Ескертпе. Камераға 200 грамнан аз немесе 500 грамнан көлемде ұн салмаңыз.
4 Қолда бар ұнға сәйкес сұйықтықтың қажетті мөлшерін өлшеңіз. (17)
Ескертпе. Дұрыс арақатынасын жоғарыдағы кестеден немесе рецепттер кітабынан қараңыз.
Пастажасаубағдарламасынбастау
1 Ашаны қуат розеткасына қосыңыз. Құрылғы сигнал беріп, барлық индикаторлар бір рет жанып-
сөнеді. (18)
2 Құрылғыны қосу үшін, қосу/өшіру түймесін басыңыз. (19-сурет)
3 Автоматты түрде паста пісіру бағдарламасын іске қосу үшін Бастау/кідірту түймесін басыңыз.
(20-сурет)
Ескертпе. Құрылғы автоматты режимде болмаса, онда Бастау/кідірту түймесін басудың
алдында, Авто түймесін басыңыз.
4 Илеу басталғаннан кейін сұйықтықты қақпақтағы тесіктің бойымен ақырын құйыңыз. (21-сурет)
Ескертпе: Қамырды араластыру кезінде сұйықтықты құйғаннан кейін басқа ингредиенттерді
қоспаңыз. Әйтпесе, ол паста текстурасының нәтижесіне әсер етеді.
5 Паста жасау құралы араластырып болғаннан кейін, бір дыбыс сигналы естіледі де, бірнеше
секундтан кейін паста беріле бастайды. Қажетті ұзындықтағы пастаны кесу үшін паста пышағын
қолданыңыз. (22-сурет)
Ескертпе. Егер сұйықтық пен ұн қатынасы дұрыс емес болса, басу арқылы формалау сәтті
болмайды. Бұл жағдайда ингредиенттерді қайта дайындаңыз.
6 Паста піскеннен кейін, камерада қамырдың біраз мөлшері қалып қояды, сол кезде қамырды
қосымша беру үдерісін іске қосу үшін Қамыр беру ғана түймесін, содан соң Бастау/кідірту
түймесін басыңыз. (23-сурет)
Есте сақтаңыз
yҚосымша қамыр беру үдерісі 3 минут бойы жалғасады.
yПастаны пісіру уақыты жеке параметрлерге, паста пішіндеріне және үлес санына байланысты
өзгешеленеді.
Маңызды!
Рецепттер кітабында берілген паста рецепттерінің сәтті шығуын тексерілген. Эксперимент
жасау немесе басқа да ас пісіру рецепттерін пайдалану үшін ұнның және судың/жұмыртқалардың
арақатынасын түзету керек болады. Жаңа рецептті сәйкесінше түзетпесеңіз, паста жасау құралы
жақсы нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік бермейді.
Есте сақтаңыз
yПастаның сапасына кепілдік беру үшін, оны пісіру үшін глютен ұнын қолданыңыз.
Ингредиенттерді қосу үшін ұсынылған арақатынасты ұстаныңыз.
yМаусымдық өзгерістер мен түрлі аймақтардан алынған ингредиенттерді пайдалану ұн/су
қатынасына әсер етуі мүмкін. Ұсынылған арақатынастың негізінде түзетуге болады.
yЖұмыртқа пастасын немесе көкөністер пастасын жасау кезінде, қақпақтағы тесік арқылы
камераға құюдың алдында, жұмыртқа қоспасын немесе көкөністер шырынын сумен біркелкі
етіп шайқаңыз. Ингредиенттерді қосу кезінде, олар сұйық екеніне көз жеткізіңіз.
yПаста рецепттерінің қосымша нұсқаларын рецепттер кітабынан қараңыз.