасы 18°C - 24°C аралығында
зарядтау арқылы қызмет ету мерзімін ұзартып және
өнімділіктің артуына қол жеткізуге болады. Батарея блогын
0°C шамасынан төмен немесе 40°C шамасынан жоғары ауа
температурасында зарядтамаңыз. Бұл өте маңызды, себебі
ол батарея блогының қатты зақымдалуын болдырмайды.

11
KZ
17. Тек өндіруші қамтамасыз еткен және өндіруші ұсынған
үлгілердегі батарея блогын зарядтаңыз.
18. Зарядтағаннан кейін, батарея зарядтағыш құралын қуат
көзінен ажыратыңыз. Шасси қосылымдарын, содан кейін
батарея қосылымдарын алыңыз.

12
KZ
ТЕХНИКАЛЫҚ СИПАТТАМА
Үлгісі CGA18LD (CGA — машиналық жабдық түріндегі арналуы, бұрыштық тегістеу
станогын білдіреді)
ШУ ЖӘНЕ ТЕРБЕЛІС ПАРАМЕТРЛЕРІ
Өлшенген дыбыстық қысым деңгейі LpA 77дБ(A)
KpA 3дБ(A)
Өлшенген акустикалық қуат LwA 88дБ(A)
KwA 3дБ(A)
Егер дыбыс қысымы осы мәннен артса, есту мүшелерін қорғау құралдарын тағыңыз 80дБ(A)
ТЕРБЕЛІС ТУРАЛЫ АҚПАРАТ
Жалпы тербеліс көрсеткіштері (жиынтық үшкомпоненттік тербеліс) EN 60745 сәйкес
анықталған:
Тегістеу станогы Тегістеу беті Тербеліс әсерінің мәні ah,AG = 4.381м/с2
Мән қателігі K=1,5 м/с²
ЕСКЕРТУ: Электр құралының шынайы тербеліс әсері құралды пайдалану әдісіне қарай
көрсетілген мәннен ерекшеленуі мүмкін.
Тербеліс әсерінің күшін шарттайтын факторлар төменде келтірілген.
Құралды пайдалану және материалды тегістеу тәртібі.
Құрал тиісті күйде және оған жақсы қызмет көрсетіледі.
Құралмен дұрыс қондырмалар қолданылады, олар әрқашан қайралған және тиісті күйде
болады.
Оператор құрылғының тұтқасын дұрыс әрі мықтап ұстайды және тербеліске қарсы қорғаныс
құралдарын қолданады.
Құрал жобаға және осы нұсқаулықтарға сәйкес мақсаты бойынша қолданылады.
Ескерту:
-К өрсетілген тербелістің жалпы көрсеткіші стандартты тесттің көмегімен анықталған және
түрлі құралдарды салыстыру үшін қолданыла алады.
-Т ербелістің жалпы көсреткіші әсер ету деңгейін алдын ала бағалау үшін де қолданыла алады.
Назар аударыңыз:
-Э лектр құралының шынайы тербеліс әсері құралды пайдалану әдісіне қарай көрсетілген
мәннен ерекшеленуі мүмкін.
-Т ербеліс әсерін азайту бойынша ұсыныстар:
Кернеу
Номиналдық айналу жылдамдығы
Диск өлшемі
Дискінің ішкі диаметрі
Тегістеу дискінің ұсынылған қалыңдығы
Тегістеу дискінің үлгісі
Тегістеу дискінің қалқаншасының үлгісі
Сүмбе бұрандасы
Құрылғы салмағы
18 В
8800 айн/мин
115 мм
22,23 мм
6 мм
27 үлгі
27 үлгідегі тегістеу дискісіне арналған
M14
1,56 кг

13
KZ
1)Ж ұмыс кезінде қолғап киіңіз
2)Ж ұмыс уақытын шектеңіз және қосу уақытын қысқартыңыз.
Дұрыс пайдаланылмаған жағдайда бұл құрылғы қолдың тербеліс синдромын тудыруы
мүмкін.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ: Шынайы жағдайларда тербеліс әсерінің деңгейін бағалау кезінде
құрал өшіп тұрған кезді немесе бос жұмыс жасаған уақытты та ескеру керек. Бұл бүкіл
жұмыс уақытында әсер деңгейін елеулі түрде азайтуға мүмкіндік береді.
