
ENGLISH
Introduction
www.philips.com/welcome
Important
Danger
Warning
Caution
Recycling
www.philips.com/support
ҚАЗАҚША
Кіріспе
Өнімді сатып алуыңызбен құттықтаймыз және Philips
компаниясына қош келдіңіз! Philips компаниясы
ұсынатын қолдауды толығымен пайдалану үшін
өніміңізді www.philips.com/welcome веб-бетінде
тіркеңіз.
Жалпы сипаттама
1 Эпиляция жасайтын дискілер
2 Эпилятор басы
3 Қосу/өшіру сырғытпасы
O = өшірулі
I = қосу
4 Кішкене штепсельге арналған розетка
5 Кішкене штепсель
6 Адаптер
7 Шағын қырқу басы
8 Сап
9 Қосу/өшіру сырғытпасы
10 Бұғаттау көрсеткіші
11 «Құлыптаулы» индикаторы
12 «Құлпы ашылған» индикаторы
13 Батарея орнының қақпағы
14 Орташа талшықтарды кесетін қайшы тарақ
15 Бір рет пайдалануға арналған AA сілтілі батареясы
16 Щетка
17 Көрсетілмеген: қалта және пинцет
Маңызды
Құрылғыларды қолданбас бұрын осы маңызды
ақпаратты мұқият оқып шығып, оны келешекте қарау
үшін сақтап қойыңыз.
Қауіпті жағдайлар
Эпиляторды немесе адаптерді құрғақ күйінде
сақтаңыз. (Cурет 1)
Эпиляторды ваннада қолданғанда, ұзартқыш қуат
сымын пайдаланбаңыз.
Абайлаңыз!
Адаптердің трансформаторы бар.
Басқа штепсельдік ұшпен алмастыру мақсатында
адаптерді кесіп тастамаңыз. Қауіпті жағдай орын
алады.
Бұл құрылғыларды 8 және одан жоғары жастағы
балалар және физикалық, сезу немесе ойлау
қабілеттері шектеулі, не болмаса тәжірибесі
және білімі жоқ адамдар қадағалаумен немесе
құрылғыны қауіпсіз пайдалануға қатысты нұсқаулар
алған және байланысты қауіптерді түсінген
жағдайда пайдалана алады. Балалар құрылғымен
ойнамауы керек. Балалар тазалауды және күтуді
қадағалаусыз орындамауы керек.
Осы эпиляторға қосымша берілген адаптермен
ғана қолданыңыз.
Абайлаңыз
Эпиляторды жууға болмайды.
Ешқашан эпиляторды суға батырмаңыз немесе
шүмек астында шаймаңыз (Cурет 1).
Бұл таңба бикини триммерін ваннада немесе
душта пайдалануға болатынын көрсетеді (Cурет 2).
Құрылғыларды әрдайым қолданар алдында
тексеріңіз. Құрылғы, адаптер немесе қандай да
бір бөлшегі зақымданған болса, оны қолданбаңыз,
себебі бұл жарақатқа себепші болуы мүмкін.
Әрдайым зақымданған адаптерді немесе бөлшекті
түпнұсқа түрімен ауыстырыңыз.
Құрылғыларды тазалау үшін қысылған ауаны,
қыратын шүберектерді, қырғыш тазалау
құралдарын, сондай-ақ бензин немесе ацетон
сияқты сұйықтықтарды пайдалануға болмайды.
Бұл құрылғылар әйелдердің денесіндегі мойыннан
төмен орналасқан қажетсіз түктерді тазартуға
арналған.
Бикини триммері тек бикини аумағын қырқуға
арналған.
Тазалық мақсатында, бұл құралды тек бір адам
қолдануы тиіс.
Зақымды және жарақаттарды болдырмау үшін
жұмыс істеп жатқан құрылғыларды киімдерден,
жіптерден, сымдардан, щеткалардан, т.б.
