Dexter Power CDI219LD.Q User manual

1
CDI219LD.Q
18 В Аккумуляторлы бұрғы 2
жылдамдықты
Беспроводная ударная дрель 18 В
18V Cordless Impact Drill
ПАЙДАЛАНУ ТУРАЛЫ НҰСҚАУЛЫҚ
ПЕРЕВОД ОРИГИНАЛЬНЫХ ИНСТРУКЦИЙ
RU
KZ
EN
РУКОВОДСТВО ПОЛЬЗОВАТЕЛЯ 22
ПАЙДАЛАНУШЫ НҰСҚАУЛЫҒЫ 4
USERS MANUAL 40
EAN CODE : 3 276000 628897
ADEO Services 135 Rue Sadi Carnot - CS 00001 59790 RONCHIN - France
Made in P.R.C. XX/XXXX
Batch No./ Партия №:
POSITEC TECHNOLOGY (ҚЫТАЙ) CO., LTD. NO.18 ДУНФАН ROAD, СУЧЖОУ ӨНЕРКӘСІПТІК КЕШЕНІ
Осы тауардың сәйкестік сертификатының немесе сәйкестік жөніндегі декларацияның көшірмесін кез-келген Леруа Мерлен
Восток дүкендерінің ақпарат үстелшесінен алуға болады.
Тауардың сапасы бойынша қойылатын талаптарға жауапты өкілетті тұлға: «Леруа Мерлен Восток» ЖШС, 141031, Мәскеу
обл., Мытищи қ., Осташковское тасжолы, 1, РФ
Қытайда жасалған Сделано в Китае
Batch No. / Партия № :
Позитэк Текнолоджи (Китай) Ко., Лтд. Адрес: 18, Донванг Роад, Сужоу Индастриал Пак, Джангсу, Китай
Копию сертификата соответствия или декларации о соответствии на данный товар можно получить на информационной
стойке любого из магазинов Леруа Мерлен Восток.
Лицо уполномоченное принимать претензии по качеству товара: 000 ЛЕРУА МЕРЛЕН ВОСТОК, 141031, Московская
область, г. Мытищи, Осташковское шоссе, д.1, PОССИЯ

2
A1 A2 A3
1 2 3
4
5
6
7
8
10
9

3
B1 B2 C
D1 D2 E
F1 F2
1
2
G
H

4
KZ
ЭЛЕКТР ҚҰРАЛЫНЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІ БОЙЫНША
ЖАЛПЫ ЕСКЕРТУЛЕР
ЕСКЕРТУ Осы электр құралымен бірге берілген барлық қауіпсіздік ескертулерін,
нұсқауларды, суреттерді және техникалық сипаттамаларды оқып шығыңыз.
Төменде көрсетілген барлық нұсқауларды орындамау салдарынан электр тогының
соғуы, өрт шығуы және/немесе ауыр жарақат орын алуы мүмкін.
Барлық ескертулер мен нұсқауларды болашақта қарау үшін сақтап қойыңыз.
Ескертулердегі "электр құралы" термині электр желісінен жұмыс істейтін (сымды) немесе
батареямен жұмыс істейтін (сымсыз) электр құралын білдіреді.
1) Жұмыс орнының қауіпсіздігі
a) Жұмыс орны таза әрі жарық болуы қажет. Жұмыс орнының лас немесе қараңғы болуы
оқыс оқиғалардың пайда болуына себеп болады.
b) Электр құралдарын тұтанғыш сұйықтықтар, газдар немесе шаң сияқты заттар
болатын жарылыс қаупі бар орталарда пайдаланбаңыз. Электр құралдары шаңды
немесе түтінді тұтандыруы мүмкін ұшқындар шығарады.
c) Электр құралын пайдаланған кезде, балалар мен бөгде адамдар алшақ тұруы қажет.
Басқа нәрсеге алаңдау салдарынан құралды басқара алмай қалуыңыз мүмкін.
2) Электр жүйелерін пайдаланудағы қауіпсіздік техникасы
a) Электр құралының ашалары розеткаға сәйкес келуі қажет. Ашаны еш уақытта
өзгертпеңіз. Ешқандай адаптер штепсельдерін жерге тұйықталған электр
құралдарымен бірге пайдаланбаңыз. Өзгертілмеген ашалар мен сәйкес келетін
розеткалар электр тогының соғу қаупін азайтады.
b) Құбырлар, радиаторлар, газ плиталары және тоңазытқыштар сияқты жерге
тұйықталған заттарға денеңізді тигізбеңіз. Денеңіз жерге тұйықталған заттармен
жанасса, электр тогының соғу қаупі артады.
c) Электр құралдарын жаңбырдан және ылғалдан сақтаңыз. Электр құралына су кірсе,
электр тогының соғу қаупі артады.
d) Сымды тек орнымен пайдаланыңыз. Электр құралының сымын оны тасымалдау,
тарту немесе қуат көзінен ажырату үшін пайдаланбаңыз. Сымды жоғары
температурадан, майдан, өткір шеттерден немесе жылжымалы бөлшектерден
алшақ ұстаңыз. Зақымдалған немесе шатасқан сымдар электр тогының соғу қаупін
арттырады.
e) Электр құралын далада пайдаланған кезде, далада пайдалануға жарамды ұзартқыш
сымды пайдаланыңыз. Далада пайдалануға арналған сымды пайдаланғанда, электр
тогының соғу қаупі азаяды.
f) Ылғал жерде электр құралын пайдалануға тура келсе, қорғанысты өшіру
құрылғысымен (ҚӨҚ) қорғалған жабдықты пайдаланыңыз. ҚӨҚ құрылғысын
пайдаланғанда, электр тогының соғу қаупі азаяды.
3) Жеке қауіпсіздік
a) Электр құралын пайдаланған кезде абай болыңыз, іс-әрекетіңізге байыптылықпен
қарап, зейін қойыңыз. Шаршап тұрсаңыз немесе есірткі, ішімдік не дәрі-дәрмек
қабылдаған болсаңыз, электр құралын пайдаланбаңыз. Электр құралдарын
пайдаланған кезде зейін қоймау салдарынан жеке ауыр жарақат алуыңыз мүмкін.
b) Жеке қорғаныс жабдығын пайдаланыңыз. Қорғаныс көзілдірігін үнемі тағып
жүріңіз. Шаңнан қорғайтын маска, сырғанамайтын арнайы аяқ-киім, берік каска
немесе есту мүшесін қорғайтын құрал сияқты қорғаныс жабдығын сәйкес жағдайларда
пайдаланғанда жеке жарақат алу қаупі азаяды.
Түпнұсқа нұсқаулар