Тербеліс әсерінің тәуекелін азайтыңыз.
ӘРҚАШАН жақсы жұмыс күйіндегі керек-жарақтарды қолданыңыз.
Бұйымға осы нұсқаулықтарға сәйкес қызмет көрсетіңіз және жақсылап майлаңыз
(қажетінше).
Егер құрал жиі қолданылатын болса, тербеліске қарсы керек-жарақтарды сатып алыңыз.
Құралды 100С төмен температурада қолданбаңыз.
Жұмыс кестесін жоғары тербелісті құралдарды бірнеше күнге бөліп пайдаланатындай етіп
жоспарлаңыз.
КЕРЕК-ЖАРАҚТАР
Батарея жинағы продается отдельно
Қуаттау құрылғысы продается отдельно
Қосалқы тұтқа 1
Тегістеу дискі 1
Сомынды бұрайтын кілт 1
Тегістеу дискісінің қалқаншасы 1
Рекомендуем приобретать все принадлежности в том же магазине, где был куплен сам
инструмент. Используйте высококачественные принадлежности известных марок. Выбирайте
тип принадлежностей в соответствии с видом предстоящей работы. Дополнительные
сведения см. на упаковке принадлежностей. Работники магазина помогут с выбором и дадут
необходимые советы.
КОМПОНЕНТТЕР ТІЗІМІ
1. Қосалқы тұтқа
2. Сүмбені бұғаттау батырмасы
3. Жұмсақ тұтқа
4. Батареялар жинағы*
5. Батареялар жинағын ажырату батырмасы*
6. Қосу/өшіру ауыстырып-қосқышы
7. Тегістеу дискісінің қалқаншасы
8. Сыртқы фланец
9. Ішкі фланец
10. Сомынды бұрайтын кілт
11. Тегістеу дискі
* Суреттерде келтірілген немесе құжатта сипатталған керек-жарақтардың барлығы
стандартты жеткізу жинағына кірмейді.

14
KZ ТЕХНИКАЛЫҚ СИПАТТАМА
Жарақат алу қаупін азайту үшін қолдану бойынша нұсқаулықты оқыңыз.
Ескерту.
Ьұл өнім қайта өңдеуге келеді. Оны әрі қолдануға болмайтын жағдайда, оны қайта
өңдейтін орталыққа тапсыруыңызды өтінеміз
Есту органдарын қорғау құралдарын пайдаланыңыз
Қорғаныс көзілдірігін пайдаланыңыз.
Респиратор қолданыңыз.
Қорғаныс қолғаптарын киіңіз.
Қажақпен кесуге арналған дискілермен бетті тегістеуге тыйым салынады.
Бұзылған тегістеу машинасын қолданбаңыз.
Ылғалды суытумен бірге тегістеуге тыйым салынады
Батареялар тиісті түрде кәдеге жаратылмаған жағдайда су айналымына енуі
мүмкін, бұл экожүйе үшін қауіпті. Пайдаланылған батареяларды сұрыпталмаған
тұрмыстық қалдықтар ретінде кәдеге жаратпаңыз.
Тұтатпаңыз
Электрлік өнімдердің қалдықтарын тұрмыстық қоқысқа тастауға болмайды. Кәдеге
жаратуға арналған арнайы мекемелер болса, құралды кәдеге жаратыңыз. Кәдеге
жарату бойынша кеңес алу үшін жергілікті өкілетті органдарға немесе сауда орнына
хабарласыңыз
Батарея блогын әрдайым 0-40°C температура аралығында зарядтаңыз
Литий-ионды батарея Бұл өнім барлық батарея блоктары мен батарея
блогына қатысты «бөлек жинау» белгісімен белгіленген. Оны қоршаған
ортаға кері әсерін тигізбеу үшін қайта өңдейді немесе бөлшектейді. Батарея
блоктарының құрамында қауіпті заттар болатындықтан, олар қоршаған орта
мен адам денсаулығына қауіп төндіруі мүмкін.
