IM020
5 SC-HS60654
KZ ПАЙДАЛАНУ ЖӨНІНДЕГІ НҰСҚАУЛЫҚ
Құрметті сатып алушы! SCARLETT сауда таңбасының өнімін сатып алғаныңыз үшін және біздің компанияға
сенім артқаныңыз үшін Сізге алғыс айтамыз. Іске пайдалану нұсқаулығында суреттелген техникалық талаптар
орындалған жағдайда, SCARLETT компаниясы өзінің өнімдерінің жоғары сапасы мен сенімді жұмысына
кепілдік береді.
SCARLETT сауда таңбасының бұйымын тұрмыстық мұқтаждар шеңберінде пайдаланған және іске пайдалану
нұсқаулығында келтірілген пайдалану ережелерін ұстанған кезде, бұйымның қызмет мерзімі бұйым
тұтынушыға табыс етілген күннен бастап 2 (екі) жылды құрайды. Аталған шарттар орындалған жағдайда,
бұйымның қызмет мерзімі өндіруші көрсеткен мерзімнен айтарлықтай асуы мүмкін екеніне өндіруші
тұтынушылардың назарын аударады.
ҚАУІПСІЗДІК ШАРАЛАРЫ
Қолдану нұсқауын ықыласпен оқып шығыңыз және оны анықтамалық материал ретінде сақтаңыз.
Алғашқы қосудың алдында бұйымның техникалық сипаттамасының жапсырмадағы, электр жүйесінде
көрсетілген параметрлеріне сәйкестігін тексеріңіз.
Осы Пайдалану нұсқауына сәйкес тек қана тұрмыстық мақсаттарда қолданылады. Аспап өнеркәсіптік
қолдануға арналмаған.
Жайдан тыс қолданылмайды.
Жабдықты тазалаудың алдында не ол қолданылмаса әрқашан лектр жүйесінен сөндіріп тастаңыз.
Электр тоғының ұруына және жануға тап болмау үшін, құралды суға немесе басқа сұйықтықтарға батырмаңыз.
Егер бұл жағдай болса, бұйымды ҰСТАМАҢЫЗ, оны электр жүйесінен дереу сөндіріп тастаңыз және сервис
орталығына тексертіңіз.
Дене, жүйке не болмаса ақыл-ой кемістігі бар, немесе осы құрылғыны қауіпсіз пайдалану үшін тәжірибесі мен
білімі жеткіліксіз адамдардың (соның ішінде балалардың) қауіпсіздігі үшін жауап беретін адам қадағаламаса
немесе аспапты пайдалану бойынша нұсқау бермесе, олардың бұл аспапты қолдануына болмайды.
Балалар аспаппен ойнамауы үшін оларды үнемі қадағалап отыру керек.
Қуат бауы бүлінген жағдайда, қатерден аулақ болу үшін оны ауыстыруды өндіруші, сервистік қызмет немесе
соған ұқсас білікті қызметкерлер іске асыруға тиіс.
Құрылғыны ванна бөлмесінде пайдаланған кезде пайдаланудан кейін оны желіден ажырату қажет, себебі
судың жақын болуы, тіпті аспап ажыратулы тұрған кезде де қауіп тудырады.
Қосылған құралды қараусыз қалдырмаңыз.
Бересі жинаққа енгізілмеген керек-жарақтармен қолданбаңыз.
Құрылғыны өз бетіңізше жөндеуге талпынбаңыз. Олқылықтар пайда болса жақын арадағы сервис орталығына
апарыңыз.
Қоректену бауы зақымдалған аспапы қолданбаңыз.
Күйіктердің алу құтылуына жылытқыш элементтерге тимеңіздер.
Егер бұйым біршама уақыт 0ºC-тан төмен температурада тұрса, іске қосар алдында оны кем дегенде 2 сағат
бөлме температурасында ұстау керек.
Өндіруші бұйымның қауіпсіздігіне, жұмыс өнімділігі мен жұмыс мүмкіндіктеріне түбегейлі әсер етпейтін
болмашы өзгерістерді оның құрылмасына қосымша ескертпестен енгізу құқығын өзінде қалдырады.
ЕСКЕРТУ:
Абай болыңыз, жұмыс істеп тұрғанда аспап қатты қызып кетеді!
ЕСКЕРТУ! Аспапты жуынатын бөлмелерге, бассейндерге және ішінде суы бар басқа ыдыстарға жақын
жерде пайдалануға болмайды.
Жасап шығарылған күні бұйымда және (немесе) қаптамада, сондай-ақ ілеспе құжаттамада, XX.XXXX пішімінде
көрсетілген, мұндағы алғашқы екі сан «XX» – жасап шығарылған айы, келесі төрт сан «XXXX» – жасап
шығарылған жылы.
ҚОЛДАНУ ЖӨНІНДЕ КЕҢЕС
Шашты жатқызуға кіріспес бұрын шашты жуу қажет. Барынша жақсы нәтижеге жету үшін, шаш баптағыш
кондиционерді қолданғаннан кейін шашыңызды әбден шайыңыз. Шашыңызды сүлгімен құрғатыңыз.
Құрылғыны дымқыл шашқа пайдалануға тыйым салынады.
Аспапты пайдалануңға кірісерден бұрын шашқа шаш тарауды жеңілдетуге арналған құралды жағуға кеңес
береміз.
Бір тұлымды тым ұзақ уақыт сәндемеңіз.
Шашты сәндеп жатқызған кезде, шаштың барлық тұлымдарын біркелкі өңдеңіз.
ЖҰМЫСЫ
Аспап «ирек» толқындар жасауға арналған
Қуат сымын түгелдей жазыңыз.
Аспапты электр желісіне жалғаңыз.
Іске қосу түймесін басыңыз, сол кезде жарық индикаторы жанады.
Біраз уақыттан кейін құрылғы қызады және жұмысқа кірісуге болады
Жұмысты бастау үшін шашты жіңішке тұлымдарға бөліңіз де, бір тұлымды алып, оны пластиналардың арасына
салыңыз.
Тұлымды шаштың түбінен ұшына қарай өңдеңіз.
Шашты сәндеп жатқызғаннан кейін іске қосу түймесін тағы бір рет басыңыз.
Қажет болған жағдайда пластина бұғаттау түймесінің көмегімен пластиналарды бұғаттаңыз.
ТАЗАЛАУ ЖӘНЕ КҮТІМ
Тазалаудың алдында электр жүйесінен аспапты сөндіріп тастаңыз.
Қайрақты тазартушы заттарды қолданбаңыз.