Dexter Power CMT18LD User manual

1
CMT18LD
Сымсыз көп функциялы
құрал 18 В
Аккумуляторный
многофункциональный
инструмент 18 В
Cordless multitool 18V
ПАЙДАЛАНУ ТУРАЛЫ НҰСҚАУЛЫҚ
ПЕРЕВОД ОРИГИНАЛЬНЫХ ИНСТРУКЦИЙ
RU
KZ
EN
РУКОВОДСТВО ПОЛЬЗОВАТЕЛЯ 23
ПАЙДАЛАНУШЫ НҰСҚАУЛЫҒЫ 4
USERS MANUAL 42
EAN CODE : 3 276005 143906
ADEO Services 135 Rue Sadi Carnot - CS 00001 59790 RONCHIN - France
Made in P.R.C. XX/XXXX
Batch No. / Партия № :
Позитэк Текнолоджи (Китай) Ко., Лтд. Адрес: 18, Донванг Роад, Сужоу Индастриал Пак, Джангсу, Китай
Копию сертификата соответствия или декларации о соответствии на данный товар можно получить на информационной
стойке любого из магазинов Леруа Мерлен Восток.
Лицо уполномоченное принимать претензии по качеству товара: 000 ЛЕРУА МЕРЛЕН ВОСТОК, 141031, Московская
область, г. Мытищи, Осташковское шоссе, д.1, PОССИЯ
Batch No./ Партия №:
POSITEC TECHNOLOGY (ҚЫТАЙ) CO., LTD. NO.18 ДУНФАН ROAD, СУЧЖОУ ӨНЕРКӘСІПТІК КЕШЕНІ
Осы тауардың сәйкестік сертификатының немесе сәйкестік жөніндегі декларацияның көшірмесін кез-келген Леруа Мерлен
Восток дүкендерінің ақпарат үстелшесінен алуға болады.
Тауардың сапасы бойынша қойылатын талаптарға жауапты өкілетті тұлға: «Леруа Мерлен Восток» ЖШС, 141031, Мәскеу
обл., Мытищи қ., Осташковское тасжолы, 1, РФ
Қытайда жасалған Сделано в Китае

2
A1 A2 A3
1 2
34
5
67

3
B1 B2 B3
CDE

4
KZ
ЭЛЕКТР ҚҰРАЛЫНЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІ БОЙЫНША ЖАЛПЫ
ЕСКЕРТУЛЕР
ЕСКЕРТУ ОСЫ ЭЛЕКТР ҚҰРАЛЫМЕН БІРГЕ БЕРІЛГЕН БАРЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІК
ЕСКЕРТУЛЕРІН, НҰСҚАУЛАРДЫ, СУРЕТТЕРДІ ЖӘНЕ ТЕХНИКАЛЫҚ
СИПАТТАМАЛАРДЫ ОҚЫП ШЫҒЫҢЫЗ. Төменде көрсетілген барлық нұсқауларды
орындамау салдарынан электр тогының соғуы, өрт шығуы және/немесе ауыр жарақат
орын алуы мүмкін.
Барлық ескертулер мен нұсқауларды болашақта қарау үшін сақтап қойыңыз.
Ескертулердегі “электр құралы” термині электр желісінен жұмыс істейтін (сымды) немесе
батареямен жұмыс істейтін (сымсыз) электр құралын білдіреді.
1) Жұмыс орнының қауіпсіздігі
a) Жұмыс орны таза әрі жарық болуы қажет. Жұмыс орнының лас немесе қараңғы болуы
оқыс оқиғалардың пайда болуына себеп болады.
b) Электр құралдарын тұтанғыш сұйықтықтар, газдар немесе шаң сияқты заттар
болатын жарылыс қаупі бар орталарда пайдаланбаңыз. Электр құралдары шаңды
немесе түтінді тұтандыруы мүмкін ұшқындар шығарады.
c) Электр құралын пайдаланған кезде, балалар мен бөгде адамдар алшақ тұруы қажет.
Басқа нәрсеге алаңдау салдарынан құралды басқара алмай қалуыңыз мүмкін.
2) Электр жүйелерін пайдаланудағы қауіпсіздік техникасы
a) Электр құралының ашалары розеткаға сәйкес келуі қажет. Ашаны еш уақытта
өзгертпеңіз. Ешқандай адаптер штепсельдерін жерге тұйықталған электр
құралдарымен бірге пайдаланбаңыз.
Өзгертілмеген ашалар мен сәйкес келетін
розеткалар электр тогының соғу қаупін азайтады.
b) Құбырлар, радиаторлар, газ плиталары және тоңазытқыштар сияқты жерге
тұйықталған заттарға денеңізді тигізбеңіз. Денеңіз жерге тұйықталған заттармен
жанасса, электр тогының соғу қаупі артады.
c) Электр құралдарын жаңбырдан және ылғалдан сақтаңыз. Электр құралына су кірсе,
электр тогының соғу қаупі артады.
d) Сымды тек орнымен пайдаланыңыз. Электр құралының сымын оны тасымалдау,
тарту немесе қуат көзінен ажырату үшін пайдаланбаңыз. Сымды жоғары
температурадан, майдан, өткір шеттерден немесе жылжымалы бөлшектерден
алшақ ұстаңыз. Зақымдалған немесе шатасқан сымдар электр тогының соғу қаупін
арттырады.
e) Электр құралын далада пайдаланған кезде, далада пайдалануға жарамды ұзартқыш
сымды пайдаланыңыз. Далада пайдалануға арналған сымды пайдаланғанда, электр
тогының соғу қаупі азаяды.
f) Ылғал жерде электр құралын пайдалануға тура келсе, қорғанысты өшіру
құрылғысымен (ҚӨҚ) қорғалған жабдықты пайдаланыңыз. ҚӨҚ құрылғысын
пайдаланғанда, электр тогының соғу қаупі азаяды.
3) Жеке қауіпсіздік
a) Электр құралын пайдаланған кезде абай болыңыз, іс-әрекетіңізге байыптылықпен
қарап, зейін қойыңыз. Шаршап тұрсаңыз немесе есірткі, ішімдік не дәрі-дәрмек
қабылдаған болсаңыз, электр құралын пайдаланбаңыз. Электр құралдарын
пайдаланған кезде зейін қоймау салдарынан жеке ауыр жарақат алуыңыз мүмкін.
b) Жеке қорғаныс жабдығын пайдаланыңыз. Қорғаныс көзілдірігін үнемі тағып жүріңіз.
Шаңнан қорғайтын маска, сырғанамайтын арнайы аяқ-киім, берік каска немесе есту
мүшесін қорғайтын құрал сияқты қорғаныс жабдығын сәйкес жағдайларда пайдаланғанда
жеке жарақат алу қаупі азаяды.
Негізгі нұсқаулықтар