Тек ғимарат ішінде пайдалануға арналған

15
KZ
Қос қабатты оқшаулау
Балқитын сақтандырғыш
Оң клемма
Теріс клемма
T 2A
Үлгісі CGA18LD (CGA — машиналық жабдық түріндегі арналуы, бұрыштық тегістеу
станогын білдіреді)
Жоғарыдағы тізімде берілген керек-жарақтарды батарея зарядтағыш құралды сатқан дүкеннен
сатып алуға кеңес береміз. Толық мәліметтер алу үшін керек-жарақ қаптамасын қараңыз. Дүкен
қызметкерлері көмек көрсетіп, кеңес бере алады.

16
KZ
ҚОЛДАНУ БОЙЫНША НҰСҚАУЛЫҚ
ЕСКЕРТПЕ: Қолданудың алдында нұсқаулықты мұқият оқып шығыңыз.
ҚОЛДАНЫЛУЫ
Станок суды пайдаланусыз металл және тас материалдарын металл щеткамен алғашқы
өңдеуге және тазартуға арналған.
ЖҰМЫСҚА ДАЙЫНДАУ
A)Б АТАРЕЯНЫ ҚУАТТАУ
Жеткізілетін қуаттаушы құрылғы құрылғыда орнатылған литий-иондық батареямен үйлеседі.
Басқа қуаттаушы құрылғыларды қолданбаңыз.
Литий-иондық батарея қатты қуатсыздануға қарсы қорғалған. Аккумулятор толықтай
қуатсызданғанда, құрылғы қорғаныс тізбегінің көмегімен автоматты түрде өшеді. Патрон
тағы біраз уақыт айналып тұрады.
Жылы жағдайларда немесе белсенді пайдаланудан кейін акуумулятор өте қатты қызып
кетуі мүмкін. Бұндай жағдайда оны қуаттауға болмайды. Акуумуляторды қуаттамай тұрып,
оған біраз сууға уақыт беріңіз.
Бірінші пайдалану алдында немесе ұзақ сақтаудан кейін аккумуляторды бірнеше рет толық
қуаттап, қуатсыздандыру керек.
B)Б АТАРЕЯ ЖИНАҒЫН АЛЫП ТАСТАУ
Аккумуляторды суырып алу батырмасына (5) басып, аккумуляторды құрылғыдан шығарып
алыңыз.
C)Б АТАРЕЯ ЖИНАҒЫН ОРНАТУ
Толықтай қуатталған аккумуляторды құралдың қажетті орнына шыртыл естілгенше енгізіңіз.
D)А ККУМУЛЯТОРДЫ ҚУАТТАУ (А сур. қараңыз)
ҚУАТТАУДЫ ОРЫНДАУ
1)Қ уаттау құрылғысын тиісті розеткаға орнатыңыз. Көрсеткіш жасыл түспен жанады.
2)А ккумуляторды қуаттаушы құрылғыға орнатыңыз. Көрсеткіш қуаттаудың басталғанын
көрсетіп, қызыл түспен жанады.
3)Қ уаттау аяқталғанда көсреткіш жасыл түспен жанады. Енді аккумулятор толық қуатталған.
Қуаттау құрылғысын желіден суырыпғ аккумуляторды шығарып алыңыз.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ: Егер аккумулятор ұзақ пайдаланудан кейін толық
қуатсызданса немесе тікелей күн сәулелерінің әсерінен қызып кетсе, оны
қуаттамас бұрын, аккумулятордың суығанын күтіңіз.
ҚУАТТАУ КӨРСЕТКІШІ
Берілген қуаттаушы құрылғы батареялар жинағымен болуы ықтимал мәселелерді анықтау
үшін жобаланған. Қуаттау көрсеткіші мәселелерді білдіреді (төмендегі кестені қараңыз). Бұл
жағдайда жаңа аккумуляторды қуаттаушы құрылғыға орнатып, оны дұрыс жұмыс жасайтынын
тексеріңіз. Егер жаңа аккумулятор дұрыс қуатталса, түпнұсқа аккумулятор бұзылған деген сөз
және оны қызмет көрсету орталығына немесе қайта өңдеу орнына өткізу керек. Егер жаңа
аккумуляторды қуаттау кезінде түпнұсқалық аккумулятормен болған мәселелер қайталанса,
қуаттау құрылғысын қызмет көрсету орталығына тексеруге өткізу қажет.

