
ТРАНСПОРТУВАННЯ, ЧИЩЕННЯ ТА ЗБЕРІГАННЯ
Назар аударыңыз! Батареяны дұрыс орналастырмаған жағдайда жарылуы мүмкін. Батареяны сол немесе ұқсас типтегі батареяларға
ғана ауыстыру.
• Пайдалану кезінде сынуына жол бермеу үшін таразыны қолданбас бұрын осы нұсқаулықты мұқият оқып шығыңыз. Дұрыс пайдаланбау
бұйымның сынып қалуына әкеп соғып, пайдаланушыға материалдық залал келтіруі немесе денсаулығына зиян тигізуі мүмкін.
• Таразыны төмен дене, сезім немесе ақыл-ой қабілеттіліктері бар тұлғалардың (балаларды қоса есептегенде) немесе оларда тәжірибе
немесе білім болмаған жағдайда, егер де олар бақылау астында болмаса немесе қауіпсіздігіне жауапты адамның құралды пайдалану
туралы нұсқаулықтан өтпесе, қолдануына болмайды.
• Жылдың суық мезгілінде сатып алынған таразыны істен шығуын болдырмау үшін бөлме температурасында кемінде төрт сағат ұстау
қажет.
• Таразыны нұсқаулықпен көзделмеген мақсаттарда пайдаланбаңыз.
• Құралдың істен шығуына жол бермеу үшін таразыға су тиіп кетуден аулақ болыңыз.
• Таразыны түзу бет үстінде орналастырыңыз. Таразының шетіне тұрмаңыз. Тұғыралаңының тек орталық бөлігіне ғана тұрыңыз.
• Бір уақытта бірнеше адамның таразыға түсуіне тыйым салынады.
• Егер де беті ылғалды болса, таразы үстіне тұрмаңыз. Бұл сырғанауға әкеп соғуы мүмкін.
• Таразыны электрмагниттік сәулелену көздерінің жанында пайдаланбаңыз.
• Таразыны шамадан тыс жүктемеңіз және соққылы жүктемелерге ұшыратпаңыз.
• Таразы үстінде секірмеңіз.
• Буып-түю материалының балалардың қолына түсуіне жол бермеңіз (тұншығып қалу қаупі бар).
• Қоспас бұрын батареяның жарамдылығына және дұрыс орнатылғанына көз жеткізіңіз.
• Нұсқаулықта көрсетілген қуат элементтерін пайдаланыңыз. Көзге көрінетін тотығу белгілері бар қуат элементтерін пайдаланбаңыз.
• Батареяны зарядтауға қатаң тыйым салынады, себебі, бұл жарылуына әкеп соғуы мүмкін.
• Пайдаланылған батареялар құралдан шығарылып, қауіпсіз түрде кәдеге жаратылуы тиіс.
• Батареяны қалған қоқыспен лақтырмаңыз. Оларды кәдеге жаратудың арнайы орталықтарына тапсырыңыз.
• Таразыны Қолдану жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес тек тұрмыстық мақсаттарда пайдалану қажет. Таразы өнеркәсіптік немесе
коммерциялық пайдалануға арналмаған. Бұйымды жеке тұрмыстық қажеттілік (яғни, өнеркәсіптік немесе коммерциялық мақсаттарда)
шеңберінен шығатын мақсаттарда пайдалану туғызған ақауларға кепілдік таратылмайды.
• Өндіруші қосымша хабарлаусыз қауіпсіздігіне, жұмысқа қабілеттігіне және атқарымдылығына айтарлықтай әсер етпейтін бұйымның
құрылымына болмашы өзгерістерді енгізу құқығын өзіне қалдырады.
БАТАРЕЯНЫ ОРНАТУ ЖӘНЕ АУЫСТЫРУ
Назар аударыңыз!
Жарылу қаупі бар! Батареяны жоғары температураға, тікелей күн сәулесіне немесе отқа тигізбеңіз. Батаряны жағуға тыйым салынады.
Пайдаланылған батареялар құралдан шығарылып, қауіпсіз түрде кәдеге жаратылуы тиіс. Батареяның құрамында химиялық заттар бар,
сондықтан оны кәдеге жаратудың қолданыстағы ережелеріне сәйкес кәдеге жарату қажет. Дене зақымдауларына, мүліктің бүлінуіне
немесе таразының зақымдануына әкеп соғатын, электролиттің ағып кетуін болдырмау үшін келесі қағидаларды сақтаңыз:
• Батареяға арналған бөліктің қақпағын ашыңыз.
