
A Нормалы жылдамдық түймесі
B «Турбо» режимінің түймесі
C Мотор бөлшегі
D Блендер
E Көпсіткіштің байланыстырып тұратын муфтасы
(тек HR1364/HR1362 қатысты)
F Көпсіткіш (тек HR1364/HR1362 моделіне
қатысты)
G Ұсақтағыштың байланыстырып тұратын муфтасы
(тек HR1364/HR1363 қатысты)
H Ұсақтағыштың кескіш блогы (тек HR1364/HR1363
қатысты)
I Ұсақтағыштың тостағаншасы (тек HR1364/HR1363
қатысты)
J Ыдыс
Құралды қолданар алдында, осы нұсқауды ықыласпен
оқып шығыңыз, әрі болашақта қолдануға сақтап
қойыңыз.
Электрқозғалтқыштың блогын суға немесе
басқа да сұйықтыққа батыруға, сондай-ақ бұл
блокты ағынды судың астында жууға болмайды.
Электрқозғалтқыштың блогын тазалау үшін, ылғал
шүберекті пайдаланыңыз.
Құралды қосар алдында, құралда көрсетілген
вольтаж, жергілікті қамтамасыз етілетін вольтажға
сәйкес келетіндігін тексеріп алыңыз.
Егер құралдың шанышқысы, сымы немесе құралдың
өзге бөлшегі зақымдалса, құралды қолданбаңыз.
Егер тоқ сым зақымдалған болса, қауіпті жағдай
туғызбас үшін, оны тек Philips немесе Philips
әкімшілік берген қызмет орталығында немесе
соған тәріздес деңгейі бар маман ғана ауыстыруы
тиіс.
Құралды қадағалаусыз жұмыс жасатуға болмайды.
Бұл құралмен, егер осы құралды қолдану жөнінде
олардың қауіпсіздігіне жауапты адамнан нұсқау
алған болмаса немесе оның қадағалауымен
қолданып жатпаған болса, физикалық сезімталдығы
төмен немесе ақылы кем адамдар, немесе білімі
мен тәжірибесі аз адамдар (жас балаларды да
қоса) қолдануына болмайды.
Құралмен ойнамас үшін, балаларды қадағалаусыз
қалдыруға болмайды.
Пышақтың өткір жүзіне тиіп кетпеңіз, әсіресе
аспап электр жүйесіне қосулы тұрған кезде. Жүзі
өте өткір!
Пышақ тоқтап қалған жағдайда, пышаққа тұрып
қалған ингредиенттерді алмас бұрын, аспапты
жүйеден ажыратыңыз.
Құралды жинар, бөлшектер, тазалар, немесе
кез келген бөлшектерін сәйкестендірер кезде,
міндетті түрде оны тоқ сымынан ажыратыңыз.
Бұл құрал тек үйде қолдануға жасалған.
Блендерді ингредиенттермен толтырған кезде,
кестеде көрсетілген нормадан аспау керек,
сондай-ақ дайындау уақытын да сақтау қажет.
Үздіксіз үш салымнан артық шайқауға болмайды.
Шайқауды жалғастырар алдында, құралды бөлме
температурасына дейін суытып алыңыз.
Шу деңгейі: Lc = xx dB [A]
Осы Philips құралы Электромагниттік өріске (ЭМӨ)
байланысты барлық стандарттарға сәйкес келеді. Бар
ғылыми дәлелдерді негізге ала отырып, нұсқауларға
сәйкес дұрыс пайдалана отырып аспапты пайдалануға
болады.
Бұл құрал қатты қызып кетуден сақтайтын
қорғаныспен қамтамасыз етілген. Егер құрал қатты
қызып кетсе, ол автоматты түрде сөндіріледі. Құралды
тоқтан суырып, оны 5 минуттай суытып алыңыз. Содан
соң, тоқ сымын қабырғадағы розеткаға кіргізіп, құралды
қайта қосыңыз. Егер қатты қызып кетуден сақтайтын
қорғаныс тым жиі белсендірілетін болса, Philips
дилеріңізбен немесе Philips әкімшілік берген қызмет
орталығымен байланысыңыз.
Құралды алғаш қолданар алдында тамақпен контактіге
түсетін бөлшектерін жақсылап тазалаңыз.
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
1 Ыстық ингредиенттерді ұсақтайтынның алдында
немесе шайқауыш ыдысына құяр алдында,
оларды суытып алыңыз (ең жоғарғы температура
80 °C).
2 Өнімдердің ірі түйірлерін шамамен үлкендігі
2 см етіп тураңыз, сонан соң оларды өңдеуге
кірісіңіз.
3 Аспапты электр жүйесінің розеткасына қосар
алдында, аспаптың дұрыс жиналғандығына көз
жеткізіңіз.
Блендердің қызметі:
сүт өнімдері, соустар, жеміс-жидек шырындары,
сорпа, сусындар, коктейльдер сияқты
сұйықтықтарды араластыру.
құймаққа арналған сұйық қамырды немесе
майонезді дайындау үшін жұмсақ ингредиенттерді
араластыру.
мысалы, балалар тағамына арналған қайнатылған
өнімдерден пюре дайындау.
1 Блендерді электрқозғалтқыштың блогына
жалғаңыз («сырт еткенше») (Cурет 2).
2 Саптаманы пышағымен бірге ингредиентке
толық батырыңыз (Cурет 3).
3 Электр аспабын турбо немесе қалыпты
жылдамдық түймелерін басып іске қосыңыз.
4 Аспапты алға-артқа және аздап айналыра
отырып, жәймен қозғап, ингредиенттерді
араластырыңыз (Cурет 4).