17
KZ
Жарық Көрсеткіштің жыпылықтауы Жағдайы
Қызыл жанады ________ Қуаттау
Қызыл жыпылықтайды _ _ _ _ Бұзылған аккумулятор
Жасыл жанады ________ Қуаттау аяқталды
Жасыл жыпылықтайды _ _ _ _ Ыстық/суық кідіріс
ПАЙДАЛАНУ НҰСҚАУЛЫҒЫ
1. ҚОСУ/ӨШІРУ ТЕТІГІН ЖЫЛЖЫТУ (В СУРЕТІН ҚАРАҢЫЗ)
Электр құралын іске қосу үшін, алдымен қосу/өшіру тетігінің артқы бөлігіне басыңыз, содан
кейін қосу/өшіру тетігін (6) алдыңа қарай жылжытыңыз.
Қосу/өшіру тетігін (6) бұғаттау үшін, қосу/өшіру тетігін (6) төмен алдыға қарай шыртыл
естілгенше басыңыз.
Электр құралын қросу үшін, қосу/өшіру тетігін (6) қысқа уақытқа төмен басып, содан кейін
босатыңыз.
Ескерту: Станок кездейсоқ іске қосудан қорғау функциясымен жабдықталған.
Пайдаланушының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында, сіз тетік «қосу» тәртібінде
тұрғанда станокқа батареяны салсаңыз, станок жұмыс жасамайды.
Станок тетікті «өшіру» тәртібіне орнатып, қайта қосқан кезде ғана іске қосылады.
2. ТҰТҚАЛАР АЙМАҒЫ
Жұмыс кезінде әрдайым бұрыштық тегістеу станогын екі қолмен мықтап ұстаңыз.
3. РЕТТЕЛЕТІН ҚОСАЛҚЫ ТҰТҚА (С СУР. ҚАРАҢЫЗ)
Бұрыштық тегістеу станогын барынша қауіпсіз және ыңғайлы бақылауды қамтамасыз ету
үшін,екі жұмыс тәртібінің қосымша функциясы бар. Тұтқаны сағат тілінің бойымен беріліс
қорабының қандай да бір тесігіне бұрап кіргізуге болады.
ЕСКЕРТУ: құралды толық бақылауды қамтамасыз ету үшін, бұл тұтқаны әрдайым қолдану
керек.
4. СҮМБІНІ БҰҒАТТАУ БАТЫРМАСЫ
Сүмбіні бұғаттау батырмасын дискті ауыстырған кезде пайдалануға болады.
НАЗАРА АУДАРЫҢЫЗ: Диск айналып жатқанда батырмаға баспаңыз!
5. ДИСКТІ РЕТТЕУ (D, E СУР. ҚАРАҢЫЗ)
Ішкі фланец (9) сүмбінің астында орналасқан, оның дұрыс орналасуын тексеру керек. Екі
өңделген жазық секциялар алдыңғы жағымен бұрыштық тегістеу станогына қарап
орналасып, сүмбіде дұрыс орнатылуы керек.
Дискті (11) ішкі фланецке (9) орнатыңыз, этикетка бұрыштық тегістеу станогына қарап
тұруы тиіс, содан кейін сыртқы фланецті (8) сүмбіге орналастырңыз. Сүмбіні бұғаттау
батырмасына (2) басыңыз және сүмбіні ол бұғатталғанша бұраңыз, содан кейін сыртқы
фланецті (8) жеткізу жинағына кіретін сомынды бұрайтын кілттің (10) көмегімен қатты
бұрап тастаңыз. Дисктің еркін айналуын және мықтап бекітілгенін тексеріңіз. Дисктің
тербелісін және оның соққысын тексеру үшін, 20 секунд ішінде бос жүргізу арқылы
тексеріңіз. Дискті шығарып алу үшін, берілген қадамдарды кері тәртіпте қайталаңыз.

