
IM022
www.scarlett.ru SC-EK21S68
Құрылғыны өз бетіңізше жөндеуге талпынбаңыз.
Олқылықтар пайда болса жақын арадағы сервис
орталығына апарыңыз.
Құрылғыны тазалау алдында оны электр жүйесінен
ажыратыңыз және ол толық суығанша күтіңіз (қыздыру
бөлігі пайдаланғаннан кейін біраз уақыт ыстық болып
тұрады).
Егер бұйым біршама уақыт 0ºC-тан төмен температурада тұрса, іске қосар алдында оны
кем дегенде 2 сағат бөлме температурасында ұстау керек.
Өндіруші бұйымның қауіпсіздігіне, жұмыс өнімділігі мен жұмыс мүмкіндіктеріне түбегейлі
әсер етпейтін болмашы өзгерістерді оның құрылмасына қосымша ескертпестен енгізу
құқығын өзінде қалдырады.
Жасап шығарылған күні бұйымда және (немесе) қаптамада, сондай-ақ ілеспе
құжаттамада, XX.XXXX пішімінде көрсетілген, мұндағы алғашқы екі сан «XX» – жасап
шығарылған айы, келесі төрт сан «XXXX» – жасап шығарылған жылы.
ДАЙЫНДАУ
Шәйнек арналған суды қайнату.
Жаңа аспаптағы бөгде иістерден құтылу үшін алғашқы рет қолданар алдында 1-3
лимонның шырынын немесе лимон қышқылының қалташасын құйып шәйнекте суды
қайнатыңыз.
Ерітіндіні 12 сағатқа қалдырыңыз, содан кейін тағы да қайнатыңыз.
Ерітіндіні төгіңіз де, электр түйіспелеріне су кіруіне жол берместен, шайнектің ішін сумен
шайыңыз
Қажет болған жағдайда рәсімді қайталаңыз.
ЖҰМЫС
СУДЫ ҚҰЮ
Шәйнекті қоректену тұғырынан түсіріңіз.
Сіз оны тұмсықша арқылы не қақпақты ашып, қылтаннан толтыра алаcыз.
Шәйнектің қызып кетпеуі үшін 0.5 литрден (“MIN” белгіден төмен) аз су құюға
ұсынылмайды. 1.7 литрден (“MAX“ белгіден жоғары) көп су құймаңыз, әйтпесе ол
тұмсықша арқылы қайнаған кезде тасып кетуі мүмкін.
ҚОСУ
Су толтырылған шәйнекті қоректену тұғырына орнатыңыз.
Қоректену бауын электр жүйесіне тұйықтаңыз да шәйнекті қосыңыз, осымен жұмыстың
жарықты индикаторы жанады.
АЖЫРАТУ
Су қайнағанда шәйнек автоматты өшеді және жарықты индикатор сөніп қалады.
НАЗАР: Сіздің шәйнегіңіз қызып кетуден қорғаныш жүйесімен жабдықталған. Егер
шәйнекте су жоқ не аз болса, ол автоматты түрде сөніп қалады. Егер бұл болса,
шәйнектің суынуы үшін 10 минуттан кем емес күтке қажет, содан кейін су құюға болады.
ҚАЙТА ҚОСУ
Егер шәйнек жаңа ғана қайнап және автоматты сөнсе, ал сізге суды қайтадан жылыту
қажет болса, қайта қосудың алдында 15-20 секунд кідіріңіз.
ТАЗАЛАУ ЖӘНЕ КҮТІМ
Қақпағын ашып ұңғысы арқылы барлық суды төгіңіз.
Ешқандай жағдайда да шәйнекті және қоректену негізін ағын сумен жумаңыз. Тұлға мен
негіздің сыртын алдымен жұмсақ дымқыл матамен сүртіңіз, ал содан соң –құрғатып.
Қайрақты тазалағыш заттар, металл жөкелер және щөткелерді, сонымен қатар
органикалық еріткіштерді қолданбаңыз.
Бұйымды сауда орнында ие болуға мүмкін арнайы құралдармен қаспақтан ұдайы
тазалап тұрыңыз. Тазартушы құралдарды қолдану барысында, олардың орамасындағы
нұсқауларға сүйеніңіздер.