5
KZ
c) Электр құралының абайсызда іске қосылуына жол бермеңіз. Қуат көзіне және/немесе
батареяға қоспас бұрын, құралды жинамай не тасымалдамай тұрып, ауыстырып-
қосқыштың өшірулі күйде болуына көз жеткізіңіз. Электр құралдарын ауыстырып-
қосқышынан ұстап тасымалдау немесе ауыстырып-қосқыш қосулы күйде қуаттандыру
салдарынан оқыс оқиғалар орын алуы мүмкін.
d) Электр құралын іске қоспас бұрын, реттегіш кілттер мен сомынды бұрайтын
кілттерді алып тастаңыз. Электр құралының айналатын бөлігінде бекітулі күйде қалған
реттегіш кілт немесе сомынды бұрайтын кілт дене жарақатына әкелуі мүмкін.
e) Қатты күш жұмсамаңыз. Үнемі тұрақты қалыпта тұрыңыз және тепе-теңдік сақтаңыз.
Бұл кездейсоқ жағдайларда электр құралын дұрыс басқаруға мүмкіндік береді.
f) Тиісті түрде киініңіз. Кең киім кимеңіз немесе әшекей тақпаңыз. Шашыңыз бен
киіміңізді жылжымалы бөлшектерден алшақ ұстаңыз. Кең киім, әшекей немесе ұзын
шаш жылжымалы бөлшектерге ілініп қалуы мүмкін.
g) Құралдармен бірге шаң сору және шаң жинау жүйесі қамтамасыз етілсе, олардың
дұрыс жалғанып, пайдаланылатынына көз жеткізіңіз. Шаңсорғыштарды пайдалану
шаңға қатысты қауіптерді азайтады.
h) Құралды жиі пайдалану нәтижесінде босаңсып, қауіпсіздік қағидаларын елеусіз
қалдырмаңыз. Салғырттық таныту бір мезетте ауыр жарақатқа әкеп соқтыруы
мүмкін.
4) Электр құралын пайдалану және оған күтім көрсету
a) Электр құралына артық жүктеме түсірмеңіз. Жұмысыңыз үшін дұрыс электр құралын
пайдаланыңыз. Дұрыс электр құралы өзінің арнайы жылдамдығында жұмысты едәуір
тиімді әрі қауіпсіз түрде орындайды.
b) Ауыстырып-қосқышы қосылмайтын және өшпейтін электр құралын пайдаланбаңыз.
Ауыстырып-қосқыш арқылы басқарылмайтын кез келген электр құралы қауіпті және
оны жөндеу қажет.
c) Кез келген реттеулер жасамас бұрын, керек-жарақтарды ауыстырмас бұрын немесе
электр құралдарын ұзақ уақытқа сақтамас бұрын, ашаны қуат көзінен ажыратыңыз
және/немесе батареясы бар болса, оны шығарып алыңыз.
Мұндай сақтық шаралары
электр құралының кездейсоқ іске қосылу қаупін азайтады.
d) Пайдаланылмайтын электр құралдарын балалардың қолы жетпейтін жерде
сақтаңыз. Электр құралымен немесе осы нұсқаулармен таныс емес адамдарға
құралды пайдалануға рұқсат бермеңіз.
Электр құралдарын жаттықтырылмаған
пайдаланушылар қолданса, қауіп төнеді.
e) Электр құралдарына және керек-жарақтарға техникалық қызмет көрсетіңіз.
Жылжымалы бөлшектердің қисаюын немесе кептелуін, бөлшектердің бұзылуын және
электр құралының жұмысына әсер етуі мүмкін басқа барлық жағдайдың бар-жоғын
тексеріңіз. Электр құралы зақымдалса, оны пайдаланар алдында жөндеңіз. Көптеген
оқыс оқиғалар электр құралдарына тиісті түрде техникалық қызмет көрсетпеу
салдарынан орын алады.
f) Кескіш құралдарды өткір және таза күйде ұстаңыз. Тиісті түрде техникалық қызмет
көрсетілген шеттері өткір кескіш құралдар бүгіліп қалмайды және оларды басқару оңай
болады.
g) Жұмыс жағдайларын және орындау қажет жұмысты назарға ала отырып, электр
құралын, керек-жарақтарды, құрал ұштықтарын және т. б. осы нұсқауларға сәйкес
пайдаланыңыз. Электр құралын тағайындалған мақсатынан басқа мақсаттарда
пайдалану әсерінен қауіпті жағдай орын алуы мүмкін.
h) Тұтқалардың және қолмен ұстайтын беттердің құрғақ, таза болуын қадағалап, май
мен шырыштан тазалап тұрыңыз. Тұтқалар және қолмен ұстайтын беттер тайғақ
болса, күтпеген жағдай орын алғанда, құралды пайдалану және оған ие болу мүмкін
болмайды.