18
KZ
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ: Төлқұжат кестесінде келтірілген ең үлкен номиналдық
жылдамдына кем айн/мин саны көрсетілген дискті қолданбаңыз. Фланецтерді тазалаңыздар
және жаңа дискіні тексеріңіз.
6. СЫРТҚЫ ФЛАНЕЦТЕРДІ ТҮЙРЕУІШТЕРДІҢ КӨМЕГІМЕН БЕКІТІҢІЗ (F СУР. ҚАРАҢЫЗ)
Диск тесігіне қосымша қолдауды қамтамасыз ету үшін, сыртқы фланецтің көтерілген бөлігі
дұрыс реттелгенін және алдыңғы жағымен дискіге қарап тұрғанын тексеріңіз. Диск
бекіткіштерінің дұрыс орнатылғанын әрдайым тексеріңіз.
7. ҚАЛҚАНШАНЫ РЕТТЕУ ЖӘНЕ ШЕШУ
ҚАЛҚАНШАНЫ РЕТТЕУ
Машинада кез келген жұмыстарды орындау кезінде батареялар жинағын шығарыңыз.
Тегістеу дискілерімен жұмыс жасау үшін, диск қалқаншасы орнатылуы тиіс.
Тегістеу дискісінің қалқаншасы
Диск қалқаншасының шығыңқы бөлігіндегі код станокқа сәйкес келетін қалқанша үлгісін
ғана станокқа орнату мүмкіндігін қамтамасыз етеді.
Қысқыш тетігін көтеріңіз. Шығыңқы бөлігінде коды бар диск қалқаншасын станоктың артқы
жағындағы сүмбеде орналасқан коды бар саңылауға орналастырыңыз және қажетті
тәртіпке дейін бұраңыз (қлқаншаның ұсынылған жұмыс жасау аралығы -30°-тан +30° дейін).
Диск қалқаншасын бекіту үшін, қысқыш тетікті жіберіңіз.
Диск қалқаншасының жабық тұсы әрдайым операторға қарап тұруы керек.
ҚАЛҚАНШАНЫ ШЕШУ (G1, G2, G3, G4 СУР. ҚАРАҢЫЗ)
Кез келген жұмыс жағдайларында қалқаншаны шешуге тыйым салынады. Оны шешу үшін,
ең алдымен, дискті және екі фланецті де шығарыңыз. Содан кейін қысқыш тетікті көтеріңіз
және шығыңқы жерлерді беріліс қорабының ойығымен теңестіру үшін, қалқаншаны бұраңыз
(қалқанша дұрыс реттелген, оның сомынын абайсызда түртіп қалмаңыз).
Қалқаншаны орнына орнату үшін, үрдісті кері тәртіпте қайталаңыз.
Барлық бөліктерді сенімді жерде сақтаңыз.
ЕСКЕРТУ: Қалқанша тағы да бір пайдалану үшін дұрыс реттелген, сомынды кездейсоқ
басып қалмаңыз. Алайда ұзақ уақыт пайдаланған соң, қысқыш тетігін қорытынды босатудан
кейін қалқаншаның сенімді бекітілуін қамтамасыз ету үшін, пайдаланушы қалқаншаның
сомынын реттеуі қажет (көтерілген қысқыш тетігі мен реттеу құралының көмегімен) (жабық
күйде 8 Нм күшпен жақсы бекітілген қалқаншаны бұрау мүмкін емес).
8. ТЕГІСТЕУ СТАНОГЫН ПАЙДАЛАНУ (H СУР. ҚАРАҢЫЗ)
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ: Диск дайындамаға тиіп тұрғанда, тегістеі станогын қоспаңыз.
Тегістеу алдында дискті ең үлкен жылдамдыққа жетуін қамтамасыз етіңіз.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ: Тегістеу үшін кескіш дискті пайдалануға тыйым салынады. Тегістеу
кезінде тегістеу дискісінің қалқаншасын ғана пайдаланыңыз, бұл нұсқаулықта аталмаған
басқа дискті немесе дискіге арналған басқа қалқаншаны қолданбаңыз.
