8
Wi-Fi SSID және құпия сөзбен танысу
Бастапқы қалып бойынша Wi-Fi SSID және құпия
сөзді алу үшін төмендегі әдістерді пайдалануыңызға
болады.
• Құрылғының затбелгісін қараңыз.
• WPS батырмасын басыңыз. Wi-Fi SSID және құпия
сөзі экранда көрінеді.
Конфигурация бетінде 4G
мобильді қатынау нүктесін тіркеу
1. Құрылғы мен клиенттік құрылғының арасындағы
қосылу дұрыс екеніне көз жеткізіңіз.
2. Веб-шолушыны іске қосыңыз және адрестік
жолақта http://192.168.0.1 немесе http:/m.home
енгізіңіз.
ЕСКЕРТПЕ: IE (7.0 немесе соңғысы), Firefox
(15,0 немесе соңғысы), Opera (10,0 немесе соңғысы),
Safari (4.0 немесе соңғысы) немесе Google Chrome
(10,0 немесе соңғысы) нұсқасын пайдалануға кеңес
беріледі.
3. 4G мобильді қатынау нүктесінің конфигурациясының
бетіне кіру үшін құпия сөзді енгізіңіз.
ЕСКЕРТПЕ: бастапқы қалып бойынша құпия сөз -
admin.