6
KZ
5) Батарея құралын пайдалану және оған күтім көрсету
a) Тек өндіруші ұсынған зарядтағыш құрал арқылы зарядтаңыз. Батарея блогының
белгілі бір түріне арналған зарядтағыш құралды басқа түрдегі батарея блогымен
пайдалану өрт қаупін тудыруы мүмкін.
b) Электр құралдарын тек арнайы жасалған батарея блоктарымен пайдаланыңыз. Кез
келген басқа батарея блоктарын пайдалану жарақат немесе өрт қаупін тудыру мүмкін.
c) Батарея блогын пайдаланбаған кезде, оны бір клеммадан басқасына қосылуына
себеп болуы мүмкін қағаз қыстырғыштар, тиындар, кілттер, шегелер, бұрандалар
сияқты басқа да ұсақ металл заттардан алшақ ұстаңыз.
Батарея клеммаларының бірге
тұйықталуы күйіп қалуға немесе өрт шығуына себеп болуы мүмкін.
d) Қолайсыз жағдайларда батареядан сұйықтық ағып кетуі мүмкін, оны денеңізге
тигізбеңіз. Егер абайсызда тиіп кетсе, сумен шайыңыз. Егер сұйықтық көзге тиіп кетсе,
қосымша медициналық көмек алыңыз. Батареядан шыққан сұйықтық тітіркенуге
немесе күйіп қалуға себеп болуы мүмкін.
e) Зақымдалған немесе өзгертілген батарея блогын немесе құралды пайдаланбаңыз.
Зақымдалған немесе өзгертілген батареялар өрт, жарылыс немесе жарақат алу қаупі
бар күтпеген әрекетке әкелуі мүмкін.
f) Батарея блогын немесе құралды отқа немесе шамадан тыс температура әсеріне
ұшыратпаңыз. Отқа немесе 130°C шамасынан жоғары температура әсеріне ұшырату
жарылыс туғызуы мүмкін.
g) Барлық зарядтау нұсқауларын орындаңыз және батарея блогын немесе құралды
нұсқауларда көрсетілген температура ауқымынан тыс зарядтамаңыз.
Батареяны
дұрыс емес немесе көрсетілген температура ауқымынан тыс зарядтау оны зақымдап,
өрттің пайда болу қаупін арттыруы мүмкін.
6) Қызмет көрсету
a) Электр құралына қызмет көрсету жұмысын білікті маман тек түпнұсқа бөлшектерді
пайдаланып жасауы тиіс. Бұл электр құралы қауіпсіздігінің сақталуын қамтамасыз
етеді.
b) Зақымдалған батарея блоктарына ешқашан қызмет көрсетпеңіз. Батарея блоктарына
қызмет көрсетуді тек өндіруші немесе өкілетті қызмет көрсету жеткізушісі орындауы
тиіс.
КЕСУГЕ АРНАЛҒАН ҚАУІПСІЗДІК НҰСҚАУЛАРЫ
Электр құралын оқшауланған қармау беттерінен ұстаңыз, себебі өндейтін бет өзінің
сымына тиіп кетуі мүмкін. Кернеулі сымды кесу электр құралының ашық металл
бөліктерінде кернеудің пайда болуына әкеледі, нәтижесінде операторды ток соғуы мүмкін.
ҚОСЫМША ҚАУІПСІЗДІК ЕРЕЖЕЛЕРІ:
1) Қорғаныс көзілдірігін үнемі тағып жүріңіз.
2) Ұзақ уақыт жұмыс істеген кезде құлақ қорғанысын үнемі киіңіз.
3) Тегістеуден бұрын барлық шегелер, бұрандалар және т.б. алып тастаңыз.
4) Қабырғалар мен төбелерде жасырын қуат кабельдері мен құбырлардың бар-жоғын
тексеріңіз. Осы мақсат үшін металл іздегішті кез-келген жақсы құрылыс материалдары
дүкенінен алуға болады.
5) Тек түпнұсқа керек-жарақтары мен жеткізілген құралды ғана пайдаланыңыз.
6) Керек-жарақтар жақсы күйде болса ғана пайдаланыңыз. Жыртылған немесе тозған керек-
жарақтарды пайдаланбаңыз.
7) Кез келген керек-жарақ өңделетін бұйымның немесе жұмыс істегіңіз келетін

7
KZ
материалдардың үстінде жатқанда немесе енгізулі тұрғанда құрылғыны іске қоспаңыз.
Тапсырманы орындамас бұрын құрылғы толық жылдамдыққа жеткенше күтіңіз.
8) Қолдарыңызды кесу аймағына жақындатпаңыз. Кесіліп жатқан материалдың астына
қолдарыңызды қоймаңыз.
9) Пайдалану нұсқаулары мен қоса берілген қауіпсіздік туралы ақпарат кейінірек қолдану үшін
сақталуы керек және сатылатын немесе жеткізілетін құрылғымен қоса берілуі керек.
БАТАРЕЯ БЛОГЫНЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІ БОЙЫНША
ЕСКЕРТУЛЕР
a) Батарея блогын немесе ұяшықтарды бөлшектеуге, ашуға немесе бөліктеуге болмайды.
b) Батарея блогын қысқа тұйықтамаңыз. Батарея блоктарын қорапта немесе жәшікте қалай
болса солай сақтамаңыз, себебі олар бір-бірін қысқа тұйықтауы мүмкін немесе өткізгіш
материалдармен қысқа тұйықталады. Батарея блогын пайдаланбаған кезде, оны бір
клеммадан басқасына қосылуына себеп болуы мүмкін қағаз қыстырғыштар, тиындар,
кілттер, шегелер, бұрандалар сияқты басқа да ұсақ металл заттардан алшақ ұстаңыз.
Батарея клеммаларының бірге тұйықталуы күйіп қалуға немесе өрт шығуына себеп болуы
мүмкін.
c) Батарея блогын жылуға немесе отқа жақындатпаңыз. Күн сәулесі тікелей түсетін жерде
сақтамаңыз.
d) Батарея блогының механикалық соққыға ұшырауын болдырмаңыз.
e) Батарея ағып кеткен жағдайда, сұйықтықтың теріге немесе көзге тиюіне жол бермеңіз.
Тиіп кеткен жағдайда, зардап шеккен аймақты көп мөлшердегі сумен жуып, медициналық
көмекке жүгініңіз.
f) Егер ұяшық немесе батарея блогын жұтып қойсаңыз, тез арада медициналық көмекке
жүгініңіз.
g) Батарея блогын таза және құрғақ күйде ұстаңыз.
h) Батарея блогының клеммасы кірленген болса, құрғақ таза шүберекпен сүртіңіз.
i) Батарея блогын пайдаланудан бұрын зарядтау керек. Әрқашан осы нұсқаулықты қарап,
дұрыс зарядтау процедурасын пайдаланыңыз.
j) Пайдаланылмаған кезде батарея блогын зарядтауға болмайды.
k) Ұзақ уақыт сақталғаннан кейін максималды түрде өнімді болуы үшін, батарея блогын
бірнеше рет зарядтап, зарядын тауысу қажет болуы мүмкін.
l) Батарея блогы қалыпты бөлме температурасында (20°C ± 5°C) жұмыс істесе, жақсы жұмыс
өнімділігін береді.
m) Батареяларды қоқысқа тастаған кезде әртүрлі электрохимиялық жүйелердің батареяларын
бір-бірінен бөлек ұстаңыз.
n) Тек өндіруші ұсынған зарядтағыш құрал арқылы зарядтаңыз. Жабдықпен бірге пайдалануға
арнайы берілген зарядтағыш құралдан басқа зарядтағыш құралды пайдаланбаңыз. Батарея
блогының белгілі бір түріне арналған зарядтағыш құралды басқа түрдегі батарея блогымен
пайдалану өрт қаупін тудыруы мүмкін.
o) Жабдықпен пайдалануға арналмаған кез келген батарея блогын пайдалануға болмайды.
p) Батареяны балалардың қолы жетпейтін жерде сақтаңыз.
q) Түпнұсқалық өнімнің әдебиетін болашақта анықтама ретінде пайдалану үшін сақтап
қойыңыз.
r) Пайдаланылмаған кезде батареяны жабдықтан алып қойыңыз.
s) Тиісті түрде қоқысқа тастаңыз.
t) Құрылғы ішінде өндірісі, сыйымдылығы, өлшемі немесе түрі әртүрлі ұяшықтарды
араластырмаңыз.
u) Пайдалану қажет болғанға дейін батарея блогын түпнұсқа қаптамасынан шығармаңыз.
v) Батареядағы плюс (+) және минус (-) белгілерін байқап, дұрыс пайдаланылуын қамтамасыз
етіңіз.