5
KZ
c) Электр құралының абайсызда іске қосылуына жол бермеңіз. Қуат көзіне және/
немесе батареяға қоспас бұрын, құралды жинамай не тасымалдамай тұрып,
ауыстырып-қосқыштың өшірулі күйде болуына көз жеткізіңіз. Электр құралдарын
ауыстырып-қосқышынан ұстап тасымалдау немесе ауыстырып-қосқыш қосулы күйде
қуаттандыру салдарынан оқыс оқиғалар орын алуы мүмкін.
d) Электр құралын іске қоспас бұрын, реттегіш кілттер мен сомынды бұрайтын
кілттерді алып тастаңыз. Электр құралының айналатын бөлігінде бекітулі күйде
қалған реттегіш кілт немесе сомынды бұрайтын кілт дене жарақатына әкелуі мүмкін.
e) Қатты күш жұмсамаңыз. Үнемі тұрақты қалыпта тұрыңыз және тепе-теңдік сақтаңыз.
Бұл кездейсоқ жағдайларда электр құралын дұрыс басқаруға мүмкіндік береді.
f) Тиісті түрде киініңіз. Кең киім кимеңіз немесе әшекей тақпаңыз. Шашыңыз бен
киіміңізді жылжымалы бөлшектерден алшақ ұстаңыз. Кең киім, әшекей немесе ұзын
шаш жылжымалы бөлшектерге ілініп қалуы мүмкін.
g) Құралдармен бірге шаң сору және шаң жинау жүйесі қамтамасыз етілсе, олардың
дұрыс жалғанып, пайдаланылатынына көз жеткізіңіз. Шаңсорғыштарды пайдалану
шаңға қатысты қауіптерді азайтады.
h) Құралды жиі пайдалану нәтижесінде босаңсып, қауіпсіздік қағидаларын елеусіз
қалдырмаңыз. Салғырттық таныту бір мезетте ауыр жарақатқа әкеп соқтыруы
мүмкін.
4) Электр құралын пайдалану және оған күтім көрсету
a) Электр құралына артық жүктеме түсірмеңіз. Жұмысыңыз үшін дұрыс электр
құралын пайдаланыңыз. Дұрыс электр құралы өзінің арнайы жылдамдығында
жұмысты едәуір тиімді әрі қауіпсіз түрде орындайды.
b) Ауыстырып-қосқышы қосылмайтын және өшпейтін электр құралын пайдаланбаңыз.
Ауыстырып-қосқыш арқылы басқарылмайтын кез келген электр құралы қауіпті және
оны жөндеу қажет.
c) Кез келген реттеулер жасамас бұрын, керек-жарақтарды ауыстырмас бұрын немесе
электр құралдарын ұзақ уақытқа сақтамас бұрын, ашаны қуат көзінен ажыратыңыз
және/немесе батареясы бар болса, оны шығарып алыңыз. Мұндай сақтық шаралары
электр құралының кездейсоқ іске қосылу қаупін азайтады.
d) Пайдаланылмайтын электр құралдарын балалардың қолы жетпейтін жерде
сақтаңыз. Электр құралымен немесе осы нұсқаулармен таныс емес адамдарға
құралды пайдалануға рұқсат бермеңіз. Электр құралдарын жаттықтырылмаған
пайдаланушылар қолданса, қауіп төнеді.
e) Электр құралдарына және керек-жарақтарға техникалық қызмет көрсетіңіз.
Жылжымалы бөлшектердің қисаюын немесе кептелуін, бөлшектердің бұзылуын
және электр құралының жұмысына әсер етуі мүмкін басқа барлық жағдайдың бар-
жоғын тексеріңіз. Электр құралы зақымдалса, оны пайдаланар алдында жөндеңіз.
Көптеген оқыс оқиғалар электр құралдарына тиісті түрде техникалық қызмет
көрсетпеу салдарынан орын алады.
f) Кескіш құралдарды өткір және таза күйде ұстаңыз. Тиісті түрде техникалық қызмет
көрсетілген шеттері өткір кескіш құралдар бүгіліп қалмайды және оларды басқару оңай
болады.
g) Жұмыс жағдайларын және орындау қажет жұмысты назарға ала отырып, электр
құралын, керек-жарақтарды, құрал ұштықтарын және т. б. осы нұсқауларға сәйкес
пайдаланыңыз. Электр құралын тағайындалған мақсатынан басқа мақсаттарда
пайдалану әсерінен қауіпті жағдай орын алуы мүмкін.
h) Тұтқалардың және қолмен ұстайтын беттердің құрғақ, таза болуын қадағалап, май
мен шырыштан тазалап тұрыңыз. Тұтқалар және қолмен ұстайтын беттер тайғақ
болса, күтпеген жағдай орын алғанда, құралды пайдалану және оған ие болу мүмкін
болмайды.

6
KZ
5) Батарея құралын пайдалану және оған күтім көрсету
a) Тек өндіруші ұсынған зарядтағыш құрал арқылы зарядтаңыз. Батарея блогының
белгілі бір түріне арналған зарядтағыш құралды басқа түрдегі батарея блогымен
пайдалану өрт қаупін тудыруы мүмкін.
b) Электр құралдарын тек арнайы жасалған батарея блоктарымен пайдаланыңыз. Кез
келген басқа батарея блоктарын пайдалану жарақат немесе өрт қаупін тудыру мүмкін.
c) Батарея блогын пайдаланбаған кезде, оны бір клеммадан басқасына қосылуына
себеп болуы мүмкін қағаз қыстырғыштар, тиындар, кілттер, шегелер, бұрандалар
сияқты басқа да ұсақ металл заттардан алшақ ұстаңыз. Батарея клеммаларының
бірге тұйықталуы күйіп қалуға немесе өрт шығуына себеп болуы мүмкін.
d) Қолайсыз жағдайларда батареядан сұйықтық ағып кетуі мүмкін, оны денеңізге
тигізбеңіз. Егер абайсызда тиіп кетсе, сумен шайыңыз. Егер сұйықтық көзге
тиіп кетсе, қосымша медициналық көмек алыңыз. Батареядан шыққан сұйықтық
тітіркенуге немесе күйіп қалуға себеп болуы мүмкін.
e) Зақымдалған немесе өзгертілген батарея блогын немесе құралды пайдаланбаңыз.
Зақымдалған немесе өзгертілген батареялар өрт, жарылыс немесе жарақат алу қаупі
бар күтпеген әрекетке әкелуі мүмкін.
f) Батарея блогын немесе құралды отқа немесе шамадан тыс температура әсеріне
ұшыратпаңыз. Отқа немесе 130°C шамасынан жоғары температура әсеріне ұшырату
жарылыс туғызуы мүмкін.
g) Барлық зарядтау нұсқауларын орындаңыз және батарея блогын немесе құралды
нұсқауларда көрсетілген температура ауқымынан тыс зарядтамаңыз. Батареяны
дұрыс емес немесе көрсетілген температура ауқымынан тыс зарядтау оны зақымдап,
өрттің пайда болу қаупін арттыруы мүмкін.
6) Қызмет көрсету
a) Электр құралына қызмет көрсету жұмысын білікті маман тек түпнұсқа бөлшектерді
пайдаланып жасауы тиіс. Бұл электр құралы қауіпсіздігінің сақталуын қамтамасыз
етеді.
b) Зақымдалған батарея блоктарына ешқашан қызмет көрсетпеңіз. Батарея
блоктарына қызмет көрсетуді тек өндіруші немесе өкілетті қызмет көрсету
жеткізушісі орындауы тиіс.
БҰРҒЫ ҚАУІПСІЗДІГІ БОЙЫНША ЕСКЕРТУЛЕР
1) Барлық жұмыстарға арналған қауіпсіздік нұсқаулары
a) Соқпалы бұрғылау кезінде құлаққа арналған қорғаныш құралын киіңіз. Шудың әсері
есту қабілетінің бұзылуына әкелуі мүмкін.
b) Қосымша тұтқа(лар)ды пайдаланыңыз. Құралды басқара алмау дене жарақатына
әкелуі мүмкін.
c) Құралды қолданар алдында дұрыстап бекітіңіз. Бұл құрал жоғары шығыс айналу
моментін жасайды және жұмыс барысында құралды дұрыстап бекітпеу жеке жарақатқа
себеп болатын басқарудың жоғалуына әкелуі мүмкін.
d) Кескіш керек-жарақ жасырын сымға тиіп кетуі мүмкін болатын жұмысты орындау
барысында электр құралын оқшауланған қармау беттерінен ұстаңыз. Кескіш керек-
жарақ кернеулі сымға жалғанса, электр құралының ашық металл бөліктерінде кернеу
пайда болуы мүмкін, нәтижесінде операторды ток соғуы мүмкін.
2) Ұзын бұрғы бастиектерін пайдалану кезіндегі қауіпсіздік нұсқаулары
a) Бұрғы бастиегінің максималды жылдамдық деңгейінен жоғары жылдамдықта
жұмыс істемеңіз. Жоғары жылдамдықта бастиек өңделетін бұйымға жанаспай еркін
айналатын болса, ол майысып, жеке жарақат алуға әкелуі мүмкін.

