
IM021
www.scarlett.ru SC-HS60T81
Егер бұйым біршама уақыт 0ºC-тан төмен температурада тұрса, іске қосар алдында оны
кем дегенде 2 сағат бөлме температурасында ұстау керек.
Өндіруші бұйымның қауіпсіздігіне, жұмыс өнімділігі мен жұмыс мүмкіндіктеріне түбегейлі
әсер етпейтін болмашы өзгерістерді оның құрылмасына қосымша ескертпестен енгізу
құқығын өзінде қалдырады.
Жасап шығарылған күні бұйымда және (немесе) қаптамада, сондай-ақ ілеспе
құжаттамада, XX.XXXX пішімінде көрсетілген, мұндағы алғашқы екі сан «XX» – жасап
шығарылған айы, келесі төрт сан «XXXX» – жасап шығарылған жылы.
ҚОЛДАНУ ЖӨНІНДЕ КЕҢЕС
Шашты жатқызуға кіріспес бұрын шашты жуу қажет. Барынша жақсы нәтижеге жету үшін,
шаш баптағыш кондиционерді қолданғаннан кейін шашыңызды әбден шайыңыз.
Шашыңызды сүлгімен құрғатыңыз.
Аспапты пайдалануңға кірісерден бұрын шашқа шаш тарауды жеңілдетуге арналған
құралды жағуға кеңес береміз.
Бір тұлымды тым ұзақ уақыт сәндемеңіз.
Шашты сәндеп жатқызған кезде, шаштың барлық тұлымдарын біркелкі өңдеңіз.
Шаштың сәнін сақтау үшін шаштың әр тұлымына сәндеп жатқызуға арналған бекіткіш
құралдың шамалы мөлшерін жағыңыз.
ЖҰМЫСЫ
Аспап шашты тіктеуге арналған.
Қуат сымының орауын түгелдей жазыңыз.
Аспапты электр желісіне жалғаңыз.
Пластиналарды ашу үшін оларды бұғаттау тетігін « » қалпына ауыстырыңыз, жұмысты
бітіргеннен кейін оларды жабу үшін бұғаттау тетігін « » қалпына ауыстырыңыз.
Тоққа қосу/өшіру түймесін басыңыз..
+\- түймелерінің көмегімен жұмыс істейтін беткі қабатының қажетті температурасын
орнатыңыз, таңдалған температура дисплейде көрсетіледі.
Шамалы уақыттан кейін аспап қызады да, шашты сәндеп жатқызуға кірісуге болады.
Шашты тіктеу үшін оны бірнеше тұлымға бөліңіз. Тұлымды пластиналардың арасына
қыстырыңыз да, түбінен ұшына дейін асықпай жүргізіңіз, осыны 2-4 рет қайталаңыз.
Шашты тіктеп болғаннан кейін тоққа қосу/өшіру түймесін тағы бір рет басып, аспапты
өшіріңіз.
ТАЗАЛАУ ЖӘНЕ КҮТІМ
Тазалаудың алдында электр жүйесінен аспапты сөндіріп тастаңыз.
Қайрақты тазартушы заттарды қолданбаңыз.
САҚТАУ
Аспапты толық суындырыңыз және тұлғаның дымқыл емесіне көз жеткізіңіз.
Қоректену бауына зақымдамау үшін, оны тұлғаға орамаңыз.
Аспапты салқын, құрғақ орында сақтаңыз.
Өнімдегі, қораптағы және/немесе қосымша құжаттағы осындай белгі қолданылған
электрлік және электрондық бұйымдар кәдімгі тұрмыстық қалдықтармен бірге
шығарылмауы керек дегенді білдіреді. Оларды арнайы қабылдау бөлімшелеріне өткізу
қажет.
Қалдықтарды жинау жүйелері туралы қосымша мәліметтер алу үшін жергілікті басқару
органдарына хабарласыңыз.
Қалдықтарды дұрыс кәдеге жарату бағалы ресурстарды сақтауға және қалдықтарды
дұрыс шығармау салдарынан адамның денсаулығына және қоршаған ортаға келетін
теріс әсерлердің алдын алуға көмектеседі.