8
KZ
БАТАРЕЯНЫ ЗАРЯДТАҒЫШ ҚҰРАЛДЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІ
БОЙЫНША ЖАЛПЫ ЕСКЕРТУЛЕР
ЕСКЕРТУ Барлық қауіпсіздік ескертулері мен
нұсқауларды оқып шығыңыз. Ескертулер мен
нұсқауларды орындамау салдарынан ток соғуы, өрт шығуы
және/немесе ауыр жарақат алу жағдайлары туындауы
мүмкін.
Барлық ескертулер мен нұсқауларды болашақта қарау
үшін сақтап қойыңыз.
8 жастан асқан балалар мен дене, сезім мен ақыл-ой
қабілеттері шектеулі немесе пайдалану бойынша тәжірибесі
мен білімі жеткіліксіз тұлғалар осы құрылғыны ересектердің
бақылауында болған жағдайда және құрылғыны қауіпсіз
жолмен пайдалану жөнінде нұсқаулар алып, ықтимал
қауіптерді түсінетін жағдайда пайдалана алады.
Балалардың осы құрылғымен ойнауына жол бермеңіз.
Тазалау және пайдаланушы тарапынан техникалық
қызмет көрсету жұмыстарын балаларға ересектердің
бақылауынсыз орындауға болмайды.
Қуат сымы зақымдалған болса, қауіптің алдын алу үшін оны
өндіруші, қызмет көрсету агенті немесе сәйкес біліктілігі бар
адамдар ауыстыруы керек.
БАТАРЕЯ ЗАРЯДТАҒЫШ ҚҰРАЛЫНА АРНАЛҒАН
ҚОСЫМША ҚАУІПСІЗДІК НҰСҚАУЛАРЫ
1. Зарядтау алдында нұсқаулықтарды оқып шығыңыз.
2. Ағып кеткен батареяны зарядтамаңыз.
3. Зарядтағыш құралдарды тағайындалмаған жұмысынан
басқа қосымша жұмыстар үшін пайдаланбаңыз.
4. Зарядтау алдында зарядтағыш құралдың жергілікті
ауыспалы ток көзіне сәйкес келетініне көз жеткізіңіз.
5. Бөлме ішінде пайдалануға арналған немесе жаңбыр
астына қоймаңыз.
6. Зарядтағыш құралды ылғалданудан қорғау керек.
7. Зарядтағыш құралды ашық күйде пайдаланбаңыз.
8. Батарея немесе зарядтағыш құралдың байланыстарын
қысқартпаңыз.
9. Зарядтау кезінде «+/-» полярлықтарын ескеріңіз.
10. Құрылғыны ашпай, балалардың қолы жетпейтін жерде
сақтаңыз.

9
KZ
11. Басқа өндірушілердің батареяларын немесе сәйкес
келмейтін үлгілерді зарядтамаңыз.
12. Зарядтағыш құрал мен батареяның арасындағы
байланыс дұрыс орнатылғандығына және басқа
денелердің кедергі жасамайтынына көз жеткізіңіз.
13. Батарея зарядтағыш құралының саңылауларында
бөгде заттардың болмауын және кірден және ылғалдан
таза болуын қадағалаңыз. Құрғақ және аязсыз жерде
сақтаңыз.
14. Батареяларды зарядтаған кезде, батареяның
зарядтағыш құралының жақсы желдетілген жерде
және тұтанғыш материалдардан алшақ тұрғанына көз
жеткізіңіз. Зарядтау кезінде батареялар қызып кетуі
мүмкін. Батареяларды шамадан артық зарядтамаңыз.
Зарядтау кезінде батареялар мен зарядтағыш
құралдардың қараусыз қалдырылмағанына көз жеткізіңіз.
15. Қайта зарядталмайтын батареяларды зарядтамаңыз,
себебі олар қызып кетуі және бұзылуы мүмкін.
16. Батарея блогын ауа температурасы 18°C - 24°C
аралығында зарядтау арқылы қызмет ету мерзімін
ұзартып және өнімділіктің артуына қол жеткізуге
болады. Батарея блогын 0°C шамасынан төмен немесе
40°C шамасынан жоғары ауа температурасында
зарядтамаңыз. Бұл өте маңызды, себебі ол батарея
блогының қатты зақымдалуын болдырмайды.
17. Тек өндіруші қамтамасыз еткен және өндіруші ұсынған
үлгілердегі батарея блогын зарядтаңыз.
18. Зарядтағаннан кейін, батарея зарядтағыш құралын қуат
көзінен ажыратыңыз. Шасси қосылымдарын, содан кейін
батарея қосылымдарын алыңыз.