Ұсақтағыш жаңғақ, ет, пияз, қатты ірімшік, пияз, қатты
ірімшіктерді, суға пісірілген жұмыртқа, сарымсақ,
шөп-шалам, кептірілген нан және т.б. ингредиенттерді
майдалауға арналған.
Жүзі өте өткір! Пышақ блогымен жұмыс істеген
кезде өте сақ болыңыз, әсіресе оны ұсақтағыш
тостағаншадан ажыратар кезде, ұсақтағыш
тостағаншасын босату және аспапты тазалау кезінде.
1 Пышақ блогын ұсақтағыш тостағаншаға
орнатыңыз (Cурет 5).
2 Ұсақтағыш тостағаншаға ингредиенттерді
салыңыз.
3 Байланыстырып тұратын муфтаны ұсақтағыш
тостағаншаға орналастырыңыз (Cурет 6).
4 Электрқозғалтқыш бөлікті кесуші табаққа
бекітіңіз («сырт» ете түседі) (Cурет 7).
5 Электр аспабын турбо немесе қалыпты
жылдамдық түймелерін басып іске қосыңыз.
Егер ингредиенттер ұсақтағыш тостағаншаның
қабырғасына жабысатын болса, сұйық зат қосуға
немесе күрекшені пайдалануға болады.
Етті ұсақтап, майдалап болғаннан кейін, әрдайым
электр аспабын суытып қойыңыз.
Көпсіткіш кілегейді, жұмыртқаның ағын, десертті және
т.б. көпсітуге арналған.
1 Көпсіткішті байланыстырып тұратын муфтаға
жалғаңыз (Cурет 8).
2 Байланыстырушы бөлікті электроқозғалтқыш
бөлігіне қосыңыз (‘сырт’ ете түседі) (Cурет 9).
3 Ингредиенттерді жұмысшы сыйымдылыққа
салыңыз.
Кеңес: Жақсы нәтижеге қол жеткізу үшін үлкен
тостағандарды пайдаланыңыз.
4 Көпсіткішті ингредиенттерге толық батырыңыз
және шашырамас үшін өнімдерді өңдеуді
қалыпты жылдамдық түймесін басып, қалыпты
жылдамдықта бастаңыз. (Cурет 10)
5 Шамамен бір минуттан кейін турбо жылдамдығы
түймесіне басып, турбо жылдамдығына
ауысыңыз.
1 Тазалар алдында, электр аспабын өшіріп,
бөлшектерді шығарып алыңыз.
2 Өлшеуіш стаканды, ұсақтауға арналған
тостағаншаны (тек HR1364/1363 қатысты),
пышақ блогын (тек HR1364/1363 қатысты),
байланыстырып тұратын муфтаны (тек
-
-
-
,
,
HR1364/1363 қатысты) және байланыстырып
тұратын муфтасыз көпсіткішті ыдыс жуатын
машинада немесе ыдыс жуатын сұйықтықты
пайдаланып жылы сумен жуыңыз.
Тазалар алдында ұсақтағыштың резіңке сақинасын
алып тастауға кеңес беріледі.
3 Блендердің пышақ блогы мен көпсіткішін
электрқозғалтқышқа жалғанған күйі ыдыс жууға
арналған сұйықтықты пайдаланып суға батырып,
аспапты аз уақытқа іске қосып жууға болады.
4 Электрқозғалтқыш блогын және байланыстырып
тұратын муфтаны ылғал шүберекпен сүртіңіз (тек
HR1364/HR1362 қатысты) .
Көпсіткіштің электрқозғалтқыш блогы мен
байланыстырып тұратын муфтасын суға батырмаңыз
(тек HR1364/HR1362 қатысты).
Құралды өз қызметін көрсетіп тозғаннан
кейін, күнделікті үй қоқысымен бірге тастауға
болмайды. Оның орнына бұл құралды арнайы
жинап алатын жерге қайта өңдеу мақсатына
өткізіңіз. Сонда сіз қоршаған айналаны сақтауға
себіңізді тигізесіз (Cурет 11).
Егер сізге ақпарат керек болса, немесе сізде бірде
бір мәселе болса, Philips’тің интернет бетіндегі www.
philips.com веб-сайтына келіңіз, немесе өзіңіздің
еліңіздегі Philips Тұтынушылар Орталығына телефон
шалсаңыз болады (оның нөмірерін дүние жүзі
бойынша берілетін кепілдік кітапшасынан табасыз).
Сіздің еліңізде Тұтынушылар Қамқорлық Орталығы
жоқ болған жағдайда өзіңіздің жергілікті Philips
дилеріне арызданыңыз немесе Philips’тің Үйге арналған
құралдар қызмет департаменті және Жеке Қамқор BV
бөліміне арзызданыңыз.
Ингредиенттер Блендерді
толтыру
нормасы
Уақыты
Көкөністер мен
жеміс-жидектер
100-200 г 60 сек.
Балалар тағамы,
сорпа мен соустар
100-400 мл 60 сек.
Сұйық қамыр 100-500 мл 60 сек.
Коктейльдер мен
сусындар
100-1000 мл 60 сек.
Ингредиенттер Ұсақтағышты
толтыру нормасы Уақыты
Пияз бен
жұмыртқа
100 г. 5 x 1сек.
Ет пен балық 120 гр (MAX) 5 сек.
Шөп-шалам 20 г. 5 x 1сек.
Ірімшік 50-100 гр (MAX) 3 x 5 сек
Жаңғақтар 100 г. 2 x 10 сек.
Ингредиенттер Көпсіткішті толтыру
нормасы Уақыты
Кілегей 250 мл 70 - 90
сек.
Жұмыртқаның
ағы
4 жұмыртқа 120 сек.
,