Zte MF93D User manual

1
MF93D
Пайдаланушының нұсқаулығы
ZTE CORPORATION
Хай-Тек оңтүстік жолы, 55, Шэньчжэнь, Қытай Халық
Республикасы
Пошталық индекс: 518057

2 3
ЗАҢДЫ АҚПАРАТ
Copyright © 2013 Корпорация ZTE.
Барлық құқықтар қорғалған.
Бұл жарияланымның ешбір бөлігі ZTE Корпорациясының
алдын ала жазбаша рұқсатынсыз фотокөшіруді не
микрофильмдерді қоса, кез-келген түрде не кез-келген
электрондық не механикалық құралдармен дәйексөз
алына алмайды, жаңғыртылмайды, аударылмайды не
пайдаланылмайды.
Нұсқаулықты SRE Корпорациясы басып шығарды. Біз
өзімізге алдын ала хабарландырусыз қате басылған
сөздерді түзетуге не спецификацияны жаңартуға құқық
қалдырамыз.
№: R1.0 нұсқасы
Жарияланған күні:Ақпан2013 жыл
ЕСКЕРТУ:
Құрылғыны тұйық жайда пайдаланбаңыз. Осындай
жайдағы ұзақ жұмыс құрылғының қызуына және
қоршаған ортаның температурасының көтерілуіне себеп
болады, ол автоматты түрде сөндірілуіне әкеліп соғады.
Мұндай жағдайда қалыпты жұмыс істеу үшін құрылғыны
жақсы желденетін жайда салқындату керек.
Құрылғымен танысу
Сипаттамасы
Суретте сұлба тек үлгі ретінді берілген. Нақты өнімнің
айырмашылығы болу мүмкін.
1. Сыртқы антенна үшін ұяшық
2. Micro USB порты
3. OLED-экран
4. Қуаттандыруды сөндіру
5. (U)SIM карта үшін слот
6. RESET батырмасы/Карта үшін MicroSD слот
7. WPS батырмасы

45
ЕСКЕРТУЛЕР:
• MicroSD логотипі SD Card Association сауда белгісі
болып табылады.
• Қажеттілік болса түпнұсқалық сыртқы антеннаны
пайдаланыңыз.
Индикаторлар
Құрылғы қосылып тұрғанда, OLED экранында төменде
көрсетілген тиісті нұсқаулармен мынадай белгілер пайда
болу мүмкін:
Белгі Индикатор
Желі сигналының деңгейі.
2G/3G/4G
Желінің түрі. 2G, 3G, 4G белгілері OLED
экранында желілік қосылысқа сәйкес
пайда болады.
Интернетке автоматты түрде қосылу.
Интернетке қолмен қосылу.
Роуминг индикаторы.
Жаңа хабарлама келді.
Wi-Fi жағдайы және қосылған
пайдаланушылар саны.
Батарея қуатының индикаторы.
Қосу барысы
Түрлі Wi-Fi құрылғыларды (планшеттік ДК, смартфондар,
ойын приставки) Интернетке Wi-FI MF93D арқылы
қосылуға болады. Құрылғыны қосқанда, нұсқаулығында
көрсетілген нұсқауларды басшылыққа алыңыз.
Құрылғыны пайдаланудың түрлі тәсілдері бар:
1. Интернетке Wi-Fi арқылы бірнеше құрылғының
қатынауы
2. Интернетке USB-қосылу көмегімен бір құрылғының
қатынауы
3. Интернетке Wi-Fi арқылы бірнеше құрылғының
және USB-қосылу көмегімен бір құрылғының
қатынауы (бір уақыттта)

67
Құрылғыны орнату
1) SIM-картаны енгізіңіз.
МАҢЫЗДЫ:
Құрылғыңыз Micro/Nano немесе стандартқа сәйкес
келмейтін басқа SIM-карталармен жұмыс істемейді.
Құрылғы бұзылмау үшін, оларды пайдаланбаңыз.
ЕСКЕРТУ:Қақпағын дөрекі ашпаңыз, өйткені ол
құрылғымен байланысты.
2) MicroSD картасын MicroSD слотына енгізіңіз. Келесі
суретте слотқа орнатылуы көрсетілген. MicroSD
картасы орнына орналасқанда белгі естисіз.
3) MicroSD картаға арналған ұяшықтың қақпағын
жабыңыз.
Құрылғыға қосылу
Wi-Fi арқылы
1. Құрылғы тікелей қосылады. Ол сәйкестендіру үшін 1
~ 2 минут уақыт алады.
2. Қолжетімді сымсыз желілерді таңдау үшін
стандартты Wi-Fi қосымшасын пайдаланыңыз.
ЕСКЕРТУ:«ДК баптаулары» бөлімінде IP-адресті алу
үшін клиентке автоматты түрде сілтеме орнатыңыз,
содан кейін клиент "192.168.0.100" тәрізді IP-адресті
алады.
3. Құрылғыңыздың SSID алыңыз да «Қосылу»
батырмасын басыңыз. Келесі сурет тек үлгі ретінде
көрсетілген.