10
KZ
ТЕХНИКАЛЫҚ СИПАТТАМАЛАР
CMT18LD түрі (CMT - жоғары жылдамдықты айналмалы құралы сыныбына тиесілі
аппаратының белгілері)
Кернеу 18 В
Жүктемесіз жылдамдығы 5000-16 000 /мин
Тербеліс бұрышы 3,2°
Құрылғы салмағы 0,79 кг
СВЕДЕНИЯ ОБ УРОВНЕ ШУМА
Взвешенный уровень звукового давления: LpA 72.8дБ (A)
KpA 3дБ (A)
Взвешенный уровень звуковой мощности: LwA 83.8дБ (A)
KwA 3дБ (A)
Құлаққа арналған қорғаныш құралын тағып жүріңіз.
ДІРІЛ ТУРАЛЫ АҚПАРАТ
Дірілдің жалпы мәндері (сынақ вектордың саны) EN 62841 стандартына сәйкес анықталған:
Дірілдің таралу мәні: a=3,8 м/с2
Дәлсіздігі K=1,5 м/с²
Мәлімделген дірілдің жалпы мәні мен мәлімделген шу шығысының мәні стандартты сынақ әдісі
бойынша өлшенді және оны құралдарды бір-бірімен салыстыру үшін пайдалануға болады.
Мәлімделген дірілдің жалпы мәні мен мәлімделген шу шығысының мәнін діріл әсерінде болу
шамасын алдын ала бағалау үшін де пайдалануға болады.
ЕСКЕРТУ: Электр құралының нақты қолданысы кезіндегі діріл және шу шығысы
құралды пайдалану әдістеріне, әсіресе келесі мысалдарға байланысты өңделетін
бұйымның түріне және құралдың басқа пайдаланылу нұсқаларына байланысты
мәлімделген жалпы мәннен өзгеше болуы мүмкін:
Құрал қалай пайдаланылады және материалдар кесіледі немесе бұрғыланады.
Құрал жақсы күйде және дұрыс күтілген.
Құралдың дұрыс керек-жарағын қолданып, оның өткір және жақсы күйде болуын қамтамасыз
ету.
Тұтқаларды берік ұстап және дірілге және шуға қарсы керек-жарақтар пайдаланылса.
Сонымен қатар құрал жобаланған мақсатына және осы нұсқауларға сәйкес қолданылады.
Діріл қаупін азайту үшін:
-Дірілге қарсы қолғапты киіңіз
-Іске қосу уақытын қысқартыңыз
Егер құрал дұрыс қолданылмаса, қолдың дірілдеу синдромын тудыруы мүмкін.

11
KZ
ЕСКЕРТУ: Дәлірек айтқанда, нақты пайдалану жағдайларында әсер ету деңгейін
бағалау кезінде жұмыс циклінің барлық бөліктерін, мысалы, құралды өшірген және
оның іс жүзінде істемейтін бос жүріс уақытын ескеру тиіс. Бұл жалпы жұмыс уақытында
әсер ету деңгейін айтарлықтай төмендетуі мүмкін.
Дірілдің және шудың әсер етуінен туындайтын қауіпті барынша азайтуға көмектеседі.
Әрдайым өткір ұңғылағыштар, бұрғылар мен жүздерді пайдаланыңыз.
Құралға осы нұсқауларға сәйкес күтім көрсетіп, қажет жерлерін майлаңыз.
Егер құрал үнемі пайдаланылса, онда дірілге және шуға қарсы керек-жарақтарды сатып алыңыз.
Жұмыс кестеңізді жоғары діріл құралын пайдалануды бірнеше күнге созу үшін жоспарлаңыз.
Батарея арқылы жұмыс істейтін құралдар үшін
Құрал және батареяны пайдалану мен сақтау үшін қоршаған ортаның температура ауқымы -
O°C-45°C.
Зарядтау кезіндегі зарядтау жүйесінің ұсынылған қоршаған орта температурасы 0°C-40°C
аралығы болып табылады.
Дірілдің әсер етуінен туындайтын қауіпті барынша азайтуға көмектесу үшін:
• ӘРДАЙЫМ өткір жүздер мен жақсы күйдегі керек-жарақтарды пайдаланыңыз.
• Құралға осы нұсқауларға сәйкес күтім көрсетіп, қажет жерлерін майлаңыз.
• Егер құрал үнемі пайдаланылса, онда дірілге қарсы керек-жарақтарды сатып алыңыз.
• Құралды 10°C немесе одан төмен температурада қолданбаңыз.
• Жұмыс кестеңізді жоғары діріл құралын пайдалануды бірнеше күнге созу үшін жоспарлаңыз.
ПРИНАДЛЕЖНОСТИ
батарея блогы (бөлек сатылады)
зарядтағыш құрал (бөлек сатылады)
Тегістеу беті 12
Тегістеу панелі 1
Әмбебап шетті кесу жүздері (28 мм, 35 мм) 2
HSS жарты шеңбер жүзі 1
Қатты қырғыш жүзі 1
Алтықырлы кілт 1
Керек-жарақтарды құралды сатқан дүкеннен сатып алуға кеңес береміз. Танымал
брендпен белгілі сапалы керек-жарақтарды пайдаланыңыз. Орындалатын жұмысқа сәйкес
түрін таңдаңыз. Толық мәліметтер алу үшін керек-жарақ қаптамасын қараңыз. Дүкен
қызметкерлері көмек көрсетіп, кеңес бере алады.

