
Сипаттама
1. Мотор блогы
2. Пышағы бар саптама
67
IR-5021 IR-5021
Қауіпсіздік шаралары
Құралды пайдаланар алдында осы нұсқаулықты мұқият оқыңыз.
Алғашқы пайдаланудың алдында электр желісінің кернеулігі құралдың
тұрқында көрсетілген көрсеткішке сəйкес екенін тексеріңіз.
Электр тогымен жарақаттанбау үшін құралдың тұрқын суға немесе басқа
сұйықтыққа салмаңыз.
Істен шыққанда, тазалар алдында, пайдаланғаннан кейін құралды электр
желісінен сөндіріңіз.
Сымы, айыры немесе басқа бөлшектері зақымдалған құралды пайдалануға
болмайды.
Істен шыққан құралды тексеру жəне жөндеу үшін сервистік шеберханаға
апарыңыз.
Бөлмеден тыс пайдалануға болмайды.
Қосылып тұрған құралды қараусыз қалдырмаңыз.
Тек жеткізу житынтығына кіретін саймандарды пайдаланыңыз.
Құрал сымының үшкір заттар мен ыстық беттерге тимеуін қадағалаңыз.
Құралды балалардың қолы жетпейтін жерде сақтаңыз.
Назар аударыңыз: пышақтары өте үшкір. Оларды пайдаланғанда абай
болыңыз.
Құралды жинау, бұзу, тазалау жəне сақтаудың алдында электр желісінен
міндетті түрде сөндіріңіз.
Құрал жұмыс барысында балалардың қолы жетпейтін жерде орналасуы тиіс.
Мотор блогны су ағыны астында жууға, мотор блогын жəне ұсақтау
редукторын суға немесе басқа сұйықтықтарға салуға тыйым салынады.
Құрал барлық қауіпсіздік стандарттарына сəйкес келеді. Құралды жөндеу
немесе желі сымын ауыстыру тек қызмет орталығының мамандарымен жүзеге
асырылуы тиіс.
Біліксіз жөндеу пайдаланушыға зиян келтіруі мүмкін.
Бұл құрал тағамның стандартты көлемін өңдеуге арналған, кəсіби
мамандармен пайдалануға жарамайды.
Назар аударыңыз: мөлшерлеме стақанды қысқа толқынды пеште
пайдалануға болмайды.
Құралдың үзіліссіз жұмыс жасауының максималды уақыты 1 минуттан аспау
керек, 5 минуттық үзіліспен.
Осы уақыт аралығын сақтамау электр мотордың бұзылуына əкелуі мүмкін.
Дене немесе ой қабілеті шектелген адамдарға немесе құрал қауіпсіздігіне
жауапты тұлғадан құралдың пайдалануы туралы нұсқау алмаған тəжірибесі мен
білісі жоқ адамдарға құралды пайдалануға рұсқат бермеңіз.
Жұмысқа дайындау жəне пайдалану
Жинаудың алдында құрал желіден сөндірілгенін тексеріңіз.
Бірінші қолданар алдында мотор блогын, ұсақтау редукторын матамен сүртіңіз,
ал саптамаларын барлық жылы сабын сумен жуыңыз жəне шауып, мұқият
кептіріңіз.
Саптамадағы жəне құрал тұрқындағы бағыттауышты жылжытып саптаманы
орнатыңыз жəне саптаманы сағат тіліне қарсы бұрыңыз.
Желі айырын розеткаға қосыңыз, құрал пайдалануға дайын.
Құрал саптамасын сізге араластыруға қажетті өнімге салыңыз, құралды қосу
тетігіне басыңыз.
Құралды пайдаланып болғаннан кейін желі айырын розеткадан алыңыз,
саптаманы сағат тілі бойынша бұрыңыз жəне оны шешіңіз.
Саптама сорпалар, майонездер, балаларға арналған тағам, сондай-ақ сусындар
немесе коктейльдер араластыруға жарайды.
Сіз құралды мөлшерлеме стақанмен, сонымен қатар басқа ыдыспен де
пайдалана аласыз.
Пышағы бар саптаманы өнім дайындалатын ыдысқа салуға болады, бірақ
қауіпсіздік шараларын сақтау керек.
Жақсы нəтижеге жету үшін кең ыдысты пайдаланыңыз.
Сарымай кремін дайындағанда 400 мл артық емес салқындатылған
компонеттерді шайқаңыз (температурасы +4-8С жəне майлылығы 30% кем емес
кілегейді пайдаланыңыз).
Бір уақытта 4 жұмыртқа ақуызынан артық емес шайқаңыз.
Араластырғышты жұмыс барысында сағат тілі бойынша жылжытып отырыңыз
(араластырғыш жиынтыққа кірмейді).
Тазалау жəне күтім
Тазалар алдында құралды сөндіріңіз.
Құралдың тұрқын жəне сымын ешқашан суға салмаңыз.
Пышақты ыстық жəне сабын сумен жуыңыз.
Ұсақтағыштың тұрқын тазалау үшін жұмсақ жөкені пайдаланыңыз. Оны ешқашан
суы бар ыдысқа салмаңзы жəне оны ағын сумен жумаңыз.
Тазалау үшін абразивті заттар пайдаланбаңыз.
Жеткізушінің сатып алушының келісімінсіз тауардың сыртқы түрін немесе
жиынтығын өзгертуге құқығы бар.
Құрал тек тұрмыстық мақсатта қолдануға арналған.
Техникалық сипаттама
Жұмыс кернеулігі: 220-240В/50Гц
Жұмсалатын қуат: 200Вт
Қызмет мерзімі: 2 жыл.
2