
IM015
www.scarlett.ru SC-KG22601
Аспапты және қоректендіру бауын суға немесе басқа да сұйықтықтарға батырмаңыз. Егер осындай жағдай
орын алғанда құрылғыны дереу электр желісінен ажыратыңыз және аспапты одан әрі қолдану үшін, оның
жұмыс істеу қабілетін және қауіпсіздігін білікті маманға тексертіңіз.
Қоректендіру бауы зақымдалған жағдайда, қауіптің алдын алу үшін бұйымның өндірушісі немесе уәкілетті
қызмет көрсету орталығы я да болмаса арнайы білікті маман оны ауыстыруы қажет.
Қоректендіру бауының үшкір жиектер мен ыстық беттерге тимеуін қадағалаңыз.
Аспапты электр желісінен ажырату үшін ашадан ұстаңыз, қоректендіру бауын тартпаңыз.
Құрылғы құрғақ тегіс бетте нық тұруы қажет. Аспапты ыстық бетке қоймаңыз, сондай-ақ жылу көздерінен
(мысалы, электр плиталары), перделер мен аспалы сөрелерден алшақ ұстаңыз.
Қосулы аспапты ешқашан қараусыз қалдырмаңыз.
Дене, жүйке не болмаса ақыл-ой кемістігі бар, немесе осы аспапты қауіпсіз пайдалану үшін тәжірибесі мен
білімі жеткіліксіз адамдардың (соның ішінде балалардың) қауіпсіздігі үшін жауап беретін адам
қадағаламаса немесе аспапты пайдалану бойынша нұсқау бермесе, олардың бұл құрылғыны қолдануына
болмайды.
Балалардың аспаппен ойнауын болдырмау үшін оларды бақылауда ұстау қажет.
Аспап ішкі таймер арқылы немесе бөлек алшақтан басқару құралы арқылы іске қосуға арналмаған.
Аспапты өздігіңізден жөндеуге немесе оның қандайда бір бөлшектерін ауыстыруға тырыспаңыз. Ақаулық
табылған жағдайда, жақын қызмет көрсету орталығына жүгініңіз.
Егер бұйым белгілі бір уақыт аралығында 0ºC-тан төмен температурада тұрған болса, оны қоспастан
бұрын бөлме жағдайында 2 сағаттан кем емес уақыт ұстау қажет.
Өндіруші қосымша ескертпестен бұйымның құрылымына, оның қауіпсіздігіне, жұмыс істеу қабілеті мен
қызметіне түбегейлі әсер етпейтіндей азғантай өзгерістер енгізу құқығын сақтап қалады.
Өндірілген күні өнімде және/немесе қорапта, сондай-ақ қосымша құжаттарда көрсетілген.
ДАЙЫНДАУ
Кәуәп дайындауға арналған электр аспабы Scarlett –үйден шықпай, кәуәп дайындауға мүмкіндік беретін
шағын, пайдалы, қолдануы оңай құрал. Ет мангалда дайындалған секілді дәмді, татымды және хош иісті
болады. Етті төңкерудің қажеті жоқ, ол күйіп кетпейді, біркелкі қуырылады.
Алғашқы рет қолданар алдында құрылғыны полиэтеленді бумадан шығарып, орама қағазын алып
тастаңыз.
Шампурды жуып, оны құрғатып сүртіңіз.
Корпусты және есігін дымқыл матамен сүртіңіз.
ЖҰМЫС
Етті дайындап, оған талғамыңызға қарай дәмдеуіштер қосыңыз.
Ет тілімдерін шампурларға шаншыңыз.
Шампурды құрылғыға орнатыңыз. Шампурдың төменгі үшкір ұштары май жинауға арналған қойғыда
орналасқан саңылауға орнатылады. Шампурдың жоғарғы айналмалы бөлігі құрылғының жоғарғы
пластинасының ойығына орнатылады.
Құрылғыны электр желісіне қосып, корпустағы қосу батырмасын басыңыз. Қозғалтқыш қосылып,
шампурлар айнала бастайды. Егер жұмыс барысында шампурлар айналмаса, қайтадан орнатыңыз.
Кәуәптың дайын болуының болжама уақыты –15 мин.
Ет дайын болғаннан кейін, шампурларды тұтқасынан ұстап шығарыңыз.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!
Жұмыс барысында құрылғының метал бөлшектеріне жанаспаңыз. Күйікке әкелуі мүмкін.
Шампурлар мен есікті тұтқаларынан ғана ұстаңыз.
ТАЗАЛАУ ЖӘНЕ КҮТІМ
Құрылғыны тазалар алдында оны сөндіріп, электр желісінен ажырату керек.
Шарпурлардан етті алып, оларды жуыңыз. Жуғаннан кейін, шампурларды кептіріңіз немесе матамен
сүртіңіз.
Шампурларды алғаннан кейін, майға арналған қойғыларды тазалаңыз.
Майға арналған қойғыларды алу үшін жеткізу жиынтығына кіретін қысқыштарды пайдаланыңыз.
Кәуәп дайындауға арналған аспаптың бөлшектерін тазалау үшін жұмсақ матаны пайдалану керек. Бор,
құм, егеуқұм қағазы, өткір қылшақтары бар сорғыш және сызат түсіретін немесе аспаптың сыртқы
келбетіне зақым келтіруі мүмкін заттарды пайдаланбаңыз.
САҚТАУ
Сақтаудың алдында аспаптың электр желісінен ажыратылып тұрғанына және толықтай суығанына көз
жеткізіңіз.
ТАЗАЛАУ ЖНЕ КҮТІМ бөліміндегі барлық талаптарды орындаңыз.
Қоректендіру бауын ораңыз.
Аспапты салқын құрғақ жерде сақтаңыз.
РЕЦЕПТТЕР
Майонездегі күркетауық етінен дайындалатын кәуәп
Күркетауықтың 1,5 кг жон етін алып, 3-4 см болатын шағын тілімдерге турап, талғамыңызға қарай тұз бен
бұрыш қосып, әрбір тілімді саусағыңызбен басып, жақсылап араластырыңыз. Одан кейін 3-4 ас қасық
мойенез қосыңыз. Әрі қарай осы маринадта етті тағы да араластырып, салқын жерге 3-4 сағат қою керек.
Осы уақыт өткеннен кейін күркетауықтың етін шампурларға ұқыптылап шаншып, кәуәп дайындауға
арналған электрлі аспапқа 15 минут қою керек.