12
KZ
СПИСОК КОМПОНЕНТОВ
1. Выключатель
2. Кнопка отсоединения аккумуляторной батареи
3. Аккумуляторная батарея
4. Регулятор скорости
5. Светодиодный индикатор
6. Фланец
7. Шестигранный ключ
* Не все принадлежности, приведенные на рисунках или описанные в документе,
включены в стандартный комплект поставки.
12
34
5
67

13
KZ
ОБОЗНАЧЕНИЯ
Жарақат алу қаупін азайту үшін пайдаланушы пайдалану нұсқаулығын оқып шығуы
керек
Ескерту.
Ьұл өнім қайта өңдеуге келеді. Оны әрі қолдануға болмайтын жағдайда, оны қайта
өңдейтін орталыққа тапсыруыңызды өтінеміз
Құлаққа арналған қорғаныш құралын тағып жүріңіз.
Қорғаныш көзілдірігін тағып жүріңіз
Шаңнан қорғайтын масканы тағыңыз.
Қорғаныс қолғабын киіңіз
Батареялар тиісті түрде кәдеге жаратылмаған жағдайда су айналымына енуі
мүмкін, бұл экожүйе үшін қауіпті. Пайдаланылған батареяларды сұрыпталмаған
тұрмыстық қалдықтар ретінде кәдеге жаратпаңыз.
Отқа жақпаңыз
Электрлік өнімдердің қалдықтарын тұрмыстық қоқысқа тастауға болмайды. Кәдеге
жаратуға арналған арнайы мекемелер болса, құралды кәдеге жаратыңыз. Кәдеге
жарату бойынша кеңес алу үшін жергілікті өкілетті органдарға немесе сауда орнына
хабарласыңыз.
Батарея блогын сыртқы жоғары температураларда (40°C шамасынан жоғары)
пайдаланбаңыз.
Литий-ионды батарея Бұл өнім барлық батарея блоктары мен батарея блогына
қатысты “бөлек жинау” белгісімен белгіленген. Оны қоршаған ортаға кері әсерін
тигізбеу үшін қайта өңдейді немесе бөлшектейді. Батарея блоктарының құрамында
қауіпті заттар болатындықтан, олар қоршаған орта мен адам денсаулығына қауіп
төндіруі мүмкін.
Тек ғимарат ішінде пайдалануға арналған
Внимательно прочитайте руководство пользователя
Қос қабатты оқшаулау.
Балқитын сақтандырғыш
T 2A

14
KZ
Оң клемма.
Теріс клемма.
Түрінің таңбаламасы: CMT18LD (механикалық жабдықтың CMT-таңбаламасы,
SoniCrafter құралының бір түрі)
Жоғарыдағы тізімде берілген керек-жарақтарды батарея зарядтағыш құралды
сатқан дүкеннен сатып алуға кеңес береміз. Толық мәліметтер алу үшін керек-жарақ
қаптамасын қараңыз. Дүкен қызметкерлері көмек көрсетіп, кеңес бере алады.

15
KZ
ПАЙДАЛАНУ ТУРАЛЫ НҰСҚАУЛЫҚ
Ескерпе! Құрылғыны пайдаланар алдында нұсқаулықты толық оқып шығыңыз.
ҚОЛДАНУ
Бұл электр құралы ағаш материалдарды кесу және бөлуге арналған, пластмасса, гипс, түсті
металдар және бекітпе (мысалы, тырнақ, немесе қапсырмалары) есептелген, және шағын
беттерді құрғақ ұнтақтау үшін жұмсақ және қабырға плиткаларын жұмыс істеуге. Ол шетінен
жақын жұмыс істеуі үшін және флеш кесу үшін, атап айтқанда, сондай-ақ қолайлы болып
табылады.
ЖҰМЫС ЖАСАУҒА ДАЙЫНДАУ
A) АККУМУЛЯТОР ҚУАТЫ
Тапсырыстағы қуаттағыш құралы құрылғыда орнатылған никель-кадмин аккумуляторымен
бірге. Басқа қуаттағыш құралдарды пайдаланбаңыз.
Никель-кадмин аккумуляторының құралы толық отырып қалмайды. Аккумулятордың қуаты
азайған кезде, ол автоматты түрде қорғаныс шынжырының көмегімен өшіп қалады.
Құрылғының пароны айналмайды.
Жылы жерде немесе ұзақ уақыт қолданған кезде аккумулятор қызуы мімкін. Ондай уақытта
қуат көзіне қоюға болмайды.
Аккумуляторды қуат көзне қоймастан бұрын, біраз суытыңыз. Бірінші қолданғаннан кейін және
ұзақ уақыт қолданбаған аккумуляторды бірнеше рет қуаттау керек.
B) АККУМУЛЯТОРДЫ АЖЫРАТУ
Аккумуляторды ажыратқыш тетігіне басып, құрылғыдан аккумуляторды шешіп алыңыз.
C) АККУМУЛЯТОРДЫ ОРНАТУ
Толық қуатталған аккумуляторды құрылғыға киілген дауысы шыққанға итеріп
орнатыңыз.
D) АККУМУЛЯТОРДЫ ҚУАТТАУ ТӘРТІБІ
1) Қуаттау құралын тоқ көзіне қосыңыз (100-240 В)
2) Индикатордағы қызыл-жасыл тетігі жанып-өшіп тұрса, аккумулятор қуат алып жатыр деген
сөз.
3) Аккумулятор толық қуат алып біткенде де индикатордың қызыл-жасыл түсі өшіп-жанып
тұрады. Негізінде аккумулятордық толық қуатталуына 4,5 сағат уақыт кетеді.Аккумулятор
қуатталып біткенде, құрылғыны тоқ көзінен ажыратыңыз.
ЕСКЕРПЕ! Жылы жерде немесе ұзақ уақыт қолданған кезде аккумулятор қызуы
мімкін. Ондай уақытта қуат көзіне қоюға болмайды. Аккумуляторды қуат көзне
қоймастан бұрын, біраз суытыңыз.
Қуаттағыш индикаторы
Бұл зарядтағыш батареяда пайда болуы мүмкін проблемаларды анықтауға мүмкіндік береді.
Зарядтау көрсеткіші проблемаларды көрсетеді (төмендегі кестені қараңыз). Мұндай жағдайда,
зарядтағышта оның жұмысқа қабілеттілігін тексеру үшін жаңа батареяны орнатыңыз. Егер
жаңа батарея дұрыс зарядталса, бастапқы батарея ақаулы және қызмет көрсету орталығына
немесе қайта өңдеу орталығына қайтарылуы керек. Жаңа аккумуляторды зарядтау бастапқы
батареямен бірдей қиындықтарға тап болса, зарядтағышты қызмет көрсету орталығына
тексеруге қайтару керек.