• Батареяны орнату орнындағы полярлықты сақтай отыра, CR2032 типтес батареяны дұрыс орнатыңыз (+ және - белгілері ).
• Батареяға арналған бөлік қақпағын жабыңыз.
• Батареялардың алуан түрлерін пайдалануға, сонымен қатар, жаңа және қолданылған батареяларды араластыруға жол берілмейді.
• Қуат көзі қысқышының тұйықталуына жол берілмейді.
• Егер де таразы ұзақ уақыт қолданылмаса, батареяны алып шығыңыз.
Назар аударыңыз! Дәл деректерді алу үшін таразыны тек қатты, түзу, көлденең бет үстіне орнатып, көрсеткіштерді бір жерден шешіп
алыңыз. Таразыны кілемге орнатпаңыз.
Алғаш пайдаланбас бұрын литий батареясынан электроқшаулағыш таспаны алып тастаңыз.
Егер де сұйық кристалды дисплейде “Lo” жазуы шықса, батареяларға арналған бөлікті ашып, оларды жаңасына ауыстырыңыз.
Рұқсат берілген салмақтан асқан жағдайда (150 келі) дисплейде“EEEE” жазуы шығады. Осы жазу пайда болған уақытта таразыдан
дереу түсіңіз.
Салмақ өлшеу үшін қажетті салмақ бірлігін таңдаңыз (салмақ бірліктерін ауыстыру батырмасы артқы панельде орналасқан) және
таразы үстіне тұрыңыз. Бірнеше секундтан соң, Сіздің салмағыңыз дисплейде көрсетіледі. Таразы Сіз одан түскен соң, автоматты
түрде сөнеді.
ҚАЗАҚ
Өтінеміз, құралды пайдалануға кіріспес бұрын, нұсқаулықты мұқият оқып шығыңыз.
Нұсқаулықты сақтаңыз, ол болашақта Сізге керек болуы мүмкін.
Аталған құрал дене салмағын оған әсер ететін салмақ бойынша анықтауға арналған.
Үй шаруашылығына арналған, өнеркəсіптік қолдануға жарамсыз.
Маңызды! Бұйымды жеке тұрмыстық қажеттілік (яғни, өнеркәсіптік немесе коммерциялық мақсаттарда)
шеңберінен шығатын мақсаттарда пайдалану туғызған ақауларға кепілдік таратылмайды.
Ең жоғары салмағы: 150 кг
Ең аз салмағы: 2,5 кг
Өзгерістер дәлдігі: 100 г
3V CR2032 қуат элементі
ЕАЭО (Беларусь, Ресей, Армения, Қазақстан, Қырғызстан)
елдерінде жəне Украинада, Грузияда, Əзірбайжанда
стандартты кепілді мерзімі – он екі ай.
ТЕХНИКАЛЫҚ СИПАТТАМАЛАРЫ
ПАЙДАЛАНУ КЕЗІНДЕГІ САҚТЫҚ ШАРАЛАРЫ
ПАЙДАЛАНУ
ТАСЫМАЛДАУ, ТАЗАЛАУ ЖƏНЕ САҚТАУ
ТАСЫМАЛДАУ. Құралды бұйымның тауарлық түрін жəне/немесе қаптамасының сақталуын қамтамасыз ететін, жүктерді бекіту жəне
бұдан əрі қауіпсіз пайдалану ережелерін пайдалана отыра, жабық көліктің кез келген түрімен тасымалдау қажет. Құралды тиеу-түсіру
жұмыстары кезінде соққылы жүктемелерге ұшыратуға ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ. ТАЗАЛАУ. Корпусты ылғалды жұмсақ матамен сүртіп
отырыңыз, сосын құрғақтай сүртіңіз.Жуғыш қажақ құралдарды және еріткіштерді пайдаланбаңыз. САҚТАУ. Құралды бұйымның
тауарлық түрін жəне бұдан əрі қауіпсіз қолданылуын сақтауды көздейтін жағдайларда, жабық үй-жайларда сақтау қажет. Сақтауға
жинамас бұрын құрал мен оның барлық арларының толықтай кептірілгеніне көз жеткізіңіз.