
IM021
www.scarlett.ru SC-FD421015
Бұйымды жəне қоректену бауын суға немесе басқа сұйықтықтарға батыруға болмайды.
Егер бұл болса, дереу құрылғыны электр жүйесінен сөндіріп тастаңыз жəне, оны одан
əрі пайдаланбастан бұрын, құралдың жұмысқа қабілеттілігін жəне қауіпсіздігін білікті
мамандарға тексертіңіз.
Қуат бауы бүлінген жағдайда, қатерден аулақ болу үшін оны ауыстыруды өндіруші,
сервистік қызмет немесе соған ұқсас білікті қызметкерлер іске асыруға тиіс.
Қоректену бауы жəне шаңышқысы зақымдалған құрылғыны, құлағаннан кейін жəне басқа
зақымдарымен, қолданбаңыз, жығылудан кейін немесе басқа зақым келулермен.
Тексерту жəне жөндеу үшін жақын арадағы сервисті орталыққа жүгініңіз.
Қоректену бауы өткір жиектер мен ыстық үстілерге тимеуін қадағалаңыз.
Құралды электр жүйесінен сөндіргенде, шаңышқыданұстаңыз, бауынан тартпаңыз.
Құрылғы құрғақ тегіс үстіде тұрақты тұруы тиіс. Оны ыстық үстілерге, сонымен қатар
жылу көздеріңе жақын маңда жайғастырмаңыз (радиаторлардың, жылытқыштардың
жəне т.б.), перделердің жəне аспалы сөрелер астында қоймаңыз.
Қосылған құралды қараусыз қалдырмаңыз.
Дене, жүйке не болмаса ақыл-ой кемістігі бар, немесе осы құрылғыны қауіпсіз пайдалану
үшін тəжірибесі мен білімі жеткіліксіз адамдардың (соның ішінде балалардың) қауіпсіздігі
үшін жауап беретін адам қадағаламаса немесе аспапты пайдалану бойынша нұсқау
бермесе, олардың бұл аспапты қолдануына болмайды.
Балалар аспаппен ойнамауы үшін оларды үнемі қадағалап отыру керек.
Ыстық үстілерге тимеңіз.
Электр тоғының ұруына жəне құралдың сынуына тап болмау үшін, тек қана бересі
жинағына кіретін керек-жақтармен қолданыңыз.
Аспапты қатарынан 40 сағаттан артық пайдаланбаңыз. Кептіргішті 40 сағат бойы
пайдаланғаннан кейін аспапты желіден ажыратыңыз да, суығанша қоя тұрыңыз.
Аспаптың үстін жаппаңыз.
ЕСКЕРТУ: өрт шығуына жол бермес үшін аспапты тек қызбайтын беткі қабатқа қойыңыз.
Аспап сыртқы таймермен немесе қашықтан басқаратын бөлек жүйемен іске қосылуға
арналмаған.
Құрылғыны өз бетіңізше жөндеуге талпынбаңыз. Олқылықтар пайда болса жақын
арадағы сервис орталығына апарыңыз.
Егер бұйым біршама уақыт 0ºC-тан төмен температурада тұрса, іске қосар алдында оны
кем дегенде 2 сағат бөлме температурасында ұстау керек.
Өндіруші бұйымның қауіпсіздігіне, жұмыс өнімділігі мен жұмыс мүмкіндіктеріне түбегейлі
əсер етпейтін болмашы өзгерістерді оның құрылмасына қосымша ескертпестен енгізу
құқығын өзінде қалдырады.
Жасап шығарылған күні бұйымда жəне (немесе) қаптамада, сондай-ақ ілеспе
құжаттамада, XX.XXXX пішімінде көрсетілген, мұндағы алғашқы екі сан «XX» –жасап
шығарылған айы, келесі төрт сан «XXXX» –жасап шығарылған жылы.
ЖҰМЫСҚА ДАЙЫНДАУ
Бұйымды қораптан алыңыз.
Бірінші рет іске қосардан бұрын барлық сауыттары мен алмалы бөліктерін жылы суға
сабындап жуыңыз да, жақсылап шайып, құрғатып сүртіңіз.
Тұғырдың ішін дымқыл шүберекпен сүртіңіз.
ЖҰМЫСЫ
Кептіргіш көкөніс пен жеміс-жидектің ылғадны кетіру үшін, дəрілік шөптер мен
дəмдеуіштерді, сондай-ақ балық пен етті кептіру үшін қолданылады.
Кептіргішті орнықты көлбеу беткі қабатқа орнатыңыз.
Алдын ала дайындалған азық-түлікті алмалы науаларға бір қабаттап салыңыз.
Бөліктердің арасында ауаның еркін айналуына мүмкіндік беретіндей етіп орналастыру
керек. Əр бөлікке азық-түлікті шамадан тыс салмаңыз.
Алмалы бөліктерді тұғырға орнатыңыз.
Аспаптың қақпағын жабыңыз. Қақпақ аспаптың бүкіл жұмысы барысында жабулы тұруға
тиіс.
Аспапты электр желісіне жалғаңыз.
Қажетті температураны реттегіш тетіктің көмегімен орнатыңыз.