16
KZ
Шам ҚОСУ/ӨШІРУ түймесі
жыпылықтайды Күйі
Қызыл жанады
—— —— ——
Зарядталуда
Қызыл жыпылықтайды
- - - - - - - - - - - -
Ақаулы батарея
Жасыл жанады
—— —— ——
Толық зарядталған
Жасыл жыпылықтайды
- - - - - - - - - - - -
Қызу/салқындату кезіндегі
кідіріс
ПАЙДАЛАНУ
Ескерту. Құрылғыны ұзақ уақыт пайдаланғаннан кейін, ыстық болуы мүмкін
болғандықтан, ілгекті ұстамаңыз.
1. Құрастыруды дайындау (B1-B3 қараңыз)
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Кез-келген жұмысты орындау кезінде және әртүрлі тіркемелерді
ауыстыру кезінде әрқашан қорғаныс қолғаптарын киіңіз. Құрылғының аксессуарларының
өткір жиектерімен байланысқан жарақат алудан аулақ болыңыз. Керек-жарақтар мен
қондырғылар жұмыс кезінде өте қызып кетуі мүмкін, күйіп қалу қаупі бар!
ЕСКЕРТУ. Жарақат алу қаупін азайту үшін әмбебап ұштық жүздерді және аралау
дискілерін пайдаланушының қолына бағыттамаңыз.
- Фланецті босатыңыз Фланецті алты бұранданың көмегімен сағат тілімен бұраңыз (B1
суретін қараңыз).
- Аксессуарларды орнату Саңылауды ұстағышқа қойыңыз (B2 суретін қараңыз).
- Фланецті қысыңыз
- Фланецті сағат тіліне қарсы бұраңыз, ол қауіпсіз түрде құлыпталғанша бұраңыз
(В3-суретті қараңыз).
2. ЖОҒАРЫ КЕҢЕСІН ОРНАТУ ЖӘНЕ АУЫСТЫРУ (C суретін қараңыз)
Фланецті Allen пернесін пайдаланып бұраңыз. Зығыр қағазды ұстағышқа орнатыңыз.
Фланецті Allen пернесімен сенімді түрде қатайтыңыз.
Зығыр қағазды теңестіріп, оны қолыңызбен тегістеу табағына салыңыз.
Қуат парағын тегіс бетке салыңыз және құралды қысқа уақытқа қосыңыз. Бұл сенімді
ұстамдылықты қамтамасыз етеді және мезгілсіз тозуды болдырмауға көмектеседі.
Егер парақтың бір бөлігі тозса, оны алып тастаңыз, 120 ° бұрап, оны тақтаға қайта орнатыңыз.
ЕСКЕРТУ. Басқа брендтердің тегістеу пластиналары үшін берілген аз фланецті пайдаланыңыз.
3. Құрылғыны қосу және өшіру (D суретін қараңыз)
Құрылғыны қосу үшін коммутаторды (1) ауыстырғышта көрсетілген «1» күйіне жылжытыңыз.
Құрылғыны өшіру үшін ауыстырғышты (1) қайтадан коммутаторда көрсетілген «0» күйіне
жылжытыңыз.
4. Жылдамдықты басқаруды қолдану (E суретін қараңыз)
Қозғалтқышпен жұмыс істеу жиілігін (жылдамдығын) таңдаңыз.
Жылдамдық реттегіші (4) пайдаланылатын керек-жарақтар мен орындалатын жұмыстарға
байланысты оңтайлы тербеліс жиілігін орнату үшін пайдаланылуы мүмкін.
Жоғары осцилляция жиілігі:
тегістеу, аралау, бұру және жылтырату, тас және металл.
Төмен тербеліс жиілігі: жылтырататын лактар.

17
KZ
5. Жарықтандыру индикаторы
Жарықтандыру индикаторы артқы жарық индикаторы төмен жарық жағдайларында жақсы
көрінуді қамтамасыз етеді. Көрсеткішті қосу үшін қосу / өшіру түймесін басыңыз. Қосқышты
босатыңыз да, артқы жарық өшіріледі.
Жарықдиодтық индикатор ақ батарея сыйымдылығын көрсетеді. Батарея заряды таусылғанда
индикатор жыпылықтай бастайды.
6. 6ҚАУІПСІЗДІКТІ ҚАУІПТІ
Тиеу кезінде қозғалтқыш тоқтайды. Құрылғыға жүктемені дереу тоқтатып, жұмыс істеп тұрғанда
оның ең жоғарғы жылдамдықпен шамамен 30 секунд ішінде суытыңыз.
7. ТЕМПЕРАТУРАНЫҢ ӨТКІЗІЛГЕН БӨЛІГІ
Мақсатты мақсатта қолданылған кезде құралдың жүктемесі орын алмайды. Егер батарея
заряды таусылып немесе батарея температурасы (75 ° C) асып кетсе, электрондық басқару
жүйесі құралдың қуат беруін температура нормаланғанша өшіреді.
8. ҚАТЫСУШЫЛАРДЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІН ҚОРҒАУ
Литий-ионды аккумулятор «Шығарудан қорғау жүйесі» арқылы шамадан тыс заряддан
қорғалған. Батарея толығымен зарядталғанда, құрылғы қорғаныс тізбегі арқылы автоматты
түрде ажыратылады. Саңылаулар біраз уақытқа айналады.
ҚОЛДАНУ
ЕСКЕРТПЕ.
Кесу тістері өте өткір. Орнату және пайдалану кезінде оларды ұстамаңыз.
Кесуденбұрын дайындамадұрысорнатылғанболуыкерек.