7
KZ
b) Бұрғылауды әрдайым төмен жылдамдықта бастаңыз және бастиек ұшының
өңделетін бұйымға жанасып тұруын қамтамасыз етіңіз. Жоғары жылдамдықта
бастиек өңделетін бұйымға жанаспай еркін айналатын болса, ол майысып, жеке
жарақат алуға әкелуі мүмкін.
c) Қысымды бастиекпен тікелей сызықта қолданыңыз және шамадан тыс қысым
қолданбаңыз. Бастиектер майысып, сынуға немесе басқарудың жоғалуына әкелуі
мүмкін, ал өз кезегінде жеке жарақат алуға себеп болуы мүмкін.
БАТАРЕЯ БЛОГЫНЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІ БОЙЫНША
ЕСКЕРТУЛЕР
a) Батарея блогын немесе ұяшықтарды бөлшектеуге, ашуға немесе бөліктеуге болмайды.
b) Батарея блогын қысқа тұйықтамаңыз. Батарея блоктарын қорапта немесе жәшікте қалай
болса солай сақтамаңыз, себебі олар бір-бірін қысқа тұйықтауы мүмкін немесе өткізгіш
материалдармен қысқа тұйықталады. Батарея блогын пайдаланбаған кезде, оны бір
клеммадан басқасына қосылуына себеп болуы мүмкін қағаз қыстырғыштар, тиындар,
кілттер, шегелер, бұрандалар сияқты басқа да ұсақ металл заттардан алшақ ұстаңыз.
Батарея клеммаларының бірге тұйықталуы күйіп қалуға немесе өрт шығуына себеп болуы
мүмкін.
c) Батарея блогын жылуға немесе отқа жақындатпаңыз. Күн сәулесі тікелей түсетін жерде
сақтамаңыз.
d) Батарея блогының механикалық соққыға ұшырауын болдырмаңыз.
e) Батарея ағып кеткен жағдайда, сұйықтықтың теріге немесе көзге тиюіне жол бермеңіз.
Тиіп кеткен жағдайда, зардап шеккен аймақты көп мөлшердегі сумен жуып, медициналық
көмекке жүгініңіз.
f) Егер ұяшық немесе батарея блогын жұтып қойсаңыз, тез арада медициналық көмекке
жүгініңіз.
g) Батарея блогын таза және құрғақ күйде ұстаңыз.
h) Батарея блогының клеммасы кірленген болса, құрғақ таза шүберекпен сүртіңіз.
i) Батарея блогын пайдаланудан бұрын зарядтау керек. Әрқашан осы нұсқаулықты қарап,
дұрыс зарядтау процедурасын пайдаланыңыз.
j) Пайдаланылмаған кезде батарея блогын зарядтауға болмайды.
k) Ұзақ уақыт сақталғаннан кейін максималды түрде өнімді болуы үшін, батарея блогын
бірнеше рет зарядтап, зарядын тауысу қажет болуы мүмкін.
l) Батарея блогы қалыпты бөлме температурасында (20°C ± 5°C) жұмыс істесе, жақсы
жұмыс өнімділігін береді.
m) Батарея блоктарын қоқысқа тастаған кезде әртүрлі электрохимиялық жүйелердің батарея
блоктарын бір-бірінен бөлек ұстаңыз.
n) Тек өндіруші ұсынған зарядтағыш құрал арқылы зарядтаңыз. Жабдықпен бірге
пайдалануға арнайы берілген зарядтағыш құралдан басқа зарядтағыш құралды
пайдаланбаңыз. Батарея блогының белгілі бір түріне арналған зарядтағыш құралды басқа
түрдегі батарея блогымен пайдалану өрт қаупін тудыруы мүмкін.
o) Жабдықпен пайдалануға арналмаған кез келген батарея блогын пайдалануға болмайды.
p) Батарея блогын балалардың қолы жетпейтін жерде сақтаңыз.
q) Түпнұсқалық өнімнің әдебиетін болашақта анықтама ретінде пайдалану үшін сақтап
қойыңыз.
r) Пайдаланылмаған кезде батареяны жабдықтан алып қойыңыз.
s) Тиісті түрде қоқысқа тастаңыз.
t) Құрылғы ішінде өндірісі, сыйымдылығы, өлшемі немесе түрі әртүрлі ұяшықтарды
араластырмаңыз.
u) Пайдалану қажет болғанға дейін батарея блогын түпнұсқа қаптамасынан шығармаңыз.

