
19
Басқарупанелі
e Қуаттықосу/өшірутүймесі
f Болдырмау/артқатүймесі
g Шарлаутүймесі
h Таймертүймесі
i Растау/ОКтүймесі
j Бағдарламаныңжарықдиодтышамдары
Шайсебеті
k Тұтқышыбаршайсебеті
Дайындаусыйымдығы
l Дайындаусыйымдығынсақтау
контейнері
m Дайындаусыйымдығы
n Дайындаусыйымдығықақпағы
o Дайындаусыйымдығытұтқышы
p Дайындаусыйымдығыконтейнерінің
қақпағы
3 Алғашқырет
қолданаралдында
Құралды бірінші рет қолданар алдында,
тамақпен байланысқа түсетін бөлшектерін
жақсылап тазалаңыз («Тазалау» тармағын
қараңыз).
4 Түпқоймадағы
шайнектіқолдану
(2-сурет)
Түпқоймадағы шайнекті қолдану үшін
төмендегі қадамдарды орындаңыз
1 Шайнекке ингредиенттерді салыңыз.
2 Шайнекке су құйыңыз.
• Шайнекті толтырғанда, судың ең
жоғарғы деңгей көрсеткішінен
асырмаңыз (1,5 л).
3 Шай себеті тұтқышын шайнекке бекітіңіз.
4 Қақпақты жабыңыз.
5 Шайнекті қуат табанына бекітіңіз.
6 Құралды қуат көзіне қосыңыз.
7 Құралды қосу үшін, қосу/өшіру түймесін
бір секунд бойы басып тұрыңыз.
• Бағдарламаның барлық жарықдиодтары
жанады да, Ақырын демдеу
бағдарламасының жарықдиоды әдепкі
түрде таңдалады.
8 Бағдарламаны таңдау үшін шарлау
түймесін (< немесе >) басыңыз.
• Бағдарлама таңдалғаннан кейін, осы
бағдарламаның жарықдиоды бөлектеліп,
оның ұзақтығы мен температурасы
жарықдиодты дисплейде көрсетілетін
болады.
• Бағдарлама туралы жан-жақты ақпарат
алу үшін "Алдын ала орнатылған
бағдарламалар" тармағын қараңыз.
• Таңдалған бағдарламаның дайындау
ұзақтығын өзгерту үшін, таймер түймесін
және таймерді реттеуге арналған
шарлау түймелерін қолданыңыз.
Толығырақ ақпарат алу үшін "Бағдарлама
ұзақтығын реттеу" тармағын қараңыз.
• Кешіктіріп дайындау мақсатымен
уақытты алдын ала белгілеу үшін, таймер
түймесін және таймерді белгілеуге
арналған шарлау түймелерін қолданыңыз.
Толығырақ ақпарат алу үшін «Кешіктіріп
дайындау мақсатымен уақытты алдын
ала белгілеу» тармағын қараңыз.
9 Бағдарламаны бастау үшін Растау/ОК
түймесін басыңыз.
• Құрал өңдеуді бастайды.
• Таңдалған бағдарламаның жарықдиоды
жыпылықтай беретін болады, ал таймер
болса кері санақты бастап, оны өңдеу
жұмысы аяқталғанша жалғастырады.
• Өңдеу жұмысы аяқталған соң, құрал
дыбыстық сигнал береді.