18
KZ
ЕСКЕРТПЕ. Жырту және кесу кезінде, чипті дұрыс алуды қамтамасыз ету үшін жарық сөндіру
қозғалыстарын пайдаланыңыз.
Тозу біркелкі бөлінсе, аралау дискісі ұзағырақ болады. Тозуды қамтамасыз ету үшін аралау
дискісін босатып, оны бұрап, қайтадан қатайтыңыз.
Тұрақты қозғалысы және төмен қысымы бар кесу және құм.
Күшті қысым кесу және тазалау сапасын жақсартпайды, бірақ саптаманың тез тозуына әкеледі.
Шамадан тыс пайдалану және жылыту аралау дискілерінің қызмет ету мерзімін күрт
қысқартады.
ҚҰРЫЛҒЫСЫН ПАЙДАЛАНУҒА КЕҢЕС
(1) Егер электр құралы тым ыстық болса, әсіресе төмен жылдамдықта пайдаланғанда,
қозғалтқышты салқындату үшін максималды жылдамдықты орнатыңыз және жүктемені 2-3
минут бойы іске қосыңыз. Құрылғыны төмен жылдамдықпен ұзақ уақыт пайдаланбаңыз.
Пышақ әрқашан өткір болуы керек.
(2) Ауыстыруға жол бермеу үшін әрдайым жұмыс бөлшектерін қауіпсіз бекітіңіз.
(3) Кез келген материалдың қателігі кесу немесе тегістеу сапасына әсер етуі мүмкін.
(4) Жұмыс басталар алдында аспапты қосыңыз және оны аяқтағаннан кейін өшіріңіз.
(5) Орнатылған тегістеу қағазы жоқ құмды емес.
(6) Тегістеу қағазын толығымен тазаламаңыз - бұл тегістеу табағынзақымдауы мүмкін. Кепілдік
тегістеу пластинасының тозуын қамтымайды.
(7) Тегіс беттерге арналған қатаң тегістеу қағазды, тегіс беттерге арналған орташа қаттылықты
және соңғы өңдеуге арналған жұмсақ заттарды пайдаланыңыз. Қажет болса, материалдың
бір бөлігін кесіп көріңіз.
Сурет Аты Қолданылуы
Кесте
Ағашқа
арналған
стандартты
жиек
Ағаш, пластик,
Тез кескіш
болаттан
жасалынған
жартылай
шеңберлі ара
полотнасы
Жіңішке ағаш, пластмасса,
шыны, қара металл, жұқа
металл, табақ, шыңдалған
тығыздағыштар
Тегістеу
Тегістеу
пластинасы(пер
форациясы бар)
Ағаш, пластик,
тығыздалған
тығыздағыштар
Циклевание Қатқыл жүзді
скребер
Ескі бояу, қатайтылған
желімдер, бөренелер,
жабындар

19
KZ
(8) Шамадан тыс қысым тиімділікті төмендетеді және қозғалтқыштың жүктемесін тудыруы
мүмкін. Қосалқы бөлшектерді үнемі ауыстыру оңтайлы өнімділікті қамтамасыз етеді
ТЕХНИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ
ЕСКЕРТПЕ. Жөндеу, жөндеу және қызмет көрсету алдында әрқашан батареяны
құралдан шығарыңыз.
Бұл электр құрал қосымша майлауды немесе техникалық қызмет көрсетуді қажет етпейді.
Құрылғыда пайдаланушыға қызмет көрсететін бөліктер жоқ. Электр құралын тазалау үшін
ешқашан суды немесе химиялық тазалау құралдарын қолдануға болмайды. Құрғақ
шүберекпен сүртіңіз. Электр құралын құрғақ жерде сақтаңыз. Желдету саңылауларын таза
ұстаңыз. Құралда шаңның пайда болуына жол бермеңіз. Кейде ұшқындардың ауа ағынынан
көруге болады.
Бұл қалыпты жағдай және электр құралын зақымдамайды.
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ
Электрлік өнімдердің қалдықтарын тұрмыстық қоқысқа тастауға болмайды. Кәдеге
жаратуға арналған арнайы мекемелер болса, құралды кәдеге жаратыңыз. Кәдеге
жарату бойынша кеңес алу үшін жергілікті өкілетті органдарға немесе сауда орнына
хабарласыңыз.
ҚУАТЫ ТАУСЫЛҒАН БАТАРЕЯ БЛОГЫН КӘДЕГЕ ЖАРАТУ
Табиғи ресурстарды сақтау үшін батарея блогын қайта өңдеуге жіберіңіз немесе тиісті
түрде кәдеге жаратыңыз. Бұл батарея блогының құрамында литий-ионды батареялары
бар. Қайта өңдеу және/немесе кәдеге жаратудың қолжетімді опциялары туралы ақпарат
алу үшін жергілікті қалдықтарды қайта өңдеу мекемесіне хабарласыңыз. Кәдеге жарату алдында
құралды қолданып батарея блогының зарядын тауысыңыз, одан кейін батареяны құрал
корпусынан шығарып, қысқа тұйықталу мен зарядтың бітуіне жол бермеу үшін мықты жабысқақ
таспамен ораңыз. Құрамдастардың ешқайсысын ашуға немесе алуға тырыспаңыз.

20
KZ
СӘЙКЕСТІК ДЕКЛАРАЦИЯСЫ
Біз,
ADEO Services
135 rue Sadi Carnot
CS 00001
59790 Ronchin - Франция
Бұл CMT18LD сымсыз көпфункциялы құрал 18 В төмендегі стандарттар мен стандартталған
құжаттарға сәйкес келетіні толықтай жауапкершілігімізге кіретінін мәлімдейміз.
Келесі өнімнің
Сипаттама: Сымсыз көпфункциялы құрал 18 В
Түрі: CMT18LD (CMT-машиналардың белгісі, Жоғарғы жиілік көп функциялы құралдың өкілі)
Функция: Тегістеу, аралау, қыру
Топтама №:
Келесі директиваларға сәйкес келеді:
Машина құрастыру директивасы 2006/42/EC
2014/30/EU электрмагниттік үйлесімділік директивасы
RoHS директивасы (EU) 2015/863 өзгерістерімен 2011/65/EU
Келесі стандарттарға сай:
EN 62841-2-4:2014
EN 62841-1:2015
EN 55014-1:2017
EN 55014-2:2015
IEC 62321-1:2013
IEC 62321-2:2013
IEC 62321-3-1:2013
IEC 62321-4:2013+AMD1:2017
IEC 62321-5:2013
IEC 62321-6:2015
IEC 62321-7-1:2015
IEC 62321-7-2:2017
IEC 62321-8:2017
ISO 17075:2017
CE белгісі қойылған жылдың соңғы екі саны: 19
Шанхай қаласында 04-02-2019 ж. қол қойылды
Richie PERMAL
Сапа жөніндегі басшы
Julien Ledin өкілетті тұлғасы, ADEO сапа жөніндегі басшысы
ADEO Services 135 Rue Sadi Carnot - CS 00001 59790 RONCHIN – Франция
Table of contents
Other Dexter Power Power Tools manuals