8
KZ
v) Батареядағы плюс (+) және минус (-) белгілерін байқап, дұрыс пайдаланылуын
қамтамасыз етіңіз.
ЗАРЯДТАҒЫШ ҚҰРАЛДЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІ БОЙЫНША
ЖАЛПЫ ЕСКЕРТУЛЕР
ЕСКЕРТУ Барлық қауіпсіздік ескертулері мен
нұсқауларды оқып шығыңыз. Ескертулер мен
нұсқауларды орындамау салдарынан ток соғуы, өрт
шығуы және/немесе ауыр жарақат алу жағдайлары туындауы
мүмкін.
Барлық ескертулер мен нұсқауларды болашақта қарау үшін
сақтап қойыңыз.
8 жастан асқан балалар мен дене, сезім мен ақыл-ой қабілеттері
шектеулі немесе пайдалану бойынша тәжірибесі мен білімі
жеткіліксіз тұлғалар осы құрылғыны ересектердің бақылауында
болған жағдайда және құрылғыны қауіпсіз жолмен пайдалану
жөнінде нұсқаулар алып, ықтимал қауіптерді түсінетін жағдайда
пайдалана алады. Балалардың осы құрылғымен ойнауына жол
бермеңіз. Тазалау және пайдаланушы тарапынан техникалық
қызмет көрсету жұмыстарын балаларға ересектердің
бақылауынсыз орындауға болмайды.
Қуат сымы зақымдалған болса, қауіптің алдын алу үшін оны
өндіруші, қызмет көрсету агенті немесе сәйкес біліктілігі бар
адамдар ауыстыруы керек.
БАТАРЕЯ ЗАРЯДТАҒЫШ ҚҰРАЛЫНА АРНАЛҒАН
ҚОСЫМША ҚАУІПСІЗДІК НҰСҚАУЛАРЫ
1. Зарядтау алдында нұсқаулықтарды оқып шығыңыз.
2. Ағып кеткен батареяны зарядтамаңыз.
3. Зарядтағыш құралдарды тағайындалмаған жұмысынан басқа
қосымша жұмыстар үшін пайдаланбаңыз.
4. Зарядтау алдында зарядтағыш құралдың жергілікті ауыспалы
ток көзіне сәйкес келетініне көз жеткізіңіз.
5. Бөлме ішінде пайдалануға арналған немесе жаңбыр астына
қоймаңыз.
6. Зарядтағыш құралды ылғалданудан қорғау керек.
7. Зарядтағыш құралды ашық күйде пайдаланбаңыз.
8. Батарея немесе зарядтағыш құралдың байланыстарын
қысқартпаңыз.
9. Зарядтау кезінде «+/-» полярлықтарын ескеріңіз.

9
KZ
10. Құрылғыны ашпай, балалардың қолы жетпейтін жерде
сақтаңыз.
11. Басқа өндірушілердің батареяларын немесе сәйкес келмейтін
үлгілерді зарядтамаңыз.
12. Зарядтағыш құрал мен батареяның арасындағы байланыс
дұрыс орнатылғандығына және басқа денелердің кедергі
жасамайтынына көз жеткізіңіз.
13. Батарея зарядтағыш құралының саңылауларында бөгде
заттардың болмауын және кірден және ылғалдан таза болуын
қадағалаңыз. Құрғақ және аязсыз жерде сақтаңыз.
14. Батареяларды зарядтаған кезде, батарея зарядтағыш
құралының жақсы желдетілген жерде және тұтанғыш
материалдардан алшақ тұрғанына көз жеткізіңіз. Зарядтау
кезінде батареялар қызып кетуі мүмкін. Батареяларды
шамадан артық зарядтамаңыз. Зарядтау кезінде батареялар
мен зарядтағыш құралдардың қараусыз қалдырылмағанына
көз жеткізіңіз.
15. Қайта зарядталмайтын батареяларды зарядтамаңыз, себебі
олар қызып кетуі және бұзылуы мүмкін.
16. Батарея блогын ауа температурасы 18°C - 24°C аралығында
зарядтау арқылы қызмет ету мерзімін ұзартып және
өнімділіктің артуына қол жеткізуге болады. Батарея блогын
0°C шамасынан төмен немесе 40°C шамасынан жоғары ауа
температурасында зарядтамаңыз. Бұл өте маңызды, себебі
ол батарея блогының қатты зақымдалуын болдырмайды.
17. Тек өндіруші қамтамасыз еткен және өндіруші ұсынған
үлгілердегі батарея блогын зарядтаңыз.
18. Зарядтағаннан кейін, батарея зарядтағыш құралын қуат
көзінен ажыратыңыз. Шасси қосылымдарын, содан кейін
батарея қосылымдарын алыңыз.

10
KZ
ТЕХНИКАЛЫҚ ДЕРЕКТЕР
Түрі CDI219LD.Q (CDI -машинаның белгісі, аккумуляторлы соққыш бұрғының бір түрі)
Кернеу 18 В
Зарядтағыш құрал кірісі 100-240 В~50/60 Гц, 42 Вт
Зарядтағыш құрал шығысы 10,8-20 В 1500 мА
Зарядтағыш құрал үлгісі ACG1815D
Батарея блогының үлгісі ABP1820SD
Батарея ұяшықтарының саны 5
Батарея қуаттылығы 2,0 Асағ литий-ионды
Зарядтау уақыты 80 мин
Жүктемесіз жылдамдығы 0-400/0-1500 айн/мин
Соққы жылдамдығы 0-6400/0-24000 cоққы/мин
Патрон диаметрі 13 мм
Ілінісу жалғастырғышы күйінің саны 21+1+1
Максималды айналу моменті 40 Н.м
Максималды бұрғылау тереңдігі
Болат 10 мм
Ағаш 35 мм
Кірпіш қалауы 13 мм
Құрылғы салмағы 1,8 кг
ШУ ЖӘНЕ ДІРІЛ ДЕРЕКТЕРІ
Өлшенген дауыс қысымы LpA 80 дБ(A)
KpA 3 дБ(A)
Өлшенген дауыс қуаты LwA 91 дБ(A)
KwA 3 дБ(A)
Құлаққа арналған қорғаныш құралын тағып жүріңіз.
Дірілдің жалпы мәндері (сынақ вектордың саны) EN 62841 стандартына сәйкес анықталған:
Металды бұрғылау Діріл шығысының мәні ah,D=4,48 м/с²
Дәлсіздігі (K) = 1,5 м/с²
Бетонды соққылау арқылы бұрғылау Діріл шығысының мәні ah,ID =9,98 м/с²
Дәлсіздігі (K) = 1,5 м/с²
ДІРІЛ ТУРАЛЫ АҚПАРАТ
Мәлімделген дірілдің жалпы мәні мен мәлімделген шу шығысының мәні стандартты сынақ
әдісі бойынша өлшенді және оны құралдарды бір-бірімен салыстыру үшін пайдалануға
болады.