8 9
4. Құпия сөзді енгізіңіз және «Қосылу» батырмасын
басыңыз.
ЕСКЕРТУ:
• Wi-Fi арқылы қосылу үшін құпия сөз қажет болу
мүмкін, зауыттық баптаулардың құпия сөзін алу үшін
құрылғының затбелгісіне қараңыз.
• WPS батырмасын, SSID батырмасын басыңыз,
содан кейін OLED экранында Wi-Fi кілті көрінеді.
5. Клиент құрылғыға қосылғанға дейін күте тұрыңыз.
USB кәбіл арқылы
1. Құрылғыны қосу.
2. Құрылғыны қуаттандыру.
3. OЖ жаңа жабдықты іздейді және анықтап алады,
орнату автоматты түрде аяқталады.
ЕСКЕРТУ: Егер Windows операциялық жүйесі автоматты
түрде қосылмаса, онда сіз Мой компьютер > ZTEMO-
DEM қадамы бойынша орнату бағдарламасын іске қоса
аласыз.

10 11
4. Сәл күтіңіз, клиент құрылғыға қосылады.
Интернет желісіне қосылу.
4G режімі
Клиент құрылғыға сәтті қосылғаннан соң, сіз Интернетке
автоматты түрде немесе қолмен орнатып қатынау
аласыз. Зауыттық баптаулар бойынша автоматты режім
пайдаланады.
Режімі Операциялар
Aвтоматты
түрде
Құрылғы Интернетке автоматты түрде
қосылады, содан кейін клиенттер
Интернетке кіре алады.
Қолмен
Конфигурацияның веб-бетіне
кіріңіз де Баптаулар>Желінің
баптаулары>Қашықтан қатынау
баптаулары>Нұсқаулық таңдаңыз, содан
кейін Басты бет>Қосылу/сөндіру басыңыз.
ЕСКЕРТУ:
ЕГЕР сіз құрылғыңыздың нақты параметрлерін
өзгерткіңіз келсе, http://192.168.0.1 или http://m.home
адресі бойынша конфигурацияның веб-бетіне кіріңіз.
Зауыттық баптаулар бойынша admin құпия сөзі
орнатылған.
Интернеттің Wi-Fi режімі
1. Конфигурацияның веб-бетіне кіріңіз.
2. Баптаулар> Wi-Fi Интернет.
3. Интернеттің Wi-Fi қосылғышын және қажетті желіні
таңдаңыз, содан кейін «Қолдану» батырмасын
басыңыз.
ЕСКЕРТУ:
Сіз Wi-Fi интернетті белсендіріп Wi-Fi қосылғышын
таңдаңыз.
4. Құрылғыға WLAN қосыңыз.
Қосылудың екі тәсілі бар.
u Аталған SSID таңдаңыз, содан кейін «Қосылу»
басыңыз.

12 13
u «Қосу» батырмасын басыңыз, Wi-Fi аумағына WLAN
құрылғысының ақпаратын «Желіні қосуға» енгізіңіз,
«Қолдану» батырмасын басыңыз
5. Құрылғыңыз WLAN құрылғысына сәтті қосылғаннан
кейін, сіз Интернетке қатынау аласыз.
Компьютердің баптаулары.
Wi-Fi қосылыстың Интернет хаттамасының баптауларын
жүзеге асыру мақсатында Windows XP үшін келесі
қадамдарды орындаңыз:
1. Тінтуірдің оң батырмасын Желілік орта белгісіне
басыңыз және Сипаттарын таңдаңыз.
2. Тінтуірдің оң батырмасын Сымсыз желілік қосылуға
басыңыз және Сипаттар таңдаңыз.

14 15
3. Интернет хаттамасын (TCP / IP) таңдаңыз және
Сипаттар батырмасына басыңыз.
4. «IP-адресті алуды» автоматты түрде таңдаңыз
және DNS-сервердің адресін алу басыңыз да
баптауларды аяқтау үшін ОК батырмасын басыңыз.
Қауіпсіздік шаралары
• Егер кейбір электронды құралдар жеткілікті
қорғалмаса, онда олар көлік жүйелердің электронды
жүйелері тәрізді электр магниттік кедергілер әсеріне
ұшырайды. Пайдаланар алдында құрылғының
өндірушісімен кеңесіңіз.
• Операциялық құрылғы есту аппараттары,
крдиостимулятор тәрізді медициналық құралдарға
әсер етуі мүмкін. Ондай құралдар қосылып
тұрғанда, өтінеміз, солардан 20 сантиметр