АБАЙЛАҢЫЗ: Дайындаманың дұрыс тірегін қамтамасыз етіңіз.
Бұрыштық тегістеу станогын бір қолмен басты тұтқадан, ал басқа қолмен қосымша тұтқаны
мықтап ұстап алыңыз.
Диск жұмысы қарқынды болғанда қалқанша барынша сізден алшақ тұратындай
орналастырыңыз.
Дисктің металлмен жанасқанда шоқтардың ұшуына дайны болыңыз.
Құралды барынша бақылауды, материалды эвакуациялауды және аз мөлшерде жүктеме
салуды қамтамасыз ету үшін, диск пен дайындама бетінің арасындағы бұрышты тегістеу
кезінде 15º-тан 30º дейін сақтаңыз.
Бұрыштармен жұмыс жасағанда сақ болыңыз, себебі өңделетін бетке тиіп кету тегістеу

19
KZ
станогының секіруіне немесе майысуына әкелуі мүмкін.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ: Бүйір жақпен жне перифериялық тегістеу кезінде де диск пен
дайындама бетінің арасындағы бұрышты 15º-тан 30º дейін сақтау қажет.
Жұмыс аяқталған соң дайындаманың суығанын күтіңіз. Бетке тимеңіз.
9. АРТЫҚ ЖҮКТЕЛІМ
Артық жүктелім бұрыштық тегістеу станогының электр қозғалтқышының бұзылуына әкелуі
мүмкін. Егер бұрыштық тегістеу станогы үзақ уақыт бойы белсенді пайдаланылса, сондай
зақым келуі мүмкін.
Жұмысты жылдамдату мақсатында бұрыштық тегістеу станогына артық қысым көрсетуге
тыйым салынады.
Бұрыштық тегістеу станогының жылдамдығының күрт өзгеруіне жол берілмей, қажақ
дискілерге жеңіл қысым жасалған кезде, олар неғұрлым тиімді жұмыс жасайды.
Егер бұрыштық тегістеу станогы тым қатты қызса, 2-3 минут бос жүрісті қосып, оның
қалыпты жұмыс температурасына дейін суығанын күтіңіз.
10. ПАЙДАЛАНЫЛҒАН БАТАРЕЯЛАР ЖИНАҒЫН ЖОЮ
Табиғи ресурстарды үнемдеу үшін, батареялар жинағын тиісті түрде қайта өңдеуді және
жою орындарына тапсырыңыз. Бұл батарея блогының құрамында литий аккумуляторлары
бар. Қайта өңдеу және жою орындары туралы туралы ақпарат алу үшін жергілікті жою
ұйымына хабарласыңыз. Құрылғыны пайдаланып, аккумуляторды қуатсыздандырып,
батарея блогын құрал корпусынан шығарыңыз және қысқа тұйықталудың және энергияның
жұмсалуын болдырмау үшін, батарея блогының қосылыстарына берік таспаны
жабыстырыңыз. Қандай да бір компоненттерді ашуға немесе шығаруға тырыспаңыз.
БҰРЫШТЫҚ ТЕГІСТЕУ СТАНОГЫН ПАЙДАЛАНУ
БОЙЫНША КЕҢЕСТЕР
Әрдайым ең үлкен жылдамдыққа жеткенше бос жүрістен бастап, содан кейін жұмысқа
кірісіңіз.
Жұмысты жылдамырақ аяқтау үшін, дискке күш салмаңыз, диск жылдамдығының азаюы
неғұрлым ұзақ жұмыс уақытын білдіреді.
Әрдайым диск пен дайындама арасында 15º-тан 30º дейін бұрышта жұмыс жасаңыз.
Неғұрлым үлкен бұрыш дайындамада толқынды жолақтардың пайда боулына әкеледі
және беттің өңдеуін бұзады.
Бұрыштық тегістеу станогын дайындама бойымен көлденең, артқа және алдыға
жылжытыңыз.
Ығысуды болдырмау үшін, дайындамаларды әрдайым мықтап бекітіңіз.
ТЕХНКИАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ
1. Тегістеу станогының желдеткіш тесіктерін тазалықта ұстап, бітелуіне жол бермеңіз.