11
KZ
Мәлімделген дірілдің жалпы мәні мен мәлімделген шу шығысының мәнін діріл әсерінде болу
шамасын алдын ала бағалау үшін де пайдалануға болады.
ЕСКЕРТУ: Электр құралының нақты қолданысы кезіндегі діріл және шу шығысы
құралды пайдалану әдістеріне, әсіресе келесі мысалдарға байланысты өңделетін
бұйымның түріне және құралдың басқа пайдаланылу нұсқаларына байланысты
мәлімделген жалпы мәннен өзгеше болуы мүмкін:
Құрал қалай пайдаланылады және материалдар кесіледі немесе бұрғыланады.
Құрал жақсы күйде және дұрыс күтілген.
Құралдың дұрыс керек-жарағын қолданып, оның өткір және жақсы күйде болуын қамтамасыз
ету.
Тұтқаларды берік ұстап және дірілге және шуға қарсы керек-жарақтар пайдаланылса.
Сонымен қатар құрал жобаланған мақсатына және осы нұсқауларға сәйкес қолданылады.
Діріл қаупін азайту үшін:
-Дірілге қарсы қолғапты киіңіз
-Іске қосу уақытын қысқартыңыз
Егер құрал дұрыс қолданылмаса, қолдың дірілдеу синдромын тудыруы мүмкін.
ЕСКЕРТУ: Дәлірек айтқанда, нақты пайдалану жағдайларында әсер ету деңгейін
бағалау кезінде жұмыс циклінің барлық бөліктерін, мысалы, құралды өшірген және
оның іс жүзінде істемейтін бос жүріс уақытын ескеру тиіс. Бұл жалпы жұмыс уақытында
әсер ету деңгейін айтарлықтай төмендетуі мүмкін.
Дірілдің және шудың әсер етуінен туындайтын қауіпті барынша азайтуға көмектеседі.
Әрдайым өткір ұңғылағыштар, бұрғылар мен жүздерді пайдаланыңыз.
Құралға осы нұсқауларға сәйкес күтім көрсетіп, қажет жерлерін майлаңыз.
Егер құрал үнемі пайдаланылса, онда дірілге және шуға қарсы керек-жарақтарды сатып
алыңыз.
Жұмыс кестеңізді жоғары діріл құралын пайдалануды бірнеше күнге созу үшін жоспарлаңыз.
КЕРЕК-ЖАРАҚТАР
Литий-ионды батарея блогы 1
Зарядтағыш құрал 1
Екі ұшты бастиектер 1
белдік қысқышы 1
Керек-жарақтарды құралды сатқан дүкеннен сатып алуға кеңес береміз. Танымал брендпен
белгілі сапалы керек-жарақтарды пайдаланыңыз. Орындалатын жұмысқа сәйкес түрін
таңдаңыз. Толық мәліметтер алу үшін керек-жарақ қаптамасын қараңыз. Дүкен қызметкерлері
көмек көрсетіп, кеңес бере алады.
ҚҰРАМДАСТАР ТІЗІМІ
1. Кілтсіз патрон
2. Айналу моментінің реттеу сақинасы
3. Екі жылдамдықты берілістерді ажыратып қосу механизмі
4. Алға/артқа айналдыруды басқару
5. Жұмсақ ұстау тұтқасы
6. Белдік қысқышы
7. Батарея блогы
8. Батарея блогын босату түймесі
9. Қосу/өшіру ауыстырып-қосқышы
10. Қарау шамы

12
KZ ЕЛГІЛЕР
Жарақат алу қаупін азайту үшін пайдаланушы пайдалану нұсқаулығын оқып
шығуы керек
Ескерту
Ьұл өнім қайта өңдеуге келеді. Оны әрі қолдануға болмайтын жағдайда, оны
қайта өңдейтін орталыққа тапсыруыңызды өтінеміз
Құлақ қорғанысын киіңіз
Қорғаныш көзілдірігін тағып жүріңіз
Шаңнан қорғайтын масканы киіңіз
Тек ғимарат ішінде пайдалануға арналған
Батареялар тиісті түрде кәдеге жаратылмаған жағдайда су айналымына енуі
мүмкін, бұл экожүйе үшін қауіпті. Пайдаланылған батареяларды сұрыпталмаған
тұрмыстық қалдықтар ретінде кәдеге жаратпаңыз.
Отқа жақпаңыз
Электрлік өнімдердің қалдықтарын тұрмыстық қоқысқа тастауға болмайды.
Кәдеге жаратуға арналған арнайы мекемелер болса, құралды кәдеге
жаратыңыз. Кәдеге жарату бойынша кеңес алу үшін жергілікті өкілетті
органдарға немесе сауда орнына хабарласыңыз
Батарея блогын әрдайым 0-40°C температура аралығында зарядтаңыз
Литий-ионды батарея Бұл өнім барлық батарея блоктары мен батарея
блогына қатысты "бөлек жинау" белгісімен белгіленген. Оны қоршаған
ортаға кері әсерін тигізбеу үшін қайта өңдейді немесе бөлшектейді.
Батарея блоктарының құрамында қауіпті заттар болатындықтан, олар
қоршаған орта мен адам денсаулығына қауіп төндіруі мүмкін.
Тек ғимарат ішінде пайдалануға арналған
Пайдаланушы нұсқаулығын оқып шығыңыз.
Қос қабатты оқшаулау

13
KZ
T 2A
Балқитын сақтандырғыш
Оң клемма
Теріс клемма
Түр белгісі CDI219LD.Q (CDI-құрылғы белгісі, аккумуляторлы бұрғының бір түрі)
Жоғарыдағы тізімде берілген керек-жарақтарды батарея зарядтағыш құралды сатқан дүкеннен
сатып алуға кеңес береміз. Толық мәліметтер алу үшін керек-жарақ қаптамасын қараңыз. Дүкен
қызметкерлері көмек көрсетіп, кеңес бере алады.

14
KZ
ПАЙДАЛАНУ НҰСҚАУЛАРЫ
ЕСКЕРТПЕ: Құралды қолдану алдында пайдалану кітапшасын мұқият оқып шығыңыз.
Мақсатты пайдалану
Құрылғы бұрандаларды бұрап бекітуге және босатуға, сонымен қатар ағашты, металды және
пластмассаны бұрғылауға арналған.
ҚҰРАЛДЫ ҚОЛДАНЫСҚА ЕНГІЗУ АЛДЫНДА
A) БАТАРЕЯНЫ ЗАРЯДТАУ
Жеткізілетін зарядтағыш құрал осы құрылғыға орнатылған литий-ионды батареямен сәйкес
келеді. Басқа батарея зарядтағыш құралын пайдаланбаңыз.
Литий-ионды батареялар терең қуатсызданудан қорғалған. Батарея қуаты таусылғанда,
құрылғы қорғаныс тізбегі арқылы ажыратылады: Құрал ұстағышы бұдан былай айналмайды.
Жылы ортада немесе қарқынды пайдаланудан кейін батарея блогы зарядтау үшін өте ыстық
болуы мүмкін. Батареяны қайта зарядтамас бұрын оның суығанын күтіңіз.
Батарея блогын бірінші рет немесе ұзақ уақыт сақталғаннан кейін зарядтаған кезде, ол бірнеше
рет зарядтау және қуатының таусылуы айналымынан кейін 100% зарядты қабылдайды.
В) БАТАРЕЯ БЛОГЫН АЛЫП ТАСТАУ ҮШІН (А1-СУРЕТІН ҚАРАҢЫЗ)
Алдымен батарея блогының босату түймесін мықтап басып, содан кейін батарея блогын
құралдан алып тастаңыз.
C) БАТАРЕЯ БЛОГЫН ОРНАТУ ҮШІН (A2-СУРЕТІН ҚАРАҢЫЗ)
Толығымен зарядталған батарея блогын құрылғыға орнына сырт етіп түскенше жеткілікті
күшпен сырғытыңыз.
D) Батарея блогын қалай зарядтау керек (А3-СУРЕТІН ҚАРАҢЫЗ)
ЗАРЯДТАУ ПРОЦЕДУРАСЫ
1) Зарядтағыш құралды тиісті розеткаға жалғаңыз. Шам жасыл түспен жанады.
2) Батарея блогын зарядтағыш құралға сырғытыңыз, қызыл түсті шам зарядталу процесінің
басталғанын көрсетеді.
3) Зарядтау аяқталғаннан кейін, шам жасыл түске айналады. Енді блок толығымен зарядталды,
зарядтағыш құралды ажыратып, батарея блогын алып тастаңыз.
Ескерту: Батарея зарядтағыш құралын үздіксіз пайдаланғаннан кейін немесе тікелей күн
сәулесінің не жылудың әсеріне ұшыратқаннан кейін, толықтай зарядтау үшін қайта
зарядтамас бұрын құралдың суығанын күтіңіз.
ЗАРЯДТАУ ИНДИКАТОРЫ
Бұл зарядтағыш құрал батарея блоктарында туындауы мүмкін мәселелерді анықтауға арналған.
Индикатор шамдары мәселелерді көрсетеді (төмендегі кестені қараңыз). Егер бұл орын алса,
зарядтағыш құралдың дұрыс екенін анықтау үшін жаңа батарея блогын енгізіңіз. Егер жаңа
батарея дұрыс зарядталса, онда түпнұсқа блок ақаулы және оны қызмет көрсету орталығына
немесе қайта өңдеу орталығына қайтару керек. Егер жаңа батарея блогы түпнұсқа батарея
блогымен бірдей мәселені көрсетсе, зарядтағыш құралды өкілетті қызмет көрсету орталығында
тексеріңіз.