(бас шашы, қастар, кірпіктер) аулақ ұстаңыз.
Алдын ала дәрігермен кеңеспей, құралдарды
тітіркенген, қан тамырлары ісінген, бөртпелері,
дақтары, меңдері (түгі бар) немесе жарақаттары
бар теріге пайдалануға болмайды.
Иммунитеті төмен, қант диабетімен, гемофилия
немесе иммунитет жетіспеушілігі синдромымен
ауыратын адамдар эпиляторды пайдалану алдында
дәрігермен кеңескені жөн.
Сіз эпиляторды алғашқы бірнеше рет қолданған
кезде тері кішкене қызаруы немесе тітіркенуі
мүмкін. Бұл қалыпты көрініс және ол тез арада
жоқ болады. Эпиляторды көбірек қолданған сайын
теріңіз эпиляцияға үйрене бастайды, тері тітіркенуі
азайып, қайта өскен түктер жұқа және жұмсақ бола
бастайды. Егер үш күн ішінде терінің тітіркенуі
басылмаса, дәрігерге көрінгеніңіз жөн.
Шу деңгейі: Lc= 76 dB(A).
Құралдарды температурасы 5°C-тан төмен,
35°C-тан жоғары жерлерде сақтауға болмайды.
Бикини триммерін тек қайта зарядталмайтын
AA 1,5 В сілтілі батареялармен пайдаланыңыз.
Электромагниттік өрістер (ЭМӨ)
Осы Philips құрылғылары электромагниттік өрістерге
қатысты барлық қолданыстағы стандарттар мен
ережелерге сәйкес келеді.
Қосалқы құралдарға тапсырыс беру
Қосалқы құралдар немесе қосалқы бөлшектер сатып
алу үшін, www.shop.philips.com/service сайтына
кіріңіз немесе Philips дилеріне барыңыз. Сондай-
ақ,еліңіздегі Philips тұтынушыларды қолдау орталығына
хабарласыңыз (байланыс мәліметтерін дүниежүзілік
кепілдік парақшасынан қараңыз).
Өңдеу
Өнімдегі бұл таңба өнімнің 2012/19/EU
еуропалық директивасы арқылы қамтылатынын
білдіреді (Cурет 3).
Өнімдегі бұл таңба өнімде 2006/66/EC еуропалық
директивасы арқылы қамтылатын, қалыпты
тұрмыстық қоқыспен бірге тастауға болмайтын
батареялар бар екенін білдіреді (Cурет 4).
Электрлік және электрондық өнімдер мен
батареяларға арналған жергілікті бөлек жинау
жүйесі туралы ақпарат алыңыз. Жергілікті
ережелерге жүгініңіз және өнім мен батареяларды
ешқашан қалыпты тұрмыстық қоқыспен бірге
тастамаңыз. Ескі өнімдер мен батареяларды дұрыс
тастау қоршаған орта мен адам денсаулығы үшін
болымсыз нәтижелерді болдырмауға көмектеседі.
Лақтыруға болатын батареяларды тастау
Бір рет пайдаланылатын батареяларды алу үшін келесі
бөлімді қараңыз
Кепілдік және қолдау
Егер сізге ақпарат немесе қолдау қажет болса,
www.philips.com/support сайтына кіріңіз немесе
бөлек дүниежүзілік кепілдік парақшасын оқыңыз.
Эпилятор, Бикини триммері
Өндіруші: “Филипс Консьюмер Лайфстайл Б.В.”,
Туссендиепен 4, 9206 АД, Драхтен, Нидерланды
Ресей және Кедендік Одақ территориясына
импорттаушы: “Филипс” ЖШҚ, Ресей Федерациясы,
123022 Мәскеу қаласы, Сергей Макеев көшесі, 13-үй,
тел. +7 495 961-1111
HP6548: 100—240 В; 50/60 Гц
Тұрмыстық қажеттіліктерге арналған
www.philips.com/welcome