16 17
қашықтықта ұстаңыз. Қажет болса, құрылғыны
сөндіріңіз. Пайдаланар алдында дәрігермен немесе
медициналық құралдың өндірушісімен кеңесіңіз.
• Құрылғыны пайдаланғанда шектеулерді сақтаңыз.
Маршрутизаторды жарылу қауіпі бар немесе
жарылу қауіпі бар өнімдер өңделетін мұнай өнімдер
қоймасы немесе химиялық фабрика сыңайлы қауіпті
ортада пайдаланбаңыз. Қажет болса, құрылғыны
сөндіріңіз.
• Электронды жіберу құрылғыларды ұшақтарда,
жанармай стацияларында және емханаларды
пайдалануға тыйым салынады. Барлық ескертетін
белгілерді орындаңыз және сақтаңыз, осындай
жағдайларда құрылғыны сөндіріңіз.
• Егер қажеттілік болмаса, антеннаның ішкі аумағына
қол тигізбеңіз. Кері жағдайда ол құрылғының
жұмысына әсер тигізеді.
• Құрылғыны кішкентай балалардың қолы жетпейтін
жерде сақтаңыз. Құрылғыны ойыншық ретінде
пайдаланса, онымен жарақаттану мүмкін.
• Құрылғы жұмыс істеп тұрғанда, күйіп қалмау үшін
металл бөлшектеріне қол тигізбеңіз.
Құрылғыны пайдалану
• Құрылғы тек жайдың ішінде ғана пайдалануға
арналған. Жайдан тыс жерде пайдаланбаңыз.
• Түпнұсқалық аксессуарларды пайдаланыңыз.
Кез келген басқа аксессуарларды пайдалану
құрылғыңыздың жұмысына әсер келтіреді және
телекоммуникациялық терминалдар туралы тиісті
ережелерді бұзады.
• Электрмагниттік толқындар шығаратын
металлқұрылғылардың немесе мекемелердің
жаңында не ішінде пайдаланбаңыз. Кері жағдайда
бұл сигнал қабылдауға әсер етеді.
• Осы құрылғы су өткізбейтін емес. Оны құрғақ
ұстаңыз және қараңғы, салқын жерде ұстаңыз.
• Құрылғыны температура күрт өзгерген кезде
пайдаланбаңыз. Мұндай жағдайда, құрылғының іші-
сыртында ылғал пайда болады, сол үшін оны құрғап
кеткенше пайдалануға болмайды.
• Құрылғыны ұқыпты пайдаланыңыз. Лақтырмаңыз,
майыстырмаңыз, кері жағдайда құрылғы бұзылады.
• Бөлшектемеңіз, тек кәсіби мамандар жөндеу
жұмыстарын жүргізе алады.

18 19
• Жұмыс температурасының диапазоны 0 °C ~ +35°C
дейін және ылғал 5% ~ 95% дейін болу керек.
Адаптер туралы
• Адаптер жабдықтың қасында және қолжетімді жерде
орнатылу керек.
• Үлгісі: ZTE MF93D
• Өндіруші: ZTE Corporation
• Аша адаптерді сөндіру құрылғысы ретінде
қарастырылады.
Аккумуляторды пайдалану
• Аккумулятордың қысқа тұйықталуына жолбермеңіз,
өйткені ол артық қызуына және өртенуіне әкеліп
соғуы мүмкін.
• Құрылғыны өте жоғару температурада сақтамаңыз
және отқа салмаңыз, жарылу қауіаі бар.
• Бөлшектемеңіз және қайта құрастырмаңыз.
• Ешқашан бұзық қуаттандыру құралдарын және
тозған немесе зақымдалған батареяларды
пайдаланбаңыз.
• Тозған батареяларды жеткізушіге қайтарыңыз
немесе тиісті жерге қойыңыз.
ЕСКЕРТУ:
Егер батарея жұмыс істемесе, онда оны өзінен ары
ұстау керек. Егер қолыңызға сұйықтығын тигізіп
қойсаңыз, теріңізді мол сумен жуып, қажеттілік болса
дәрігер көмегіне.
Шектелген кепілдік
Бұл кепілдік Өнімнің келесі себептерден болған
ақауларына не қателеріне қолданылмайды:
І. Табиғи тозудан.
ІІ. Ақырғы пайдаланушының ZТЕ орнатуға, жұмыс
істеуге не қызмет көрсетуге қатысты нұсқаулары
мен рәсімдерін бұзуынан.
ІІІ. Өнімді дұрыс ұстамаудан, салақтықтан не дұрыс
орнатпаудан, бөлшектемеуден, сақтамаудан,
қызмет көрсетпеуден не пайдаланбаудан.
IV. ZТЕ не ZТЕ сертификаттаған адамдар
жүргізбеген түрлендіруден не жөндеуден.
V. Қоректендірудің үзілуінен, өрттен, су
тасқынынан, апаттардан, үшінші тараптардың
әрекеттерінен не ZТЕ негізді бақылауынан тыс
басқа жағдайлардан.
Other manuals for MF93D
3
Table of contents
Languages:
Other Zte Network Router manuals

Zte
Zte WF820+ User manual

Zte
Zte ZXV10 W300 User manual

Zte
Zte ZXR10 3800-8 Installation instructions

Zte
Zte ZXR10 ZSR Technical specifications

Zte
Zte T3000 User manual

Zte
Zte ZXR10 8900 Series Installation manual

Zte
Zte ZXR10 ZSR Assembly instructions

Zte
Zte ZXR10 ZSR User manual

Zte
Zte ZXHN H268A User manual

Zte
Zte WF821 User manual