15
KZ
Шам ҚОСУ/ӨШІРУ түймесі
жыпылықтайды Күйі
Қызыл жанады ________ Зарядталуда
Қызыл жыпылықтайды _ _ _ _ Ақаулы батарея
Жасыл жанады ________ Толық зарядталған
Жасыл жыпылықтайды _ _ _ _ Қызу/салқындату кезіндегі
кідіріс
ПАЙДАЛАНУ НҰСҚАУЛАРЫ
1. БЕЛДІК ҚЫСҚЫШЫН ҚАЛАЙ ПАЙДАЛАНУ КЕРЕК (B1, B2-СУРЕТІН ҚАРАҢЫЗ)
Белдік қысқышын пластик қаптамада берілген бұрандамен құралға бұрап бекітіңіз. Белдік
қысқышын белдікке немесе қалтаңызға іліп қоюға болады.
2. ҚОСУ / ӨШІРУ АУЫСТЫРЫП-ҚОСҚЫШЫ ( С-СУРЕТІН ҚАРАҢЫЗ)
Бұрғыны іске қосу үшін қосу/өшіру ауыстырып-қосқышын басыңыз және жұмысын тоқтату
үшін ауыстырып-қосқышты жіберіңіз. Қосу/өшіру ауыстырып-қосқышы ауыстырып-қосқышты
жылдам босатқан кезде патронды дереу тоқтататын тежегіш функциясымен жабдықталған.
Бұл сондай-ақ жоғары жылдамдыққа және арттырылған іске қосу жылдамдығына қол жеткізуге
мүмкіндік беретін өзгермелі жылдамдық ауыстырып-қосқышы болып табылады. Жылдамдық
ауыстырып-қосқыш триггерін басу саны арқылы басқарылады.
Ескерту: Төмен жылдамдықта ұзақ уақыт жұмыс істемеңіз, себебі шамадан тыс
ішкі жылу түзілуі мүмкін.
3. АУЫСТЫРЫП-ҚОСҚЫШ ҚҰЛПЫ
Ауыстырып-қосқыш триггерін ӨШІРУЛІ күйде құлыптауға болады. Бұл құралды пайдаланбаған
кезде кездейсоқ қосылып кету ықтималдылығын азайтады. Ауыстырып-қосқыш триггерін
құлыптау үшін, айналуды басқару элементін орталық күйге қойыңыз.
4. ЕКІ ЖАҚТЫ ( D1, D2-СУРЕТІН ҚАРАҢЫЗ)
Бұрғылау және бұрап бекіту үшін “ ” белгісімен белгіленген алға айналдыруды пайдаланыңыз
(тетік сол жаққа қарай жылжиды). “ ” белгісімен белгіленген кері айналдыруды (тетік оң жаққа
қарай жылжиды) бұрандаларды бұрап алу үшін және қысылып қалған бұрғы бастиегін босату
үшін пайдаланыңыз.
Ескерту: Айналдыру бағытын ешқашан патрон айналып тұрған кезде өзгертпеңіз,
ол тоқтағанша күтіңіз!
5. ЕКІ ЖЫЛДАМДЫҚТЫ БЕРІЛІСТЕРДІ АЖЫРАТЫП ҚОСУ МЕХАНИЗМІ ( E)
Бұрғы ТӨМЕН ЖЫЛДАМДЫҚТА (1 белгі) немесе ЖОҒАРЫ ЖЫЛДАМДЫҚТА (2 белгі) бұрғылауға
немесе бұрап бекітуге арналған екі жылдамдықты берілістерді ажыратып қосу механизмімен
жабдықталған. Сырғымалы ауыстырып-қосқыш ТЖ немесе ЖЖ жылдамдығын таңдау үшін
бұрғының жоғарғы жағында орналасқан. Бұрғыны ТЖ жылдамдық ауқымында пайдаланған
кезде, жылдамдық азаяды және бұрғыда қуаты пен айналу моменті күшті болады. Бұрғыны ЖЖ
жылдамдық ауқымында пайдаланған кезде, жылдамдық артады және бұрғының қуаты және
айналу моменті аз болады.

