
14
туралы нұсқаулықтар берілген болмаса,
аспап олардың пайдалануына арналмаған.
•Құрылды ойыншық ретінде пайдалануға жол
бермеу үшін балаларды жіті қадағалаңыз.
•Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз
ету мақсатында қаптама ретінде
пайдаланылатын полиэтилен қаптарды
қараусыз қалдырмаңыз.
Назар аударыңыз! Балаларға полиэтилен
қаптармен немесе қаптама үлдірмен ойнауға
рұқсат бермеңіз. Тұншығу қаупі!
•Жүйелі түрде желілік баудың ашасын
және желілік баудың бүлінген жерлерінің
жоқтығын тексеріп отырыңыз.
•Егер желілік ашада немесе желілік бауда
бұзылыстар болса, құрал кідіріспен жұмыс
істеген кезде, сондай-ақ құрал құлаған
жағдайда, құралды пайдалануға тыйым
салынады.
•Құралды өздігінен жөндеуге тыйым салынады.
Аспапты өз бетіңізбен бөлшектемеңіз, кез-
келген ақаулықтар пайда болған кезде,
сонымен қатар құрал құлағаннан кейін кез-
келген авторландырылған (уәкілетті) сервис
орталығына кепілдік талонында және
www.vitek.ru сайтында көрсетілген байланысу
мекен-жайлары бойынша хабарласыңыз.
•Бүлінулерге жол бермеу үшін құралды
зауыттық орамда тасымалдау керек.
•Аккумуляторлық батарея жағдайын қадаға-
лаңыз. Егер құрал ұзақ уақыт пайдаланылмаса,
шаңсорғыштан аккумуляторлық батареяны
шығарыңыз.
•Құралды құрғақ салқын, балалардың және
мүмкіндіктері шектеулі адамдардың қолы
жетпейтін жерде сақтаңыз.
ҚҰРАЛ ТҰРҒЫН ҮЙ-ЖАЙЛАРДА ТҰРМЫСТЫҚ
ПАЙДАЛАНУҒА АРНАЛҒАН, ҚҰРАЛДЫ
КОММЕРЦИЯЛЫҚ ПАЙДАЛАНУҒА ЖӘНЕ
ӨНДІРІСТІК АЙМАҚТАР МЕН ЖҰМЫС
ҮЙ-ЖАЙЛАРЫНДА ПАЙДАЛАНУҒА ТЫЙЫМ
САЛЫНАДЫ.
САҚТАНДЫРУ ШАРАЛАРЫ
•Егер тазарту барысында шаңсорғыштың
сору қуаттылығы кенет төмендесе,
шаңсорғышты дереу сөндіріп, ұзартқыш
түтіктің (5) бітеліп қалмағандығын тексеріңіз.
Қоқысты жойыңыз, және содан кейін ғана
жинау жұмыстарын жалғастыруға болады.
•Шаңсорғышпен тазалауды қатты
қызған беттерден тікелей жақындықта,
күлсалғыштар жанында немесе жеңіл
тұтанатын сұйықтықтар сақталатын
орындарда жүргізуге болмайды.
ШАҢСОРҒЫШТЫ ҚҰРАСТЫРУ
Құралды қысқы (суық) температурада
тасымалдағаннан немесе сақтағаннан
кейін, оны бөлмелік температурада
кемінде 3 сағат уақыт бойы ұстау керек.
•Аккумуляторлық батареяны (13)
орнататын жерге тірелгенге дейін орнату
керек. Аккумуляторлық батарея сенімді
бекітілгеніне (1-сурет) көз жеткізіңіз.
•Аккумуляторлық батареяны (13) шешу үшін
беікткіштерді (12) басып, аккумуляторлық
батареяны (13) шешіңіз (1-сурет).
•Шаңсорғышты/қуаттандырғышты сақтайтын
жерді аныптап, сол жерге қабырғалық
ұстағышты (19) бекітіңіз (2-сурет).
Аккумуляторлық батареяны қуаттандыру
Құралды бірінші рет қолданар алдында
немесе оны пайдаланудағы ұзақ үзілістен
кейін аккумуляторлық батареяны (13) 4-6 сағат
қуаттандыру керек.
Аккумуляторлық батареяны (13) толық
қуаттандыру шаңсорғыштың қуаттылықтың
максималдық дәрежесінде 20 минутқа және
қуаттылықтың төмен дәрежесінде шамамен
35-40 минутқа жетеді.
•Шаңсорғышты қуаттандыру үшін оны
қабырғалық ұстағышқа (19) орнатып, желілік
адаптерді электрлік розеткеге салыңыз, осы
жерде жұмыс істеу/қуаттандыру индикаторы
(3) жанады, аккумуляторлық батареяның
қуаттану дәрежесі индикатордың (3)
жарықтық сегменттерімен беріледі.
•Аккумуляторлық батареяның (13) қуаттандыру
циклы аяқталғаннан кейін индикатордың (3)
барлық сегменттері тұрақты жанатын болады.
Ескерту:
– Аккумуляторлық батареяны (13)
қуаттандыруды +5°C бастап +35°C дейінгі
температура кезінде жүргізу керек.
– Егер құралды бір ай бойы немесе одан ұзақ
пайдаланбасаңыз, шаңсорғышты қолданар
алдында аккумуляторлық батареяны (13)
толық қуаттандырыңыз.
Ұзартқыш түтікті және қондырмаларды
жалғау
•Шаңсорғыштың корпусына ұзартқыш түтікті
(5) бекіткіштің (4) шертілгені шыққанға
IM VT-8119.indd 14 04.04.2018 9:10:25