Мүмкіндігінше, ішкі ластанудан тазарту үшін, тесіктерді қысылған ауамен үрлеңіз (бұл
процедураны орындау үшін қорғаныс көзілдірігін тағыңыз).
2. Тегістеу станогының сыртқы корпусын тазалықта, консистентті май іздерінсіз ұстау
қажет. Сумен жумаңыз және еріткіштер мен қажақ материалдарын қолданбаңыз. Құралды
тазалау үшін тек жұмсақ сабын мен ылғалды матаны қолданыңыз. Қандай да бір
сұйықтықтың құралға ағып кетуіне жол бермеңіз. Құралдың кез келген бөліктерін сұйықтыққа
батыруға тыйым салынады.
3. Бұл бұрыштық тегістеу станогы қосымша майлауды қажет етпейді. Құрылғыда
пайдаланушы тарапынан қызмет көрсетілуі мүмкін бөлшектер жоқ.

20
KZ
4. Электр құралын және керек-жарақтарды әрдайым құрғақ және балалардың қолы
жетпейтін жерде сақтаңыз.
АҚАУЛАРДЫ ЖОЮ
Сіздің жаңа бұрыштық тегістеу станогын пайдалану шынында да оңай болғанымен, мәселелер
туындаған кезде келесі жайттарды тексеріңіз:
1. Егер тегістеу дискісі дірілдесе немесе тербелсе, сыртқы фланецтің тартысын немесе
дисктің фоанецтік тақтайда дұрыс орнатылғанын тексеріңіз.
2. Зақымданған дискіні қолданбаңыз, себебі ол секіруі мүмкін. Оны шығарып алып, жаңасын
орнатыңыз. Ескі дискті дұрыс жойыңыз.
3. Алюминиймен немесе соған ұқсас жұмсақ қорытпамен жұмыс жасаған кезде, диск жиі
жағдайда бітеліп, тегістеуді тиімсіз орындайды.
4. Шеткі температураларда немесе белсенді пайдаланудан кейін батареялық бөліктен кішіг
ірім сұйықтық ағуы мүмкін. Барлық сұйықтықтарды қолыңыздан, теріңізден немесе киіміңізден
сабын мен судың көмегімен шайыңыз.
5. Батареядан берілетін қуат жылу бөледі. Жылу берілетін энергия артқан сайын ұлғаяды.
Бұл батареялар жинағының зақымдануына әкелмейді және жылуды бөлу қалыпты жағдай
болып табылады. Егер сіз оны суытқыңыз келсе, жұмысты жалғастырмай тұрып, құралдың
суығанын күтіңіз.
6. Батареялар жинағы қаттау кезінде қызуы мүмкін. Бұл қалыпты жағдай. Бұл қуаттау
барысында батареялардың ішінде химиялық реакциялардың түрленуінің нәтижесі болып
табылады.
7. Қуаттау құрылғысы қуаттау кезінде қызады. Бұл қалыпты жағдай. Бұл берілетін
энергияның түрлену нәтижесі болып табылады.
ЗАЩИТА ОКРУЖАЮЩЕЙ СРЕДЫ
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ
Электрлік өнімдердің қалдықтарын тұрмыстық қоқысқа тастауға болмайды. Кәдеге
жаратуға арналған арнайы мекемелер болса, құралды кәдеге жаратыңыз. Кәдеге
жарату бойынша кеңес алу үшін жергілікті өкілетті органдарға немесе сауда орнына
хабарласыңыз.
DISPOSAL OF AN EXHAUSTED BATTERY PACK
To preserve natural resources, please recycle or dispose of the battery pack properly. This
battery pack contains Li-ion batteries. Consult your local waste authority for information
regarding available recycling and/or disposal options. Discharge your battery pack by
operating your hammer, then remove the battery pack from the hammer housing and cover the
battery pack connections with heavy-duty adhesive tape to prevent short circuit and energy
discharge. Do not attempt to open or remove any of the components.
Other manuals for CGA18LD
1
Table of contents
Languages:
Other Dexter Power Grinder manuals