16
KZ
I жылдамдық
Төмен жылдамдық ауқымы: бұрап бекітуге немесе үлкен бұрғылау диаметрімен жұмыс істеуге
арналған
II жылдамдық
Жоғары жылдамдық ауқымы: шағын бұрғылау диаметрімен жұмыс істеуге арналған
Ескерту: Берілістердің зақымдалуын болдырмау үшін, айналу бағытын немесе екі
жылдамдықты берілістерді ажыратып қосу механизмін өзгертпес бұрын әрдайым
патронның толығымен тоқтауына мүмкіндік беріңіз.
6. ПАТРОНДЫ РЕТТЕУ ( F1,F2-СУРЕТІН ҚАРАҢЫЗ)
Патрон жұдырықшаларын ашу үшін, патронның алдыңғы бөлігін 1-бағытта бұраңыз. Патрон
жұдырықшаларының арасына бұрғы бастиегін салыңыз және алдыңғы бөлігін 2-бағытта
бұраңыз. Бұрғы бастиегінің патрон жұдырықшаларының ортасында екендігіне көз жеткізіңіз.
Соңынан патронның алдыңғы бөлігін 2-бағытта мықтап бұраңыз. Бұрғы бастиегі енді патронға
қысып бекітілді.
7. АЙНАЛУ МОМЕНТІН РЕТТЕУ ( G)
(Бұрғылау бұрауышының бұрап бекіту күші)
Айналу моменті айналу моментінің реттеу сақинасын айналдыру арқылы реттеледі. Айналу
моментінің реттеу сақинасы жоғары параметрге орнатылған кезде айналу моменті жоғары
болады. Айналу моментінің реттеу сақинасы төмен параметрге орнатылған кезде айналу
моменті төмен болады.
Параметрді келесідей етіп жасаңыз:
1 - 4 шағын бұрандаларды бұрап бекіту үшін
5 - 9 бұрандаларды жұмсақ материалға бұрап бекіту үшін
10-14 бұрандаларды жұмсақ және қатты материалға бұрап бекіту үшін
15-20 бұрандаларды қатты ағашқа бұрап бекіту үшін
21 үлкен бұрандаларды бұрап бекіту үшін
ауыр бұрғылау үшін
бетон мен кірпіш қалауын бұрғылау үшін
8. АВТОМАТТЫ ШПИНДЕЛЬ ҚҰЛПЫ ( H-СУРЕТІН ҚАРАҢЫЗ)
Автоматты шпиндель құлпы оны қалыпты бұрауыш ретінде пайдалануға мүмкіндік береді.
Бұранданы мықтап бекіту үшін қосымша бұрауға болады немесе батарея қуаты таусылған
кезде жұмысты жалғастыруға болады. Қолмен бұрап бекіту мақсатында пайдалану үшін, құрал
өшірілген кезде патрон автоматты түрде құлыпталады.
9. ҚАРАУ ШАМЫН ПАЙДАЛАНУ
Шамды қосу үшін қосу/өшіру ауыстырып-қосқышын басыңыз. Қосу/өшіру ауыстырып қосқышын
босатқан кезде шам өшеді.
Жарықдиодты шам айналаны көруді жақсартады, әсіресе қараңғы және жабық аймақ үшін
жақсы. Жарықдиод сонымен қоса батарея қуаттылығының индикаторы болып табылады. Ол
қуат төмендегенде жыпылықтайды.
10. БҰРҒЫЛАУ
Қатты тегіс бетті бұрғылаған кезде, қажетті саңылау орнын белгілеу үшін ортадан тесіңіз. Бұл
тесуді бастаған кезде бұрғы бастиегінің ортадан жылжып кетуін болдырмайды. Құралды мықтап
ұстаңыз және бастиек ұшын бұрғылау керек нүктеге орналастырыңыз. Құралды іске қосу үшін
ауыстырып-қосқыш триггерін басыңыз. Бұрғы бастиегін өңделетін бұйымға жылжытыңыз

17
KZ
және бастиектің кесуі үшін жеткілікті қысымды қолданыңыз. Саңылауды керу үшін күш немесе
бүйірлік қысым қолданбаңыз.
Бұрғылау функциясын іске қосу керек болса (металды, ағашты немесе пластикті бұрғылау
үшін), айналу моментінің реттеу сақинасын бұрғылау күйіне бұраңыз. Соққылау функциясын
іске қосу керек болса (бетон мен кірпіш қалауын бұрғылау үшін), айналу моментінің реттеу
сақинасын балға күйіне бұраңыз.
Бетон және кірпіш қалауы үшін әрдайым вольфрам карбидті бұрғы бастиектерін
пайдалану керек. Металды бұрғылаған кезде, тек жақсы күйдегі тезкескіш болат бұрғы
бастиектерін пайдаланыңыз. Қысқа бұрауыш бастиектерін пайдаланған кезде әрдайым
магнитті бастиек ұстағышын (бірге берілмейді) пайдаланыңыз.. Бұрап бекіту кезінде енгізуді
жеңілдету үшін бұранда ойықтарына аз мөлшерде сұйық сабын немесе соған ұқсас сұйықтық
жағыңыз.
11. ҚУАТЫ ТАУСЫЛҒАН БАТАРЕЯ БЛОГЫН КӘДЕГЕ ЖАРАТУ
Табиғи ресурстарды сақтау үшін батарея блогын қайта өңдеуге жіберіңіз немесе тиісті
түрде кәдеге жаратыңыз. Бұл батарея блогының құрамында литий-ионды батареялар
бар. Қайта өңдеу және/немесе кәдеге жаратудың қолжетімді опциялары туралы ақпарат
алу үшін жергілікті қалдықтарды қайта өңдеу мекемесіне хабарласыңыз. Кәдеге жарату
алдында бұрғыны қолданып батарея блогының зарядын тауысыңыз, одан кейін батареяны
бұрғы корпусынан шығарып, қысқа тұйықталу мен зарядтың бітуіне жол бермеу үшін мықты
жабысқақ таспамен ораңыз. Құрамдастардың ешқайсысын ашуға немесе алуға тырыспаңыз.
12. ШАМАДАН ТЫС ЖҮКТЕМЕДЕН ҚОРҒАНЫС
Шамадан тыс жүктеме болғанда мотор өшеді. Құрылғыдағы жүктемені дереу босатыңыз және
жүктемесіз ең жоғарғы жылдамдықта шамамен 30 секунд бойына суытыңыз.
13. ТЕМПЕРАТУРАҒА БАЙЛАНЫСТЫ ШАМАДАН ТЫС ЖҮКТЕМЕДЕН ҚОРҒАНЫС
Электр құралы ретінде пайдаланылған кезде шамадан тыс жүктеме болмайды. Жүктеме тым
жоғары болғанда немесе батарея рұқсат етілген 75 °C температурасынан асып кеткенде,
электронды басқару температура оңтайлы температура ауқымына қайтадан жеткенше электр
құралын өшіреді.
14. ТЕРЕҢ ЗАРЯД БІТУІНЕ ҚАРСЫ ҚОРҒАНЫС
Литий-ионды батарея "Заряд бітуінен қорғау жүйесі" арқылы терең заряд бітуіне қарсы
қорғалған. Батарея қуаты таусылғанда, құрылғы қорғаныс тізбегі арқылы ажыратылады:
Енгізілген құрал енді айналмайды.
МӘСЕЛЕ ШЕШІМІ
1. АУЫСТЫРЫП-ҚОСҚЫШТЫ БАСҚАН КЕЗДЕ НЕГЕ БҰРҒЫ ІСКЕ ҚОСЫЛМАЙДЫ?
Триггердің жоғарғы жағында орналасқан алға/артқа айналдыруды басқару элементі құлыптау
функциясында орналасқан. Алға/артқа айналдыруды басқару элементін қажетті айналдыру
күйіне қою арқылы құлыптан босатыңыз. Триггерді басыңыз және бұрғы айнала бастайды.
2. БҰРҒЫ БҰРАНДА ТОЛЫҒЫМЕН БЕРІК БЕКІТІЛГЕНГЕ ДЕЙІН ТОҚТАП ҚАЛАДЫ. НЕГЕ?
Айналу моментінің реттеу сақинасының айналу моменті күйін тексеріңіз, айналу моментінің
реттеу сақинасы патрон мен бұрғы корпусының арасында орналасқан. 1-күй ең төменгі айналу
моменті (бұрап бекіту күші) және 21-күй ең жоғарғы айналу моменті (бұрап бекіту күші).
-күй бұрғы жұмысына арналған. Үздік нәтижеге қол жеткізу үшін, айналу моментінің реттеу
сақинасын ең жоғарғы күйге реттеңіз.

18
KZ
3. БАТАРЕЯ БЛОКТАРЫНЫҢ ЖҰМЫС УАҚЫТЫНЫҢ ӘРТҮРЛІ БОЛУЫНЫҢ СЕБЕПТЕРІ
Жоғарыдағыдай зарядтау уақытына байланысты мәселелер және батарея блогын ұзақ уақыт
бойына пайдаланбау батарея блогының жұмыс уақытын азайтады. Бұл бұрғыны зарядтап
және жұмыс істеу арқылы бірнеше рет зарядтап және қуатын тауысу арқылы түзеуге болады.
Қатты ағашқа үлкен бұрандаларды енгізу сияқты ауыр еңбек жағдайлары жеңіл жұмыс
жағдайларына қарағанда батарея блогының қуатын жылдамырақ тауысады. Батарея блогын
0 ºC шамасынан төмен және 45 ºC шамасынан жоғары температурада қайта зарядтамаңыз,
өйткені ол өнімділікке әсер етеді.
4.Ескертпе: Қарқынды пайдаланған жағдайда, бұл құрылғы шамадан тыс қызып кетуі мүмкін.
Қайта қоспас бұрын, моторды 2 минут суыту қажет болуы мүмкін.
ТЕХНИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ
Бұл электр құралы қосымша майлауды немесе техникалық қызмет көрсетуді қажет етпейді.
Бұл құралда пайдаланушы қызмет көрсете алатын бөлшектер жоқ. Электр құралын тазалау үшін
суды немесе химиялық тазартқыш құралдарын ешқашан пайдаланбаңыз. Құрғақ шүберекпен
тазалап сүртіңіз. Электр құралын әрдайым құрғақ жерде сақтаңыз. Қозғалтқыштың желдеткіш
саңылауларын таза ұстаңыз. Барлық жұмысты басқару элементтерін шаңнан сақтаңыз.
Желдеткіш саңылаулардан ұшқындар шығуы мүмкін. Бұл қалыпты жағдай және электр құралын
зақымдамайды.
Батарея арқылы жұмыс істейтін құралдар үшін
Құралды және батареяны пайдалану мен сақтауға арналған қоршаған орта температурасы
0°C-45°C аралығы болып табылады.
Зарядтау кезіндегі зарядтау жүйесінің ұсынылған қоршаған орта температурасы 0°C-40°C
аралығы болып табылады.
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ
Электрлік өнімдердің қалдықтарын тұрмыстық қоқысқа тастауға болмайды. Кәдеге
жаратуға арналған арнайы мекемелер болса, құралды кәдеге жаратыңыз. Кәдеге жарату
бойынша кеңес алу үшін жергілікті өкілетті органдарға немесе сауда орнына
хабарласыңыз.

19
KZ
СӘЙКЕСТІК ДЕКЛАРАЦИЯСЫ
Біз
ADEO Services
135 Rue Sadi Carnot - CS 00001 59790 RONCHIN - Франция
осы CDI219LD.Q 18 В соққыш бұрғы келесі стандарттар немесе стандартталған құжаттармен
сәйкес келетінін толығымен өз жауапкершілігімізбен мәлімдейміз.
Келесі өнімнің
Сипаттамасы 18 В аккумуляторлы бұрғы
Түрі CDI219LD.Q (CDI- машина белгісі, аккумуляторлы бұрғының бір түрі)
Функциясы Бұрғылау
Топтама №:
келесі директиваларға сәйкес келетіндігін мәлімдейміз:
Машина құрастыру директивасы 2006/42/EC
2014/30/EU электрмагниттік үйлесімділік директивасы
RoHS директивасы (EU) 2015/863 өзгерістерімен 2011/65/EU
Келесі стандарттарға сай:
EN 62841-1:2015
EN 62841-2-1:2018
EN 55014-1:2017
EN 55014-2:2015
IEC 62321-1:2013
IEC 62321-2:2013
IEC 62321-3-1:2013
IEC 62321-4:2013+AMD1:2017
IEC 62321-5:2013
IEC 62321-6:2015
IEC 62321-7-1:2015
IEC 62321-7-2:2017
IEC 62321-8:2017
ISO 17075:2017
CE белгісі қойылған жылдың соңғы екі саны: 19
Шанхай қаласында 04-30-2019 ж. қол қойылды
Richie PERMAL
Сапа жөніндегі басшы
Julien Ledin өкілетті тұлғасы, ADEO сапа жөніндегі басшысы
ADEO Services 135 Rue Sadi Carnot - CS 00001 59790 RONCHIN – Франция

20
KZ КЕПІЛДІК
1. Dexter өнімдері ең жоғары DIY сапа стандарттарына сай жасалған. Dexter компаниясы
өнімдеріне сатып алған күннен бастап 24 айлық кепілдікті ұсынады. Осы кепілдік материалда
және өндіру кезінде пайда болуы мүмкін барлық ақауларды қамтиды. Адамдарға және/
немесе материалдарға қатысты ешбір сипаттағы, тікелей немесе жанама, талаптар жасау
мүмкін емес. Dexter өнімдері кәсіби пайдалануға бағытталмаған.
2. Мәселе немесе ақау туындаған жағдайда, әрқашан алдымен Dexter дилеріне хабарласу
керек. Көп жағдайда Dexter дилері мәселені шеше алады немесе ақаулықты түзете алады.
3. Бөлшектерді жөндеу немесе ауыстыру бастапқы кепілдік кезеңін ұзартпайды.
4. Мақсатты емес пайдалану немесе тозу нәтижесінде пайда болған ақаулар кепілдік аясына
кірмейді. Тозу жағдайындағы басқа нәрселермен қоса, бұл ауыстырып-қосқыштарға,
қорғаныс тізбегінің ауыстырып-қосқыштарына және моторларға қатысты.
5. Кепілдік бойынша талабыңыз мына шарттар орындалса ғана өңделеді:
● Сатып алу күнін дәлелдейтін құжат ретінде түбіртекті көрсеткенде.
● Үшінші тарап жөндеу және/немесе ауыстыру жұмыстарын жүргізбеген болса.
● Құрал тиісті емес түрде пайдаланылмаған болса (артық жүктеме салу немесе бекітілмеген
керек-жарақтарды орнату).
● Құрал сыртқы әсерлер немесе құм не тас сияқты бөгде заттардың әсерінен зақымдалмаған
болса.
● Қауіпсіздік нұсқауларын және пайдалану нұсқауларын сақтамаудан туындаған зақым жоқ
болса.
● Біздің тарапымыздан форс-мажорлық жағдайлар жоқ болса.
● Шағым сипаттамасы қоса берілсе.
6. Кепілдік міндеттемелері біздің сату және жеткізу шарттарымызбен бірге қолданылады.
7. Өнім тиісті түрде оралған болса, Dexter компаниясына Dexter дилері арқылы қайтару керек
ақаулы құралдарды Dexter алып кетеді. Тұтынушы ақаулы өнімдерді Dexter компаниясына
тікелей жіберсе, Dexter компаниясы бұл өнімдерді тұтынушы тасымалдау шығындарын төлесе
ғана өңдей алады.
8. Dexter компаниясы нашар қапталған күйде жеткізілген өнімдерді қабылдамайды.
Table of contents
Languages:
Other Dexter Power Drill manuals